https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Исламның асыл құндылықтары

03 Шілде 2015 0 comment Оқылды: 4287 рет

«Кімде-кім Исламнан басқа бір дін іздесе

        әсте одан қабыл етілмейді де, ол ақыретте

                                                                                      зиянға ұшыраушылардан болады».

(Әли Имран сүресі 85-аят) 

Адам, адам болып жарытылған сәттен бері келе жатқан мүбарак діннің мазмұны бүкіл кезеңдерде бірдей. Адамнан (а.с) пайғамбарымыз Мұхаммад мұстафаға (с.а.с)  дейін жалғасын тапқан асыл діннің негізі "Ислам" болатын.

Бұл сөзімізді Пайғамбарымыздың (с.а.с) мына хадисі нығайта түседі: «Бүкіл пайғамбарлар бір әкеден болған бауырлар болып келеді. Діндері бірдей».

Ал онда Адамнан (а.с) бастап адамзаттың дамуына сәйкес түрде дамып, Құранда кәмілдіктің шыңына жеткен Ислам не болды екен?

Алдымен, бұл мәселе жайлы берілген барлық түсініктемелердің негізі қысқаша мына екі нүктеде жинақталады:

1. Иман. (Аллаһқа, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырға, жақсылық пен жамандық бір Алладан деп, шынайы түрде сену).

2. Салихалы амал. (иман келтірген соң Хақ Тағала біздерден талап еткен ғибадат пен іс-әрекеттерді ықыласпен, ізгі ниетпен орындау).

Міне, осы екі жағдайдың негізінде жүзеге асырылатын Ислам - көзқарас, өмір сүру және іс-әрекеттеріміздің құдайы тәртібін қамтамасыз ететін деңгейлі әдеміліктер тізбегі.

Ислам - сана-сезім, сөз және іс-әрекет жөнінен адам баласын әдемілікпен әшекейлеп, кәмілдікке жеткізетін және қараңғылықтан нұрға шығаратын бақыт таңы.

Ислам сөзі - "سلم" сөздерінен тараған. Мағынасы: тәуелді болу, Аллаһқа мойынсұну, бір нәрсені дұрыс және тап-таза ұстау, сәлеметке жету. Сонымен қатар ықылас және шынайылық деген түсініктермен қоса «иман» сөзімен де мағыналас.

Сондықтан адам баласындағы сену қажетін қанағаттандыруы, ақылдың тынышталуы, мал-мүліктің, жанның қауіпсіздігі, нәсілдің таза сақталуы және ең жақсы ақырет саудасы тек қана Исламның арқасында мүмкін болады.

Сөздің қысқасы, Ислам бүкіл тұстарымен, яғни заттық және рухани жақтарымен жалғыз әрі ерекше өмір діні. Әрдайым Хаққа (туралық) мойын ұсынып берілу діні. Ал, иман - хақты қабыл етіп бекіту.

Ислам тек қана шын жүрекпен, ықыласты түрде өмірге енгізілгенде адамның рухын тазартатын рухани, терең дария.

Алланың Расулі (с.а.с) айтады: «Құл Исламды қабыл етіп, оны жақсы түрде өміріне енгізсе, бұрын істеген әр жақсы ісіне сауап жазылады да, істеген барлық кунәсі кешіріледі. Бұдан кейін істеген амалдарының қарсылығы былай болады: әр сауапты ісіне оннан жеті жүз есеге дейін сауап жазылады. Істеген күнәларына да қарсылығы не болса сол ғана жазылады. Бірақ Аллаһ кешіріп, сол күнәсін толығымен ғапу етсе, ол басқа». (Нәсай, Иман 10)

Ислам дінінің негізгі мақсаты мүлтіксіз қоғам құру. Яғни адмзаттың баршасы бейбітшілік пен татулықта, кешрімділік пен мейрімділікте, өзара қарайласу мен қамқорлық танытып, шариғатқа сай өмір сүру. Ал оның үкімдері адамдардың бақытын көздейді. Бұл үкімдерді орындап, соған сай әрекет жасағандар бұл дүниеде де, ақыретте де бақытқа кенеледі.

Ислам дінінің үкімдері үшке бөлінеді:

1) Иман: Адам иман негіздеріне сену арқылы рухани нәр алып, жүрегін қате және жалған сенімдерден тазартып, дұрыс сеніммен нұрландырып, рухани пәктікке қол жеткізеді де адам өз орнын табады.

2) Амал: Амал - адамдардың жасаған істері мен әрекеттері. Амалға байланысты үкімдер екіге бөлінеді:

а) Алланың алдындағы ғибадат міндеттері;

ә) Адамдардың өзара қарым-қатынастарын реттеп отыратын үкімдер.

3) Ахлақ: (адамгершілік, мінез-құлық). Адамдарға деген ой-пікіріміз бен қимыл-әрекетімізді реттеп отыратын үкімдер.

Асыл дініміз өз ішіне қаншама құндылықтарды сыйдыра білген иләһи дін.  Адамзаттың қазіргі биігінен көз салсақ, тарих көшінің бет алысын түзеп, әлемге ұлы өзгеріс енгізген ірі құбылыстарға куә боламыз. Ол өзгерісті енгізген, Ислам екені сөзсіз. Бүгінгідей жаһандану ғасырында мәдени-рухани фактор ретінде Ислам дінінің маңызы неліктен еселеп артуда? Ол адамзатқа не берді? Дамуға қандай үлес қосты? Құндылықтары не?

Ислам адамның абыройы мен ар-ожданын бәрінен де жоғары қояды, отбасы мен қоғам бірлігін, ынтымағын сақтауды, әлеуметтік әділетті көздейді. Адамды былай қойғанда ғаламдағы тіршілік иесінің бір де біріне қылдай қиянат жасауды қостамайды.

Ислам – саламатты өмірге шақыратын дін. Ислам – қайырымдылық, иман, шапағат, ғылым, білім мен мәдениет.

Қазақ жеріне Ислам дінінің таралғанына мінеки мың екі жүз жылдай уақыт болыпты. Осы уақыт ішінде ол көптеген халықтар санасына бүкіл адамзатқа ортақ биік моральдық құндылықтарды, рухани пәктікті, имандылықты, салауаттылықты екті. Сонымен қатар тіліміз бен ділімізге тек қана құнды, мәнді сөздер мен әдет-ғұрыпты енгізді. Мысалы, тілімізге дінімізбен бірге келген сөздердің кейбіріне тоқтала кетсек: Парасат, ақыл, қалам, дәптер, мұғалім, намаз, ораза, иман, тәубе, ықылас, т.б.  

Ислам өз ізбасарларын ұлтқа, нәсілге, тіліне қарап бөліп алалап, жіктемейді. Қайта бірлікке, ынтымаққа шақырады.

Исламның басты мұратының бірі – адамдар арасында бейбіт қарым-қатынас орнатып, тыныштықта өмір сүру. Сондықтан да әлгі “измдерді” дінімізге таңушылардың көздеген мақсаты аққа күйе жағып, оның күннен-күнге күшейіп келе жатқан беделін түсіру, өзгелерге құбыжық етіп көрсету, немесе олар ислам дінінен мүлдем хабарсыз.

Ислам діні сыртқы тазалықпен қатар, ішкі рухани тазалыққа да шақырғандықтан мұсылмандар жүрек тазалығына да қатты көңіл бөлген. Сол себепті өтірік, өсек, біреуді біреумен шағыстыру, балағат сөз, күндеу, қызғаныш секілді нашар қылық­тардан бойды аулақ ұстаған. Әрдайым өзіне берілген несібені қанағат тұтып, ешкімнің ала жібін аттамауға тырысқан. Батыстықтар армандаған утопия мұсылмандарда іс жүзінде орнағаны шындық.
         Ислам діні – кешірімшіл дін. Ол ешқашан да кекшілдікке, озбырлыққа шақырмайды. Ислам дінін ғылым, білім, мәдениет, яғни үлкен өркениет десек жарасады. Ислам - Қазақ елінде ғасырлар бойы қазақ халқымен біте қайнасып келе жатқан дәстүрлі дін. Ислам - гуманизм, адамгершілік, мейірім, шапағаттылық. Ислам - рухани тазалыққа шақыратып дін.

Міне мұның барлығы саф дініміздің құндылықтары болып табылады. Сонымен қатар Ислам, көптеген ерекшеліктерге де ие дін. Енді сол ерекшеліктерге тоқтала кетсек:

1) Әлемдік дін. Алдыңғы пайғамбарлар жеткізіп, баяндаған діндер тек қана белгілі бір ұлтқа, халыққа келсе, Ислам діні бүкіл дүние жүзіндегі халықтарға жіберілген. Алла тағала айтады:

وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلاَّ كَافَّةً لِّلنَّاسِ بَشِيرًا وَنَذِيرًا وَلَكِنَّ أَكْثَرَ النَّاسِ لاَ يَعْلَمُونَ

“Сені қуандырушы әрі ескертуші қылып бүкіл адамдарға жібердік. Бірақ, адамдардың көбісі білмейді“  Сәбә сүресі, 28-аят.

2) Тәңірлік дін. Тәңірлік дін - Исламның Алламен байланыстылығы.

“... إِنَّ الدِّينَ عِندَ اللّهِ الإِسْلاَمُ  "Расында Алланың қасындағы дін – Ислам“ Әли Ғимран сүресі, 19 -аят.

3) Кәміл дін. Ислам бүкіл заманға әрі бүкіл жерге жарамды дін. Исламның қамтымаған, жүйелемеген нәрсесі жоқ.                                                                            

1)  Ислам ең дұрыс иман діні. Сенім негіздері үнемі ұлы әрі мықты негізге тірелген. Адамның абыройы мен қасиетіне зиян келтіретін Аллаға серік қосу сияқты сенім бұзықтықтарынан мүлде алыс.

2) Ислам — соңғы дін. Ислам дінінен басқа дін келмейді, үкімдері қиямет күніне дейін жалғасады. Ислам дінін адамдарға жеткізіп, баяндаған Хазіреті Мұхаммед (с.а.с) соңғы пайғамбар. Одан басқа пайғамбар келмейді.

3) Ислам адамның рухын тойдыратын ғибадат діні. Құлдар орындауға жауапты болған ғибадаттар түрлі бітім және сырлармен денені де рухты да жақсылықтарға жеткізетіні соншалық, көңілдер сол ғибадаттардың бітпес ләззаттарымен жәннат өмірін сүреді.

4) Тіршілікте жүзеге асырлуға жарамды дін. Ислам діні айналадағы   тіршілікпен, әрі адаммен байланысты бүкіл құбылыстармен бірге өмір сүреді. Оларды қадағалайды, жағымды жақтарын толықтырып, жағымсыз жақтарын дұрыстайды.

5) Қаттылық пен жұмсақтықты қатар ұстанатын дін.

Қаттылық: "Сендерге өлексе, қан, доңыз еті, Алладан басқаның атымен бауыздалған мал, буынып өлген мал, үзіліп өлген мал және жыртқыш жеген мал арам етілді...“  Маида сүресі, 3-аят.

Жұмсақтық:"...Кім күнәға иілмеген түрде аштықтан (арамды жеуге) мәжбүр болса, онда Алла кешірімді әрі мейірімді".                                                                                                                                  Маида сүресі, 5- аят.

6) Бірте-бірте даму тәсіліне ие дін. Ардақты Құран, адам мен қоғамды дұрыс қалыпқа келтіру мақсатында, аят аят, сүре сүре болып бөлшектеніп түсті.

وَقُرْآناً فَرَقْنَاهُ لِتَقْرَأَهُ عَلَى النَّاسِ عَلَى مُكْثٍ وَنَزَّلْنَاهُ تَنزِيلاً

   "Адамдарға Құранды  асықпай оқуың үшін, оны бөлшектедік, әрі оны бірте-бірте түсірдік“ Исра сүресі, 106 - аят.                                                                                                                                         Құртуби осы аятқа қатысты былай деді : "Егер адамдар бүкіл парыздарды бір уақытта алған болса, онда, әлбетте, қашып кетер еді".

7) Қызықтыру және қорқыту жолын ұстанатын дін. Бүкіл жақсы істерге қызықтыру:

  "Иман келтіріп, жақсы істерді қылғандарды астарынан өзендер ағатын жәннаттарға мәңгілікке кіргіземіз. Оларға онда тап-таза жұбайлар бар, әрі оларды қоңырсалқын көлеңкелерге кіргіземіз". Әли Ғимран сүресі, 57 -аят.

Бүкіл жаман істерден қорқыту:

   "...Кім Аллаға әрі елшісіне бағынбаса және шекараларын аттап өтсе, онда оны мәңгілікке отқа кіргізеді әрі оған қорлаушы азап бар".

Ниса сүресі, 14-аят.

8) Жеңілдету жолын ұстанатын дін.

يُرِيدُ اللّهُ بِكُمُ الْيُسْرَ وَلاَ يُرِيدُ بِكُمُ الْعُسْرَ ..."  "...Алла сендерге жеңілдікті қалайды, ауырлықты қаламайды..."Бақара сүресі, 185- аят.                                                                                                                                               Алланың елшісі (с.а.с) былай деген:"Расында, дін – жеңіл. Ешкім оны қатайтып алмасын, әйтпесе, дін оны басып кетеді. Істі дұрыс әрі тура қылыңдар, аз істеріңмен болса да  жақындаңдар, әрі сауапты күтіп қуаныңдар"  (Бухари). 

9) Ислам рахмет, мейірім діні. Адамзат баласы бірталай күнә және ғапылдың шұңқырларында сасқалақтап жүргенде істегендеріне қарап оларды зиянға ұшыратып, жоюдан гөрі рахым және кешірім жасап, бақытқа кенелтуге тырысады. Хақ Тағаланың: «Рахметім, рахымым ашуымды озып кеткен!»деген сөздері мұның бір белгісі.

Исламда иманның алғашқы жемісі мархабаттан тұрады деп айта аламыз. Осы бағытта өмір сүрген пенде құлшылықты мына екі негізде жинап баяндаған:

а. Тағзим Ли - әмриллаһи, яғни Алланың бұйрықтарын құрмет сана-сезімімен орындау.

ә. Шәуқат Ли - халқиллаһи, яғни жаратылғандарға мейірімді болу.

10) Ислам сыпайылық, көркемдік діні. Әрбір жасаған іс-қимылы ең жақсы үлгі-өнеге болған Алланың сүйіктісі (с.а.с) осы мәселеде де біздерге кәміл үлгі. Ол біреудің істеп қойған қатесін түзеткенде де сыпайылықты, нәзіктікті тастамайтын, кісінің тіке бетіне емес жалпыға қарап:

«Маған не болып жатыр, кейбіреулеріңізді былай істеп жатқандай көремін!» - деп өзін қате көрген секілді көрсетіп, сөз бастайтын.

11) Ислам діні өзінен бұрын Алла тарапынан жіберілген пайғамбарлар мен діни кітаптардың бұзылып бұрмаланбаған түпнұсқаларын растап мойындайды.

Исламның әлемдік дін болуының бірталай ерекшеліктері бар. Олардың кейбіреулері мыналар:

1. Ислам — ақыл мен ғылым діні. Ислам діні ақылға зор мән бере отырып, діннің әмірлерін тамаша орындау үшін ақылды болуды талап етеді. Ілімнің де мәртебесін көтеріп, үлкен баға беретін дініміз әрдайым оқуды, үйренуді бұйырған. Ілім үйренудің әрбір мұсылман үшін парыз екендігін білдірген.

3. Ислам дүние һәм ақырет діні. Ислам дінінің көздеген мақсаты - адам баласының бұл дүниеде де, ақыретте де бақытты болуы. Дініміз дүние айланып тұрған кезде адамдардың әрдайым бақытты болуын және қоғамның дамуын қамтамасыз ете отырып, жеке-жеке адамдардың да, қоғамның да қажеттіліктеріне жауап бере алатын шарттар қойып, дүниеде де, ақыретте де бақытқа кенелудің жолдарын көрсеткен.

4. Ислам — теңдік діні. Исламның ең белгілі ерекшеліктерінің бірі сөзсіз, оның құрамындағы ұлы теңдігі. Хақ Тағала бұл әлемге қалай айбатты және кәміл бір теңдік деңгей қойған болса, сол теңдікті адамзатқа жіберген дініне де қойған. Сондықтан Исламның қай жағы қолға алынса да ерекше, мұқият және ұлы бір құдайы деңгей көрінеді. Бұл теңдік дүние-ақырет, дене-рух, еркек-әйел, кедей-бай, халық-меңгеруші, үлкен-кіші, кәрі-жас, зат-мағына (рухани) т.б. барлық тұстарда өте ұлы мәртебеде болғаны соншалықты, былай қарағанда, бір-біріне қарама-қайшы болған осы айырмашылықтарды ақиқатында бірін-бірі түгендейтін бір бүтіндік күйіне келтіреді. Өйткені, бұлардың әрбіреуі екіншісіне өте қажет. Міне, Ислам бұл шындық негізінде екі жақты да орын-орынына қойып, бұларды бір-біріне наразылық білдіруге емес, шүкір етуге дәнекер қылады. Арадан қайшылықты алып, сәйкестікті, теңдікті қояды. Сонымен, Ислам адамға екі қанат бітіріп, оған ұлылық аспанының жолын ашады.

5. Ислам хақ пен хұқық діні. Ислам қолға алған ең маңызды мәселелердің бірі — хақ және хұқық мәселесі. Бұл өте маңызды болғаны соншалықты, Алла Тағаланың алдында өзіне серік қосудан кейін кешірілмейтін екінші мәселе құл құқығы (ақысы) болғаны айтылған. Құл ақысының маңыздылығы Хазреті Пайғамбардың (с.а.с) қайтыс боларының алдындағы қатты ауруы кезінде де осы мәселеге назар аудартып әлсіз халіне қарамастан мешітке келіп сахабаларымен:

«Сахабаларым! Кімнің малын қателесіп алған болсам, міне, малым, келіп алсын! Кімнің арқасынан қателесіп ұрған болсам, міне, арқам, келіп ұрсын!» - деп кешу айтысуымен де айқындалады.

6. Ислам дінінде шектен шығу жоқ. Ислам дінінің үкімдері адамның ақылына және жаратылысына сай негізделген. Біздің міндетіміз бұларды орындау ғана.

Орындалуы әмір етілмеген жағдайда дінді берік ұстаймын деп шектен шығу жоқ. Дүниеде адал нығметтерден бас тартып, өзін-өзі қинау да жоқ.

8.   Ислам бейбітшілік пен сүйіспеншілік діні. Исламның бір мақсаты: адамдарға деген сүйіспеншілік, адам құқығына деген құрметті жүрегіне орнықтыру арқылы қоғамдағы бейбітшілік пен тыныштықты сақтау. Дініміз бұл мақсатта көптеген үкімдер қойған. Бір-бірімізді сыйлау, басқалардың құқығына құрмет көрсету нағыз мұсылман болудың шарты болып саналады.

Ислам діні әлемге шуақ шашып, нұр тарата бастағаннан бері татулыққа, достыққа, әділдікке шақырумен келеді. Ислам өмірді ұлықтайды, адамдарды оны қадірлеуге үндейді.

Ислам — мөлдір де, кәусар бұлақ. Оған қаншама тосқауыл жасап, алдын бөгегенмен, ол бәрібір өзіне жол тауып, жарып шығады.

ҚМДБ Талдықорған өңірі                                    Серікхан Рымханұлы

бойынша өкіл имамы:                                                     Ахмадиев

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз