https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Ақаба серттері

11 Jan 2019 0 comment Оқылды: 754 рет

АЛҒАШҚЫ АҚАБА СЕРТІ  Қажылық маусымында иман келтірген ясрибтік мұсылмандар келесі жылы Пайғамбармен (с.а.с.) кездесу үшін Ақаба атты жерге келеді. Олар Ясриб қаласын мекендейтін Аус және Хазрадж тайпаларынан шыққан он екі ер кісі еді. Ясрибтік мұсылмандар осы жолы Пайғамбардың (с.а.с.) алдында оған көмек көрсетіп, дағуатты қорғауға серт береді. Пайғамбар (с.а.с.) Ясриб қаласындағы иман келтіргендерге Құран үйретіп, адамдарды дінге тарту үшін олармен бірге сахабалары Абдулла ибн Умм Мәктүм мен Мұсғаб ибн Ғұмайырды қосып жібереді.

ЕКІНШІ АҚАБА СЕРТІ  Арада жыл өткен соң Пайғамбардың (с.а.с.) алдында серт беру үшін сахабасы Мұсғаб Ясрибтен дінді қабыл алған жетпіс үш ер мен екі әйелді ертіп келеді. Осылайша Мұсғаб ибн Ғұмайыр Ясриб тұрғындарына Ислам дінін жеткізіп, онда мұсылман қоғамының ең алғашқы іргетасын қалайды. Дінннің дамуына қолайлы жағдай туғызуға, бейбіт орта қалыптастыруға барынша күш салады.

fatua.kz

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз