Хұд соғысында киген сауытынан кім болғаны белгісіз бір кісі Пайғамбар(с.ғ.с)-дың алдынан шығып:
-«Уа, Алла Елшісі! Дереу соғысқа қатысып, одан кейін барып мұсылман болайын ба, немесе дереу мұсылман болып содан кейін соғысқа кірейін бе?»,-деп сұрайды.
Алла Елшісі(с.ғ.с):
«Алдымен мұсылман бол, содан кейін соғыс!»,- деп бұйырады.
Сауыт киген сол батыр толқыған көңілімен куәлік сөзін айтып, бірден соғысқа араласты. Көңілінде бүршік жарған таза иманнан қуат алған батыр табандылықпен шайқасады Ол ақыры шейіт болды. Оның шейіттік шербетін ішкенін көрген Пайғамбар(с.ғ.с)-ымыз күлімсіреді де, кәлимә шәһәдәт сұлтандығына жеткен бұл сахабасы туралы:
«Аз істеді, көп тапты!...»-деді.