https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

«Сол кірпіш Мен боламын!»

12 May 2016 0 comment Оқылды: 1775 рет

Қазақ – сонау көнеден бастау алатын тарихы бай халық. Оның сол көнеден бүгінге дейін жеткен сан-салалы мәдениеті, әдебиеті, тілі, тарихы, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі қалыптасқан. Қазақ жеріне Исламның келгеніне он екі ғасырдан асқандығын, халқымыздың мың жылдың үстінде ислам дінімен өмір сүргендігін ескерсек, халықтың бойына сіңген, өмірінен орын алған әдет-ғұрып пен дәстүрімізге ерекше мән берілу қажеттілігі айқындалады. Себебі, дәстүр халықтың күнделікті тыныс-тіршілігі мен танымының іс-жүзінде қалыптасқан көрінісі.

Пайғамбарымыз Мұхаммед(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінен бұрынғы пайғамбарлар мен өзінің арасындағы байланысты былай баяндайды. «Менімен менен бұрынғы пайғамбарлардың мысалы – үй тұрғызған бір кісі сияқты. Әдемі көркем етіп салады, тек бір бұрышында бір кірпіштің орыны бос қалады. Халық ол үйді айналып көріп ұнатып: «Әттең мына бір кірпіші қойылса ғой» дейді. Сол кірпіш Мен боламын», -деген екен. Көріп отырғанымыздай пайғамбарымыз «Үйді бұзып қайта тұрғызушымын деген жоқ, толықтырушымын, аяқтаушымын» - деген. Дініміз жақсылық жолды қиратушы емес, керісінше толықтырушы екендігін көрсетеді.

Біздің бұдан алар үлгіміз: Егер Құран мен Сүннет жолын өмірімізге енгіземіз десек, Құран мен Сүннетке қызмет жасаған ғұлама бабаларымыздың мұрагері, Құран мен сүннет арқылы өмірін өрнектеген дана халықтың ұрпағы ретінде солардан қалған сара жол, даңғыл дәстүрді жаңғырта отырып кемелдендіруіміз керек. Әйтпесе, дәстүрді мансұқтау дегеніміз, дайын үйді бұзып далада қалумен тең.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз