Кез келген халықтың дәстүрінің негізінде оның нанымы мен сенімі жатыр. Ал наным мен сенім ол ақиқаттан бастау алатыны белгілі. Ол біздің қасиетті ислам дініміз. Ал ислам діні әр елдің дәстүріне, тіліне, салтына әрқашанда жол ашып келе жатқан дін. Әр халықтың шығу тегі, болмыс бітімі, тілі мен діні салт дәстүр болады. Мұның бәрі ғасырдан ғасырға жалғасып келеді. Қазақ ұлты да тақырдан емес құнарлы топырақтан жаралып, талайды тамсандырып, талайды таңдай қақтырар небір құндылықтарымен кешеден бүгінге жеткен. Жалпы ұлтымызда жақсы дәстүр көп. Құда түсу, қыз айттыру, үлкенді силау, өлгенді жамандамау, қонақ күту, айта берсе аз емес. Қазақ қонақжай, жомарт халық. Қазекеңнің кең пейілі, жаймашуақ, жомарттық қасиеттері қанында бар секілді. Өзім деген кісіге өзегін суырып, жаяу қонаққа астындағы жалғыз атын түсіп беретін дархандығы қандай мақтауға болсын лайық. Халық бойындағы осы қасиеттердің барлығы ислам дінімен ұштасып тұратыны, әрі негізі де исламнан бастау алатынын біріміз білсек, біріміз білмей жатамыз. Біздің ежелден келе жатқан дәстүрлеріміздің басым көпшілігі исламмен тікелей байланысты. Олай дейтініміз бүгінгі нәрестенің туылған күнінен бастап, о дүниеге шығарып салғанға дейінгі біздің салт-дәстүріміз дінмен ұштасып жатқанын көреміз. Үйткені дін дегеніміз адамның нанымы, адамның илануы. Сондықтан дәстүрді дінмен жалғастыру пайдасын бермесе зияны жоқ. Қазақ халқы ешкімге ұқсамайтын мәдениет пен әдебиетті мұра еткен ел. Сол ата-бабаларымыздың дәстүрі мен салтын, діні мен сенімін ұрпақ жүрегіне дарытқанын сезіне өмір сүру бабалар рухы алдындағы қасиетті борышымыз. Бұны түсіну мен мойындау ер жету мен саналы өмір сүрудің басты белгісі. Халықтың салт дәстүрі, әдет ғұрпы жер атауларында және оның тыныс тіршілігі мен танымында тайға таңба басқандай анық көрініс тапқан. Тарихи жәдігерлер мен қазақтың қараша үйінің жасаулары тіпті киім үлгілері ұлттық дүние танымынан бабаларымыздың имани өмір сүру дағдыларынан сыр шертеді. Олай болса дәстүрімізді қорғайтын дініміз екенін, дәстүр мен діннің өзегі бір екенін ешқашан ұмытпайық.
СОҢҒЫ ВИДЕО АҚПАРАТТАР
Талдықорған
Алматы облысы
Таң
05:29
Күн
06:53
Бесін
11:36
Екінті
14:30
Шам
16:13
Құптан
17:37
24
қараша 2024
жексенбі
22 Жумәдә әл-Улә 1446
Жергілікті уақыт
UTC/GMT +05:00
ЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
-
Ел болашағын жарық етер жоба
-
«БАБАЛАР ІЗІМЕН: ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
-
ДІНИ БАСҚАРМА ЖАНЫНАН ҚҰРАН СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
-
ТҮРКІТІЛДЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ОНЛАЙН ЖИЫНЫ ӨТТІ
-
ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛГЕН САЙЫС ӨТТІ
-
БАС МҮФТИ «ИСЛАМ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҒЫ» ІС-ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ
-
ШАРАПАТЫ МОЛ ШАҒБАН АЙЫ МҮБӘРАК БОЛСЫН!