https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Төрт халифа

02 May 2019 0 comment Оқылды: 1255 рет

Төрт халифа

“Алла асхабымды пайғамбарлардан өзге бүкіл адамдардан абзал етті. Асхабымның ішінен мына төрт кісіні: Әбу Бәкір, Омар, Осман және Әлиді қайырлы етті”. (Хадис)  Алланың Сүйікті Елшісі (с.а.у.) Раббысынан алған уахиларымен адамдық қасиеттерден жұрдай болған араб қоғамындағы адами құндылықтардың толығымен жоғалып кетуін тежеп, адамдардың өмірге деген көзқарасын тұтастай өзгертті. Ол өз қызметін толық орындап, бұл істі жалғастырар артында сахаба жамағатын тастап кетті. Ислам туын биікте желбірету жолындағы шайқаста жанын пида етуден тайынбаған сахабалар Алла пен Расулының (с.а.у.) ризашылығын дүниенің көз тартып, көңіл байлар алдамшы салтанатынан әрқашан да жоғары қойды. Алғашқы Ислам мемлекетінде Пайғамбарымыздан (с.а.у.) кейін билік басына келген төрт халифа әділдікті орнату, халықты жоқшылық пен азғындықтан құтқару, мейірімділік пен жанашырлық, халықты бір-бірінен бөле-жармай бәріне тең қарау секілді қасиеттері арқылы қайталанбас, біртуар басшылар ретінде адамзат тарихының абыройлы беттерінен ойып тұрып орын алды. Отыз жылдық бұл қысқа заман «Хулафа-у-р-Рашидин дәуірі» (әділетті, турашыл халифалар) делінеді. Осы уақыт аралығында мемлекет басқару ісінде Исламдық басқарудың ең тамаша үлгісі көрсетілді. Төрт халифа да ел билеген кезінде қарапайымдылық пен кішіпейілділікті паш етіп, жұрт сүйіспеншілігіне бөленді. Айталық, хазіреті Әбу Бәкір халифа болмай тұрып Синх аймағындағы халықтың қойларын сауып, оларға жәрдемдесетін. Ол халифа болып тағайындалған кезде көрші аймақтағы бір күңнің: “Әбу Бәкір бұдан кейін біздің қойларымызды саумайды”,- дегенін естіген Әбу Бәкір: “керісінше, өміріммен ант етейін, мен бұдан кейін де қойларыңызды сауамын. Мойныма алған бұл жауапкершілік мінез-құлқым мен әдеттерімді өзгерте қоймас”,- деп жауап берген. Ол қой саууды Мәдинаның орталығына көшкенге дейін алты ай бойы жалғастырған. Хазіреті Омар (р.а.) да саудамен айналысатын. Ол мемлекет басшысы болып тағайындалғаннан кейін халық қамына кірісіп, саудамен айналысуға уақыты қалмаған-ды. Сахабалардың ұйғаруымен оған өзіне және отбасына жетерліктей ғана айлық бекітілді. Омар  бұған қанағат етіп ризашылық көрсетті. Хазіреті Осман (р.а.) қызметкерлерге айлық таратқан кезінде, жағдайы нашарларға  өз байлығынан қосымша қаражат бөлетін. Онсыз да Хазіреті Осман (р.а.) жомарттығымен, садақа таратуымен және Алла жолында дүние бағыштауымен атағы шыққан кісі еді. Хазіреті Әлидің де жағдайы осы кейіптен тыс кетпеді. Осы орайда, сол шақта салтанат құрған әділдік пен теңдіктен бір шағын мысал келтіре кетпекпіз. Бір күні хазіреті Әлиге Жуда ибн Хубайра келіп: – Ей, мүминдердің басшысы! Кейде біреуі сені жанын-дай жақсы көретін, екіншісі саған жаны қас екі адам келіп сенің төрелігіңе жүгінеді. Сен екінші адамдікін – дұрыс, бірінші адамдікін – жаңылыс дейсің. Бұл қалай болғаны?– деп сұрағанда, оған  хазіреті Әли: – Бұл өте күрделі мәселе... Бұл іс маған ғана байланысты болса, өзімнің пайдама қарай шешер едім. Бірақ бұл Алланың әмір еткен әділдік жүйесі болғандықтан, оны бұзуға менің хақым жоқ,– деп жауап берген[1]. Халифалардың қара қылды қақ жарған турашылдығы Исламдық тәрбиеден, Аллаға деген сүйіспеншілік пен қорқыныштан туындаған еді. Олар Алла Тағаланың алдында өз жауапкершіліктерін терең сезініп, қандай да бір қате басқан қадамдары болса, қияметте оған жауап беретіндіктеріне сенетін. Олардың басқаруындағы халық та Ислам тәрбиесінде болғандықтан, басшыларына қалтқысыз бағынды.  Осылайша, алқаракөк аспаннан сәуле шашқан жұлдыздар шоғырындай боп тарихтың айқара бетіне өрнек салып, өшпес із қалдырған  бірқауым үмбет пайда болды[2].           

[1] Ибн Асакир, Канзуль-уммаль, 3/166. [2] М.Шакир; Дөрт Халифа, ауд. Ф. Айдын, Истанбул, 1994, 10-17.

fatua.kz

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз