https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Пайғамбарлар бойындағы бес қасиет

02 Jan 2018 0 comment Оқылды: 1339 рет

Ислам дінінің шарттарының бірі барлық пайғамбарларға бірауыздан иман келтіру болып табылады. «Пайғамбар» сөзінің лексикалық мағынасы «хабар әкелуші» дегенді білдіреді. Дінімізде пайғамбар деп адал әрі Алланың дінін құлдарына жеткізуші болып таңдалған адамды атайды. Олардың адамзатқа Алла тарапынан жіберілгеніне бойларындағы қасиетттері мен кереметтері дәлел бола алады.

Мұғжиза: мұғжиза – кез келген қарапайым адамның қолынан келе бермейтін тылсым дүние. Пайғамбарлар мұғжизаны Алланың қалауымен іске асырады әрі өздеріне жүктелген пайғамбарлық міндеттің ақиқаттығын дәлелдейді.
Керемет: Кереметті Алланың қалауымен әулиелер жүзеге асырады. Керемет қандай да әулие соңынан ерген пайғамбардың мұғжизасы болып табылады. Егер ол жалған пайғамбар болатын болса, онда оның соңынан еруші әулиенің қолынан ешқандай кереметтер келмейді.  
Истидраж: бұл тылсым қабілет өзін пайғамбармын деп жарияламайтын, қатардағы қарапайым адамның бойынан табыла алады. Бұл тылсым қабілет ол адамның кереметтігін көрсетпейді, тіпті ол мұғжиза деңгейіне жетпейді не болмаса керемет болып та саналмайды.

Алайда өзін Алланың елшісімін деп жалған сөйлеген адам ешқандай мұғжиза, керемет, не бір тылсымнан жеткен қабілетін көрсете алмайды.

Жаратушы Хақ Тағаланың алғашқы пайғамбары Адам (оған Алланың сәлемі болсын) болса, соңғы пайғамбары – Мұхаммед ﷺ. Сол себептен де ардақты пайғамбарымызды (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Хатамул-Әнбийә» деп атайды, яғни «Пайғамбарлар мөрі» деген мағына береді. Бұл екі пайғамбар арасында көптеген пайғабарлар келген, алайда олардың саны нақты қанша болғанын Алла Тағаладан өзге ешкім білмейді. Дей тұрғанмен, қасиетті Құран кәрімде жиырма бес пайғамбардың есімдері аталаған. Олар:

Адам, Ыдырыс, Нұх, Һуд, Салих, Ибраһим, Исхақ, Яқұб, Юсуф, Әюб, Шуғайб, Мұса, Харун, Дәуіт, Сүлеймен, ілияс, Зулкифл, Юнус, Зәкәрия, Яхия, Иса және Мұхаммед.

Аты аталған пайғамбарлардан өзге Құранда Узәйр, Лұқман және Зулқарнайн атты адамдардың есімдері аталады. Алайда бұл кісілердің пайғамбар не болмаса ізгі әулие кісілер болғаны жөнінде ғалымдар арасында әртүрлі көзқарас бар.

Әрбір пайғамбардың өмір жолы кемелділіктің, тура жолға беріктік пен ұлылықтың жарқын мысалы болып табылады. Бұл пайғамбарлардың бойынан әсіресе шыншылдық, аманатқа беріктік, даналық, күнәдан пәктік және Алланың дініне шақырудағы әрі уахидың келуіндегі нақтылық секілді қасиеттерді бірдей таба аламыз.

Сонымен пайғамбарлар:
Шыншыл. Олар кез келген мәселеде ақиқатты ұстанады. Ешбір пайғамбар жалған сөйлеген емес.
Сенімді. Пайғамбарлық міндетіне қатысты болсын, не болмаса тұрмыстық мәселеге қатысты болсын, кез келген мәселеде олар сенімді болған. Ешбір пайғамбар зұлымдыққа баспаған.
Терең ақыл иесі. Олар терең ақыл иесі бола отырып, шиеленіскен мәселеде дұрыс шешім қабылдайтын. Бойкүйездік, қызбалық немесе қабілетсіздік оларға тән қасиеттер емес.  
Күнәға баспаған. Пайғамбарлардың тақуалықтары жоғары деңгейде еді. Ашық я болмаса жасырын күнә жасаудан қорғалған, бейәдеп әрі опасыздық секілді кез келген күнәлі істерден алшақталған жандар болған.

Қызметінде адал болған. Олар өздеріне міндеттелген шариғатты қалай келген болса, дәл сол қалпында қауымына айнытпай жеткізіп отырған. Қайсібірі қандай да бір шариғат заңын ұмыт қалдырып я болмаса жасырып қалды деуге болмайды. Бұл құдайылық даналық пен қалауға қарсы келу болып табылады.

Аталған барлық пайғамбарлар жоғарыда келтірілген бес қасиетке ие болған. Бойынан осы қасиеттер табылмаған жан, адамзатқа жол көрсетуші әрі қараңғылық тұманын серпуші бола алмайтынын білеміз. Ал, біздің міндетіміз болса пайғамбарларды танып, оларға иман келтіру.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз