ҚАЙТЫП ҚИЯМ ОРАЗА!
Кайтып қиям, жүрегіме иман құйдың,
Күнə деп, жамандықтың бəрін тидың.
Өткен шақ, өтіп кетті сан соқтырып,
Сені танып, кеше ғана есім жидым.
Қайтып қиям, бəрін бердің бүгін маған,
Сəждеге идің, мойнымды бұрылмаған.
Қоштасуға қиялмай мұңға баттым,
Асықтырып барады уақыт зымыраған.
Қайтып қиям, жан дүниемді тазаладың,
Қан ойнап ақ жүзімде ажарландым
Уағыздар үміт беріп жақты шырақ.
Қиялмен Жаннат бағын базарладым.
Қайтып қиям, қанымда тасыды арман,
Жеңіліп қалған еді мына жалған.
Ертеңнің, ертесінде кім бар кім жоқ,
Күте аламба деп көңілім көпті болған.
Қайтып қиям, ораза қия алмаймын,
Сағынышқа берілмей жүре алмаймын.
Бір жыл тұрмақ, бір сағат қымбат маған,
Төзімім жетер-жетпес біле алмаймын.
Барасың қолдан шығып ораза айы,
Мұсылман қауымының бұл уайымы.
Сағынышпен қарсы алармыз келер жылы,
Сабырмен, ғұмыр берсе Жаратушы.
Қыймаймын, қоштасамын амалым жоқ,
Айла - шар тоқтататын қамалым жоқ.
Бүгін емес, ертең емес бүрсігүнге,
Жетсем болды, болар еді көңілім қош.
Сол күнге жету үшін тілек қылам,
Қол жайып, дұға жасап оқып құран.
Тахажут намазына күнде тұрып,
Күтемін көмек сұрап бір Алладан!!!
Күншайм Жатқанбаева.