https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

ҚАҒБАНЫҢ ҚАЙТА ТҰРҒЫЗЫЛУЫ

09 Jun 2021 0 comment Оқылды: 1125 рет

 

 Пайғамбардың (с.а.с.) жасы отыз беске жеткенде Қағбаның қабырғаларын таудан аққан сел шайып кетіп, араб тайпалары оны қайта тұрғызады. Сол кезде тайпа көсемдері Қағбадағы қасиетті қара тасты орнына қою үшін таласып қалады. Себебі мұндай биік мәртебеге бәрінің де ие болғысы келетін. Ақыры олар бұл таласқа Қағбаға бірінші келген кісі үкім айтсын деген тоқтамға келеді. Сол кезде Алланың қалауымен қасиетті ғибадат орнына болашақ пайғамбар – Мұхаммед (с.а.с.) кіріп келеді. Оны көріп жиылған жұрт: «Аллаһу әкбар! Шынында, дәл одан асқан шыншыл әрі сенімді адам жоқ», – деп Алланың бұл ісіне қайран қалысады.  Болашақ Пайғамбар (с.а.с.) ортаға бір киімді жайып, оның үстіне қасиетті қара тасты қойып, әр тайпаның өкілдерінің оның бұрыштарынан бірлесіп көтеруін ұсынады. Орнына жеткен кезде қасиетті тасты Пайғамбар (с.а.с.) өз қолымен орналастырады. Араб көсемдері бұл тапқырлыққа разы болысады.  

Источник: http://fatua.kz/kz/post/view?id=586

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз