https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Ақыреттегі өмірдің кезеңдері

02 Aug 2015 0 comment Оқылды: 1748 рет

Адам қайтыс болғаннан кейін оның ақыреттегі өмірі басталады.

Ақыреттік өмір мына кезеңдерден тұрады:

Қабірдегі өмір
Қиямет
Қайта тірілу
Хашр және махшар
Амал дәптерінің таратылуы
Есеп-қисап
Мизам таразысы
Сыйрат көпірі
Шапағат
Жәннат және жұмақ

       Қабірдегі өмір – кісінің өлімінен бастап қайта тірілгенге дейінгі өмір. Қабір өлімі бәрзаһ деп те аталады.

       Хадистердің бірінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қабір - ақырет аялдамаларының бірі. Қайсыбір адам сол аялдамада (азаптан) құтылса, одан кейінгі аялдамалардан оңай өтеді. Ал егерде қабір әлемінде жауаптан құтыла алмаса, одан кейінгілерден де өтуі қиын болмақ» (Тирмизи, Зухд 5; Ибн Мааджа, Зухд 37).

       Әрбір өзекті жан қайтыс болып топыраққа көмілсе де, теңізге батса да, жанып, күлі көкке ұшса да міндетті түрде қабір өмірінен өтеді. Қиямет күні қайта тіріледі.

       Өлгеннен кейін Мункир және Нәкир деп аталатын екі періште келіп: «Раббың кім? Пайғамбарың кім? Дінің не?» - деп сұрайды. Сонда иман еткен, ізгі амалдардың иесі болған кісі бұл сұрақтарға мүдірмей жауап береді. Олар үшін жұмақтың есіктері ашылып, жәннат көрсетіледі. Ал кәпірлер, мұнафықтар (екіжүзділер) жауап бере алмай, оларға жәһаннамның есіктері ашылып, ауыр азап көреді. Мүміндер қуаныш пен шаттыққа бөленеді. Олар үшін қайғы да, қасірет те болмайды.

       Қабір азабы және ондағы нығметтер туралы қасиетті Құран мен хадистерде көптеген мәліметтер бар.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз