https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Сурақаның оқиғасы

17 Dec 2016 0 comment Оқылды: 978 рет

Пайғамбарымызды (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) таба алмай әптен әлекке түскен мушриктер оны тапқанға жүз түйе сыйақы тағайындады.

Ал бұл кезде үш күн үңгірде жасырынған Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) бен Әбу Бәкр (родиял-лаһу ғанһу) Ясрибке (Мадинаның көне атауы) қарай бет алған болатын.

Сурақа ибн Малик жүз түйе сыйақы жайында Қудайда деп аталатын жерде естіді.

Қудайда – Меккенің маңындағы жиын өткізетін орынның атауы.

Сурақа ибн Маликтің бойында қандай болғанда да іздеу салынғандарды өзгелерден бұрын табуға құштарлық пайда болды. Ол үндеместен орнынан тұрды. Бойын түзеп тұрғаны сол еді оның бір туысы үш адамды көргені жайында айтты. Сурақа оны ойынан жаңылыстыру үшін: «Ол жоғалған түйелерін іздеп жүрген бір үйдің балалары болса керек»,-деген еді, туысы онымен келісе салды.

Осыдан соң Сурака адамдардың арасында тағы біршама уақыт болды. Әңгіменің тақырыбы өзгерген еді үндемей кетіп қалды.

Сурақа үйіне барды да күңіне атын ерттеп, оны Меккенің тысына шығарып беруін, ал құлына ешкімге сездірместен қаруын алып шығуын бұйырды. Күң мен құл иелерінің бұйрығын бұлжытпастан орындады. Осыдан соң Сурақа қаруын асынып Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) соңына түсті.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз