https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ЛҰҚМАН АЙТҚАН НАСИХАТ

10 Aug 2017 0 comment Оқылды: 934 рет

Хазіреті Лұқманға замандастарының бірі былай деп өтініш жасапты: «Пайғамбарлардан үйренген ілімдеріңізді қортындылап, нәпсі тәрбиесі жайында бізге қысқаша бір сөз айтасыз ба?»

Хазіреті Лұқман: «Иә, Пайғамбарлардың ілімдерінен қорытындылап, екі дүниеде де пайдасы тиетін бір сөз айтайын. Өткендердің және кейінгілердің ілімдерін дұрыс түсініп, оларды пайдаға асыру үшін сегіз нәрсеге мән беру керек.

Олар:

1.Төрт уақытта төрт нәрсені қорғау,

2.Екі нәрсені ұмытпау,

3.Екі нәрсені мүлде ұмыту.

Қорғайтын нәрселер:

  1. Намазда көңілді
  2. Халық арасында тілді
  3. Жеп ішуде тамақты
  4. Біреудің үйіне барғанда көзді.

Ұмытпайтын екі нәрсе:

  1. Алланың ұлылығы мен
  2. Өлетін уақыт (Ақтык дем).

Ұмытатын екі нәрсе:

1.Өзіңнің біреуге істеген жақсылығыңды ұмыт,

2. Біреудің өзіңе істеген жамандығын ұмыт.

Адамдардың істеген жақсылықтарын ұмытпау, менменсіп кетуден сақтап, жақсылық істеуге кұлшынысты арттырады. Өзіне істелген жамандықты ұмытпау, кектену және өш алу сезімдерін оятады. Міне, осы айтқандарым Пайғамбарлардың ілімдерінен қортындылағандарым.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз