https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ӨМІРДІ МӘН-МАҒЫНАСЫЗ БОС ӨТКІЗУ ТУРАСЫНДАҒЫ АЯТТАР.

02 Jan 2016 0 comment Оқылды: 1537 рет

 

Өмірлерін пайдасыз өткізген, нәпсілерін тыя алмаған, өздеріне ұзақ өмірдің берілгеніне қарамастан күпірліктен иманға қайта алмаған кәпірлерге Алла Тағала назар аударып, оларды құран аяттарымен ескертеді. Себебі Алла Тағала оларға ұзақ өмір, көп уақыт сыйлаған:

«Сендерге насихат алғысы келетін адамның өміріндей уақыт, насихат қабылдарлықтай өмір бермедім бе? Сендерге Пайғамбарлар да келіп еді ғой, енді (азаптың дәмін) татыңдар. Залымдарға әсте медеткер жоқ».1

Алла Тағала бұл аятында өмір берілгеннен кейін адам баласы ол жайында ой жүгірту керек екендігін, өмірін сеніммен әрлеу керектігін және «өмір»  деген Алланы еске түсіретін алаң екендігін баяндап тұр. Осымен қатар Пайғамбарлардың бар болуы және олар арқылы адамдардың ескерілетіндіктерін бір дәлел қылғанындай, адамның өмірін жігерлендіретін уақытта адамзат үшін бір дәлел».

Ибн Касир бұл аяттың тәпсірінде былай дейді:

-«Сендер бұл өмірді сүрмедіңдерме? Бұл дүниеде жүріп уақыт өткізбедіңдерме? Егер  ақиқатты көре алатын болсаңдар бүкіл өміріңізді пайдалы амалдарға арнайтын едіңіздер». Сонымен қатар Қатада былай деген:

-«Ұзақ өмір сүрудің өзі адамзат үшін бір дәлел. Ұзақ өмір берілгеніне қарамастан өміріңізді бос өткізіп Алланың азабына душар болудан Аллаға сыйынамыз».2      

Бухари Әбу Һурайрадан келген сахих хадисінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) былай дегенін риуаят етеді:

«Алла кімге алпыс жыл өмір беріп, ал ол адам өмірін бос өткізген болса Алла Тағала оның тәубесін қабыл етпейді.  Себебі Алла Тағала оған осыншама ұзақ өмір мен қатар үлкен мүмкіндік берген».3

Ахмад бин Ханбал да муснәдінда тағыда Әбу Хурайрадан риуаят етеді. Расулуллаһ (с.ғ.с.) былай дейді:

«Алла кімге алпыс жыл өмір берсе оның тәубесін қабыл етпейді».1 Яғни тәубесін жоққа шығарады, оған ешқандай ақтау болмайды. Себебі оған осындай ұзын өмір берумен қатар үлкен мүмкіндік берген болатын.

                                 

1                    Фатыр 35/37

2                    Ибн Касир 5/589-90.

3                    Рикак, бабу мән бәләә ситтинәә сәнәтән фақат әзәраллаһу иләйһи фил ғумр

4                    Ахмад бин Ханбал да муснәді 2/417

Абдүл-фаттаһ әбу Ғұдда        

Ислам ғалымдарының көз қарасы бойынша                                  

Уаққыттың қадірі-кітабынан үзінді

Түрік тілінен аударған – Тимур Нүсіпханұлы Алматы облысы «Дін салсындағы мәселелерді зерттеу орталығының»  бөлім бастығы, дінтанушы.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз