Хасан Басриге (Оған Алланың рақымы болсын) біреу: «Сен тақуа болуыңа не нәрсе ықпал етеді?»,-деп сұрағанда Хасан Басри (Оған Алланың рақымы болсын) былай деп жауап береді: «Төрт нәрсе, олар:
1.Менің ризық-несібем тек өзіме бұйыратынын білгеннен кейін жүрегім орнықты.
2. Өзіме пайдалы ізгі амалды өзім істемесем менің орныма біреу істемейтінін білгеннен кейін, ізгі амалмен шұғылдандым.
3. Алла Тағала мені үнемі қадағалайтынын білгеннен кейін күнә істеуге ұялатын болдым.
4. Мені өлім күтіп тұрғанын білгеннен кейін Раббымен жүздесетін күнге әзірлік етумен әлекпін»,-деген екен.