https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Аллаһ десе

14 Apr 2019 0 comment Оқылды: 916 рет

Ынталандыру сыйлығының иегері

Қожахметов Айбол Қожахметұлы,

Алматы қаласы.

Аллаһ десе

 

Түрлі апат жер жаһанның өңірі,

Көбеюде пенделердің өлімі.

Ақ жолынан адаспаған ағайын,

Аллаһ десе ұзарады өмірі.

Дүмбілездеу бұл ғасырдың кезеңі,

Көңіл суық ар жұтаған кез еді.

Есін жиып елеңдеген еліміз,

Аллаһ десе жылылықты сезеді.

Жұлынғандай жан дүние өзегі,

Имандылық жақсылықтың көзі еді.

Қиыншылық қинағанда құл басты,

Аллаһ десе бәріне де төзеді.

Біз Құраннан ақиқатты таптық та,

Иман жиып барайықшы ақтыққа.

Адамзатым аласұрып аптықпа,

Аллаһ десе артық болмас сақтық та.

Ата дінің бар емес пе бұрыннан,

Құран-кәрім құтқарушы білім нәр.

Өкпек желдей бос өткізбей уақытты,

Аллаһ десе ақиқатын ұғынған.

Жамандықтан арылсыншы жұртымыз,

Тазалансын ішіміз бен сыртымыз.

Хақ тағала құдіретіне бас иіп,

Аллаһ десе аман болар ұлтымыз.

Шырылдайды шер нарықтың шілдері,

Шұбарланды халқымыздың тілдері.

Дін мен ділге тілімізге ден қойып,

Аллаһ десе жылжимыз біз ілгері.

Иман жина жүрегіңе уыс қып,

Бірлік болса тарқамайды ырыс-құт.

Бір-біріне бауыр болған мұсылман,

Аллаһ десе тарқамайды туыстық.

Алты алаш ар-ұятты кетірдің,

Мәңгүрттеніп, маңғазданып жетілдің.

Болдық біздер мұсылманға ұятты,

Аллаһ десе сатылмас ед жетімің.

Намыс қайда көкейіңді қамшылар,

Құрғаған рух жел үрлесе шаң шығар.

Қайран жұртым иман суға шөлдеген,

Аллаһ десе мөлдір сезім тамшылар.

Атса-дағы алауланып азат таң,

Күпірлілік кетпей жүр ғой қазақтан.

Бір ғана амал, бір ғана жол бар халқым,

Аллаһ десек құтыламыз тозақтан.

"Аллаға мадақ"  кітабынан алынды.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз