Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Көз тиюдің бар екені ақиқат»,– деген (Муслим, Сәләм 42; Тирмизи, Тыбб 19). Көз тиюдің шындық екені – халық тәжірибесімен де ғылыми нәтижелермен де расталған құбылыс. Шын мәнінде әлемде біз түсініп, түсіндіре алмайтын құбылыстар әлі көп. Сондықтан көз тиюден сақтану үшін материалдық ғана емес, дұға және Аллаға сыйыну секілді рухани және діни себептерге жүгіну қажет. Көз тиюден сақтану үшін мына нәрселереге ерекше мән берген жөн:
1. «Қалам» сүресінің 51-52 аяттарын, «Фатиха», «Аятул-курси», «Фалақ» және «Нас» сүрелерін сонымен қатар Алланың есімдері мен сипаттарын, Оның аты аталған аяттарды оқу қажет;
2. Елдің назарын өзіне аудартатын, олардың қызығушылығы мен қызғанышын тудыратын киім-кешектер кию мен түрлі әрекеттерден сақтану;
3. Өзін мақтаған кісілерге «машалла, баракалла деңіздер» деп кеңес беру. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кімде-кім өзіне қатты ұнаған бір нәрсе көрсе, «Машалла, бараклла» десе, оның қараған нәрсесіне көз тимейді»,– деген.
4. Көзі тигіш кісілер мен орталардан өолдан келгенше алшақ жүру. Ерекше қажеттілік туындамаған жағдайда ол жерлерге бармау, бара қалған жағдайда Аллаға сыйынып, жәрдем сұрап дұға жасау қажет.
Ал көз тиген адам мына нәрселерді жасауы қажет:
Өзіне көзі өткен адам белгілі болса, ол кісі бір ыдысқа су қүйып алып, дәрет алады. Сосын көз тиген кісі сол адамның дәрет алған суын басынан бастап, денесіне түгел құяды. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабаларына жасатқан осылай жасатқандығы мәлім. (Ибн Мажа, Тыбб 32; Муснад, 3) Егер көзі өткен адам белгісіз болса, Алладан жәрдем сұрап, дұға тілеу қажет. Осылай дұға жасауды терминологияда «руқия» деп атайды. Имам Муслимнің хадис жинағында Жебрейіл періштенің Пайғамбарымызға үйреткен мынадай рұқия дұғасы бар:
«Бисмилләһи урқикә мин кулли шайин иузикә мин кулли хасидин уә ъайнин уа Аллаһу иашфикә»
«Алланың атымен.. Саған қиындық пен ауртпалық берген барлық нәрседен, әрбір жанның және кез келген қызғаншақ, көреалмаушының жамандығынан саған руқия жасаймын (Саған дем саламын). Шипа беруші – бір Алла ғана. Алланың атымен руқия жасаймын (жалбарынамын)» (Муслим, Сәләм 40). Сосын көз тиген адамның басына қолын қойып: «Аллаһумма азһаб әл-бәьса Раббан-нас уәшфи фә әнтәш-Шафи лә шифаә иллә шифаук шифәән лә уиғадиу сәқәмән»,– деген дұғаны үш рет айтса болады (Бухари, Тибб 1302).
Бухаридің хадис жинағында көз тигенде оқытылу қажет екендігіне қатысты мындай риуаят келген: Пайғамбарымыз (с.а.с.) Умму Сәләма анамыздың үйіне барады. Үйде жылап жатқан кішкентай баланы көреді. Пайғамбарымызға (с.а.с.) ол балаға көз тигендігін білдірген кезде ол (с.а.с.): «Оны көз тиюден қорғау үшін оқытпадыңдар ма», – дейді (Бухари, Тибб 35). Тағы бір риуаятта мындай мәлімет келтірілген. Жағфар ибн Әбу Тәліптің екі баласын Пайғамбарымызға (с.а.с.) алып келген кезде балалардың қараушыларына: «Бұлар неге азып кеткен?»,– деп сұрайды. Сол кезде ол: «Уа, Алланың елшісі, оларға көз тиген. Оқытуға қалай қарайтыныңзды білмегендіктен оларды оқытпадық»,– деген кезде Алла елшісі: «Оларды оқытыңдар. Егер пешенеге жазылғанның алдын алу мүмкін болса, ол көз тию болар еді»,– деп жауап беріп, жол көрсеткен (Тирмизи, Тыбб 17).
Осы хадистер көз тиген кезде оқытудың дұрыс екенін көрсетеді. Алайда, оқитын нәрселер Құран аяттары және хадистеде келген дұғалар арқылы орындалып, исламның негізгі ұстанымдарына қайшы келмеуі керек. Бухаридің жинақтаған хадистеріне түсіндірме жазған ғалымдардың бірі Хаттабидің айтуы бойынша Алла елшісінің көз тиюге қарсы оқуды кеңес берген нәрселердің қатарында «Аятул-курси» секілді Алланың есімдері мен сипаттарын қамтылған аяттарды салиқалы, жүрегі таза кісілердің көз тиген жандарға оқуы болып табылады. Бұның тысында көріп кел, тәуіп секілді адамдардың ислами өлшемдерге қайшы келетін істерін орындау дұрыс емес.
Алау Әділбаев