https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Періштелер үйімізде де жүре ме?

26 Aug 2015 0 comment Оқылды: 1365 рет

Періштелер – нұрдан жаратылған, салмағы мен пішіні болмайды. Олар тыныш- тық пен махаббат орнаған отбасылардың тұрақты қонағы.    Періштелерге сену – иманның бір тірегі болып табылады. Олар туралы біз не білеміз?

       Алла тағала ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) арқылы Жәбірейіл (ғ.с.), Микаил (ғ.с.), Исрафил (ғ.с.) мен Әзірейіл (ғ.с.) деген үлкен төрт періштелерден бөлек, басқа да мыңдаған періштелер бар екенін жеткізген.

       Әр адамда екі періште болады. Бірі ізгі амалдарымызды жазып отырса, екіншісі күнәларымызды жазады. Осы жазылғандар негізінде Жаратушымыз қиямет күні үкім шығарады. (Анығын Алла біледі).

       Бізді бақылап жүретін басқа да періштелер бар. Мысалы, бала жатырда жатқан- да баланың жынысын, тағдыры мен өлім уақытын жазады. Алланың әмірімен олар бізді бақылап, қорғайды. Олар үнемі бізбен бірге: тыныштықта, намаз оқығанда, жақсы істер істегенде...

       Жел мен бұлттарды да қадағалап, оларды қажетті жақтарға бағыттайды. Тіпті, әрбір жаңбырдың тамшысы періштелердің қадағалауымен жауады. Олар алапат күшке ие. Бірақ барлық іс-әрекеттерін Алланың бұйрығымен ғана орындайды.

        Алланың аты аталған жерге жиналатын періштелер бар, ол адамдарға Алла өзі- нің мейірімін төгіп, береке береді. Зікірлеріміз бен салауаттарымызды жеткізушілер де солар.

       Қайда жүрсек те, жұмыста, үйде, алыс сапарға шықсақ та серігіміз болады. Ұйықтап жатқанымызда ұйқымызды қориды. Алайда біз оларды көре алмаймыз. Үйімізге періштелердің көп келіп, бізді қорғап жүрулері үшін не істеуіміз керек?

     Алланың бұл керемет жаратылыстары махаббат, сыйластық, мейірімділік пен тазалық бар үйде өмір сүреді. Бірақ, ұрыс-керіс, ашу, қаталдық пен мейірімсіздік орнаған үйде тұрақтамайды. Өзімен бірге береке мен несібені алып кетеді. Мұндай үй рухани артта қалып, тұрғындары бақытсыз болады.

       Үйден шығып бара жатып біз үйдің әр бұрышын мұқият тексереміз. Сол кезде періштелердің де үйімізде қалатынын есте сақтайтын болсақ, барар жерімізге алаңсыз, үйді уайымдамай барып келеміз. Яғни,үйімізді Алланың қорғауында қалдырамыз.

       Үйге кірерде Алланың атын атап, үйдегі періштелермен сәлемдескен дұрыс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) солай істеген, тіпті адамдар тұрмайтын бос үйге кіргенде де, себебі онда періштелер өмір сүреді.

       Періштелермен бірге өмір сүру – отбасының жылулығын сақтап, берекеде, бірлікте, бақытты өмір сүру, шынайы дұғалармен иманды күшейтіп, Аллаға шүкіршілік ету деген сөз.

   Жалғыз қалғанымызда да жанымызда ең керемет жаратылыс – періштелердің бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Біз әрдайым бүкіл әлемнің Раббысы – Алла мен періштелердің назарындамыз…

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз