https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Исламға дейінгі араб мемлекеттері

12 May 2015 0 comment Оқылды: 4016 рет

Гассандықтар

Кахтан ұрпағы болып табылатын гассандық арабтар Джефне ибн Амир ибн Амирдің басшылығымен Йеменнен Тихамиге қоныс аударып, Хиджаз маңындағы Гассан суының бойына қоныстанған қауым болып табылады. Гассан бойына қоныстануына байланысты оларды “гассандықтар” деп немесе олардың билеушісі Джефнедің есіміне байланысты “алу джефне” деп аталған. Б.з. I ғасырдың шамамен 118 жылы аталмыш жерге қоныстанған гассаниттер кейінірек Шам маңындағы деджаймә руын ығыстырып Тихаме мен Сирия жерлерінде “Гассандықтар мемлекетін” құрған болатын.

Гассандықтар мемлекетінің ең алғашқы билеушісі Джефне ибн Амир, ол соңғы билеушісі болса, II рашидид халиф Омар ибн әл-Хаттабтың тұсында билік құрған Джебеле ибн Эйхем болып табылады. Белькадан Харранға дейінгі географиялық кеңістікте билік жүргізген Гассандықтар мемлекетінің 400 жыл бойы сүргендігі белгілі.

Хиралықтармен жиі соғысуға мәжбүр болған гассанды билеушілері Харис ибн Мағриядан бастап Бельканы астана деп білген. Хз. Мұхаммедтің (с.ғ.с.) тұсында гассандықтардың әміршісі Шурахбиль Ислам пайғамбарының дінге шақыру мақсатымен өзіне барған елшісін өлтірген болатын. Халид ибн Велид өз әскерімен шайқасқан Джебеленің қол астындағы гассандықтар армиясы шайқастан кейін толығымен мұсылмандықты қабылдаған-тын. Осылайша, гассандықтардың жері Ислам әлемінің құрамына кірген еді.

 Хиралықтар

Гассандықтар сияқты Йеменнен солтүстікке қоныс аударып, Хира қаласының айналасына қоныстанған бір қауым болып табылады. Көптеген су каналдары орналасқан Неджеф пен Евфрат өзені аралығындағы Хира қаласы егіншілікке қолайлы егіндіктерге бай және құрма ағаштары көптеп өсетін аумақта орналасқан.

Хиралықтар немесе лахмиліктер деп аталатын бұл қауым саяси және әкімшілік жағынан сасанидтерге тәуелді болған. Олардың тарихы туралы мәліметтер жеткілікті дәрежеде көп деп айтуға болады. Гассандықтардың Византиямен жүргізген қарым-қатынасынан да мықты қарым-қатынасты сасанидтермен жүргізген хиралықтар біздің бұл мәселеге назар аударуымызға үлкен мән берген.

Хира мемлекетінің қалыптасуы Тедмүр әйел билеушісі Зейнептің ұлы Вехб аль-Лад атынан билікті өз қолына алуымен басталған болатын. Хира мемлекетінің ең алғашқы билеушісі деп белгіленген Адидің ұлы Амирдің билеуші атануы б.з. 268 жылына сәйкес келеді. Хира билеушілерінің ішінде ең әйгілілер: II Имруль-Кайс (билік құрған жылдары: б.з. 382-403) пен оның ұлы Нумануль-Авер (билік құрған жылдары: 403-431).

Византиялықтармен және ирандықтармен ұзақ уақыт бойы соғысқан хиралықтар Ирак жерлерінде қоныстанған және өздерінің туыстары болып табылатын арабтармен де соғыс жүргізген болатын. Ирандықтардың тарапынан тарих сахнасында өздерінің орнынан айырылып қалған. Алайда, олардың бір бөлігі болып табылатын лахм мен джүзам атты рулар “араб руларының бірлестігі” түрінде болмыстарын Исламның пайда болуынан кейінгі кезеңдерде де сақтап қалған еді. Хира билеушілері әулетінің соңғы өкілі Мүнзирдің билігі Халид ибн Велидтің Ирак жерлеріне қарсы бағытталған жаулау әрекеттерінің кезеңіне дейін жалғасқан. Мүнзир 632 немесе 633 жылғы Джуваса шайқасы барысында қаза тапқан. Халид ибн Велидтің Месопотамияны жаулау жорығы барысында, Хира қаласының соғыспастан қақпаларын дұшпандарына ашуының нәтижесінде, Хира мемлекеті мен халқының тарихы аяқталғандығы белгілі.

 Киндалықтар

Араб тарихшыларының үлкен бөлігінің айтуы бойынша кахтанидтерден тараған деген пікірдің қалыптасқандығына қарамастан киндалықтардың шығу тегі туралы қарама-қайшы пікірлерде орын алды. Киндалықтар Неджд өңірінде өмір сүрген. Киндаға Йемен маңында орналасқан аль-Мусаккар деп талатын жерден қоныс аударған. Кинда жерінде қоныстанған аднанидтермен қарым-қатынас жүргізген.

Кинда мемлекетінің негізін Худжр ибн Амир қалаған. Муавияның ұлы Муртаны Кинда мемлекетінің негізін қалаушы ретінде қабылдайтындар да баршылық. Химерліктердің қолдауымен Кинда мемлекетін құрған Худжр Неджд пен Ирак арабтарын өзіне бағындырған болатын. Худжрдың орнына аль-Максур деген лақаб атымен әйгілі баласы Амир келген. Ал оның орнын баласы Харис басқан.

Иран билеушісі Кубад, Мүнзирді маздакизм дінін қабылдамағандығы үшін түрмеге қаматтырған болатын. Ол Мүнзирдің орнына Хира тағына Харисті отырғызды. Харис маздакизмді қабылдап, Бану Лахм-Хира мемлекетінің тағына отырды. Харис бүкіл дүние-мүлкін төрт ұлының арасында бөліске салып, араларында таққа немесе дүние-мүлікке таласу жағдайларының туындауының алдын алмақ болса да, кейіндері Хира тағына қайта келген Мүнзир оның балаларын бір-біріне қарсы айдап салып, Кинда мемлекетін әлсірету саясатын жүзеге асырған болатын. Нәтижеде, киндалықтардың ішіндегі эсед ұлдары мен бану гатафандардың билігін өзіне қаратқан. Худжр ибн Харис эсед ұлдарың салық төлемегендігіне байланысты оларды жеңіп, жазалаған болатын. Алайда, эсед ұлдары ақын Убейд ибн Эбрастың ақындық өнерінің арқасында аман-есен қалған.

Көп кешікпей қайта ұйымдасқан эсед ұлдары киндалықтарға күйрете соққы беріп, жеңіліске ұшыраған. Худжр ибн Харисті өлім жазасына қиған болатын. Бұл тұста киндалықтардың тағына әйгілі ақын Муаллакатың ұлы Имруль-Кайс отырды. Византиялықтардың сый ретінде ұсынған киімін қабылдаған ол киімнің ішкі жағына у себілгендігін білместен, киімді киіп, науқастанып қайтыс болған. Киндалықтар Хз. Омардың тұсында Ислам мемлекетіне қосылған.

 Майындықтар

Солтүстік Арабстанда өмір сүрген жоғарыда аты аталған мемлекеттердің кезеңінде Оңтүстік Арабстанда да мемлекеттер орын алған болатын. Олар арибә арабтарынан тұратын мемлекеттер болып табылды. Түрлі атаулармен аталған ол мемлекеттердің қатарындағы біреуі Майын мемлекеті деп аталады. Бұл мемлекет Бағидә арабтарынан кейінгі кезеңде өз билігін орнатқан. Майын мемлекетінің өмір сүргендігі туралы 1869 жылы шығыстанушы Халеви-Халифидің тапқан Сан қаласының орны анық дәлел болып табылды. Табылған жазба ескерткіштері бойынша майындықтардың 26 билеушісі белгілі. Ол билеушілердің есімдері бірдей болғанымен, лақаб аттары түрлі болып келгендіктен байқаймыз. Майындықтар Петрамен қарым-қатынас құрғандығы анықталды. Вағдуль-Кура, Элула, Сафа мен Хауран сияқты жерлерде өз үстемдіктерін құрған Майын мемлекетінің орнын б.з.д. IX ғасыр немесе X ғасырларда Саба мемлекеті басқан.

 Сабалықтар

Саба мемлекеті Йашджубтың ұлы Абдулшамстың (Сабаның) тарапынан құрылды. Табари мен Масуди сыды тарихшылар Саба мемлекетінің 484 жылға дейін үстемдік құрып, ақырында билігін химеридтерге тапсырғандығы туралы мәліметтер қалдырған. Соңғы кезеңдерде жасалған зерттеу жұмыстарына негізделетін болсақ, Химер мемлекетінің құрылуы мен Саба мемлекетінің жойылуы б.з.д. IX немесе X ғасырларда болғандығын аңғарамыз. Орталығы Мариб қаласы болған Саба мемлекетінің Құранда аты аталғандығын еске алатын болсақ, ең әуелі есімізге Сүлеймен пайғамбар мен Саба мемлекетінің әйел билеушісі Белькис түседі.

 Химиарилер

Сабалықтардың бір тармағы болып табылатын химеридтер Абдушамстың ұлы Химиардің арқасында Оңтүстік Арабстанда ұзақ уақыт бойы үстемдік танытқан Химер мемлекетін құрған болатын. Бұған қоса, бастапқы кезеңдерде тек “Саба мәліктері” деп аталған сабалық билеушілер кейінгі кезеңдерде “зу рэйдан” деген атақты иемденулеріне байланысты Саба мемлекетінің билік шылбыры да химеридтердің қол астына өткендігін білеміз. Бұл мәселе арқылы химеридтер “рэйдан” атанса, өз шенеуніктерін “зу рэйдан” деп атағандықтары белгілі болып отыр. Саффардың қаласы болып табылатын Рэйдан химеридтердің астанасы болған-тын.

Батыс тарихшыларының айтуы бойынша Химиар мемлекеті б.з.д. 115 жылы құрылып, Саба мемлекетінің орнын басқан. 525 жылы эфиопиялықтардың шапқыншылығына ұшырап, 650 жылға дейін болмысын қорғап келген мемлекет құлаған.

Химиарилер жаулау саясатына, экономика мен сауда-саттықтың дамуына үлкен мән берген болатын. Йахудилермен бірлесіп, христиандармен көп шайқасқан. 515 жылдары химеридтердің билеушісі Зу Нувас христиандықты жою саясатына кірісіп, христиандарға “христиандықты таңдасаңдар отқа жанасыңдар, иудаизмді таңдасаңдар тірі қаласыңдар” деген шарт қоюға дейін барған. Осындай саясаттың салдарынан Эфиопия христиандары мен Эррияд есімді қолбасшының әскері химеридтерді жеңіске ұшыратқан. Зу Нувас атымен теңізге кіріп, батып өлуімен Химиар мемлекеті жойылды.

Қайрат Құрманбаев

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз