https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Дін деген – көркем мінез

24 Шілде 2015 0 comment Оқылды: 2302 рет

Ислам – көркем мінезге шақыратын ең соңғы уәләһи дін.

    «Дін деген не?» сұрағына Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үш рет «Дін – көркем мінез» деп жауап қатқан. Ал көркем мінез деген не?

    «Жақсы мінез – жан сұлулығы» деген бұрынғыдан қалған нақыл да мәлім.. Қарапайымдылық, адамгершілік, адалдық, өзгелерге жақсылық жасау, әрқандай қиындыққа сабырлылық таныту сияқты жақсы қасиеттердің бәрін бір ауыз сөзбен көркем мінез дейміз.

    Ал кісіні менсінбеу, сабырсыз болу – біздің діннен емес. Атамыз қазақта «Тәккапарды Тәңірі сүймейді», «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деп жастарды жан сұлулығына баулып отырған.

    Айша анамыздан Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мінезі қандай еді деп сұрағанда:«Пайғамбарымыздың мінезі – тұнып тұрған Құран» деген болатын. Ендеше, көркем мінездің қайнар көзі – Қасиетті Құран.

    Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Мұсылман  бауырыңа жымиып қарау – садақа»-дейді. Көрдіңіз бе, жұртқа жай ғана жылулық сыйлаудың өзі мол сауабы бар жақсылыққа жатады.

    Тағы бір хадисте: «Мұсылман – мұсылмандарға қолымен де, тілімен де зиянын тигізбейтін адам» делінген.

    Ислам шариғатында ата-ананы қадірлеу – бұйрық, ал кедей-кепшікке жақсылық жасау –  ғибадат саналады.

    Олай болса, Аллаға ұнамсыз, адамға зиянын келтірер теріс әрекеттерден қашып, тек жақсы амалдар жасауға асығайық. Ол үшін Жаратушымыз бізге жақсы мен жаманды айырар ақылды, сезінер жүректі, ең бастысы – дінімізді нәсіп еткен. Мейірімді, әділетті Алла түбінде көркем мінезді жанды сый-сыяпатсыз қалдырмасы анық...

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз