https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Әз Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.)

18 Apr 2019 0 comment Оқылды: 1071 рет

Сағындықова Аяулым Еркінқызы Жамбыл обл. Т.Рысқұлов ауд. Қайыңды ауылы.

Әз Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.)

 

Кер заман ед ойнақшыған қылығы,

Тұмшалаған қараңғылық тұлыбы.

Жылтыраққа жеріп жүрген надандар,

Танымаған Алла деген Ұлыны.

Опасыздық орын алған кезеңде,

Адамдардың тозақ болды ғұмыры.

Қыз туылса намыс көрді әкелер,

Биік болмай қалатындай тұғыры.

Мейірімсіз әкелердің қолдары

Қалай жерге көмді екен тіріні?

Қара өлімге қимағанда қыздарын

Иығына төгілер ме ед бұрымы.

Осылайша өте берді уақыт та,

Ойсыздардың билік етіп зұлымы.

Соқыр болып өтіпті ғой ол кезең,

Айыра алмай қарақшы мен ұрыны.

Міне, осындай күнәһарлық тамыры,

Терең бойлап кетпесін деп бір күні.

Ретсіздікке тұсау болсын дегендей,

Берді Алла Мұхаммедтей (с.ғ.с.) үлгіні.

Әз Пайғамбар (с.ғ.с.) сабырымен әрдайым,

Тәнті етті мінезімен күлліні.

Ислам дінін жүректерге құйып ед,

Жарасып-ақ кетті елдің бірлігі.

Әуелеткен дін-исламның жыр-әнін,

Көпке үлгі бола білген ұланың.

Ол – Мұхаммед (с.ғ.с.) Ұлы Алланың елшісі,

Тағып өткен тектіліктің тұмарын.

Қиындықты көп көрсе де жасынан,

Күнәдан пәк ер Мұхаммед (с.ғ.с.) қыраным.

Қырық жасқа келгенінше кемері,

Білмеді Ол пайғамбар боп шығарын.

Мұхаммедтей (с.ғ.с.) асыл адам туылмас,

Көзін ашқан имандылық бұлағын.

Аманатқа еш қиянат қылмады,

Мекен етті адалдықтың тұрағын.

Аш қалса да қиналмастан пақырға,

Ұстатушы ед қолындағы бір нанын.

Мінезіне Жаратқан да тәнті боп,

Табыс етті қасиетті «Құранын».

«Лә иләһә Иллаллаһ» деп ұраным,

Қызыл тілді кәлимаға бұрамын.

Мұхаммедтей (с.ғ.с.) мінсіз мінез бере гөр,

Осы менің Жаратқаннан сұрарым.

Аллаға мадақ (діни өлеңдер жинағы) кітабынан алынды

 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз