Ғаламның жаратушысы Алла тағала адамзат баласына өзінің ең соңғы елшісі Мұхаммед (с.ғ.с) жіберіп, оған ең соңғы жарлығы Құран Кәрімді түсірді. Алла тағаланың қасиетті Кітабын біздерге түсіндіру үшін пайғамбарымыз (с.ғ.с) елші етті. Сондықтан Алла елшісінің (с.ғ.с.) ғибратқа толы ғұмырын оқып-үйрену – мұсылмандар үшін басты міндеттердің бірі болып табылады.
Алла тағала: «Біз сені күллі әлемге тек мейірім ретінде ғана жібердік» («Әнбия» сүресі, 107-аят), «Біз сені күллі адамзат баласына ескертуші, әрі сүйіншілеуші ретінде жібердік» («Сәбә» сүресі, 28-аят), – деп, оған осы қасиетті міндетті жүктеген болатын. Алла елшісі (с.ғ.с.) мұсылмандарға ғана емес, барша адамзатқа ортақ пайғамбар. Құранда мінезі мадақталған пайғамбарымыз (с.ғ.с) ел сүйіспеншілігіне бөленген жаны жомарт жан болатын. Таныса да, танымаса да барлығымен амандасып, жұрттың бір-бірімен араласуына қозғау салатын және де сәлемдесуді жаюды үмбетіне өсиет етті.
Хз.Пайғамбарымызға(с.а.с.)салауат.
Құран Кәрімде: «Расында Алла Тағала және періштелері пайғамбарға (с.а.с.) салауат айтады. Әй, мүминдер! Оған салауат және ықласпен сәлем айтыңдар» (Ахзаб сүресі-56).
Пайғамбарымыз (с.а.с.) ның мәртебесін көтерген аяттардан бірі осы. Әрі Алла Тағала әрі періштелердің Алла елшісіне салауат айту және Хз. Пайғамбарымыздың Алланың қасында орны ерекше екенін білдіруде.
Алла Тағаланың пайғамбарға салауаты, оған рахмет етуі, атақ және дәрежесін көтеруі. Ал, періштелердің пайғамбарға салауат айтуы да, сол сияқты қадір-қасиетін біле отырып, үлкен мәртебелерге жету үшін Алла Тағалаға биязы түрде жеткізуі.
Алла Тағала бұл аятта өзінің және періштелердің Хз. Пайғамбарға салауат және сәлем айтқандарын ескерте отырып, біздерге де - оған, біз сияқты салауат және сәлем айтыңдар, ең жақсы түрде еске алыңдар,- деп бұйыруда.
Ислам ғалымдары салауат сөзіне, әр түрлі мағына берген. Алланың салауат айтуы - оған рахмет етуі, сауаб беруі,- дейді. Періштелердің бір кісіге салауат айтуы болса, ол адамға истиғфар етуі, яғни күнәлардың кешіріліуін Алладан өтіне сұрауы.
Алла Тағаланың елшісіне көп салауат және сәлем айтуымыз үшін оны қатты жақсы көруіміз керек. Сондай-ақ, өзімізге мәлім, бір адам өз сүйгенін аузынан тастамағаны сйяқты, әр мүмкіншілікте оны есіне алады. Хз. Пайғамбарымызды да еске алып, салауат айтуымыз үшін, оның бір жақсы жолы бар. Ол да, хз. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аты аталғанда, «Аллаһуммә салли ала Мұхаммед» немесе «Аллаһуммә салли ала Мұхаммәдин уа ала али Мұхаммад» болмаса былай «саллаллаһу алайһи уа сәлләм»,-деу керек.
Мұхаммед (саллаллаһу ъалайһи уа сәлләм) хадисінде: «Қиямет күні адамдардың Маған ең жақыны – мына дүниеде Маған көп салауат айтқаны» - деген. (Ат-Тирмизи) Шындап келгенде, салаут айтуға Ол емес біз мұқтажбыз.
Біз Пайғамбарымызға салауат айтқан сайын Алла бізге он рет салауат айтады. Он күнәміз кешіріліп, дәрежеміз он есе көтеріледі. Әнас (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу ъалайһи уа сәлләм) былай дейді: «Кімде – кім маған бір рет салауат айтса, Алла Тағала оған он салауат айтады. әрі он күнәсі кешіріліп, дәрежесі он есе көтеріледі» (Ән-Нәсаий)
Омар ибн Ал-Хаттаб (р.а.) айтады: «Пайғамбарыңа (саллаллаһу ъалайһи уа сәлләм) салауат айтпайынша, дұғаң аспан мен жердің арасында бөгеліп, көтерілмей тұрады» .- деген.
Аус ибн Аус (р.а.) айтады: «Пайғамбар (саллаллаһу алайһи уа сәлләм): сендер үшін ең абзал күн жұма күні. Жұма күні адам (а.с.) жаратылды және жұма күні жан тапсырды. Жұма күні қиямет күні басталуының белгісі болған сүр үріліп, қатты дауыс шығады. Ендеше сол күні Маған салауатты көп айтыңдар. Себебі, сендердің салауаттарың Маған жетеді», - деді. Сонда бір адам: «Я, Расулуллаһ (саллаллаһу ъалайһи уа сәлләм)! Сіз топыраққа айналсаңыз, біздің салауатымыз Сізге (саллаллаһу ъалайһи уа сәлләм) қалай жетеді?», - деп сұрады. Расулуллаһ (саллаллаһу ъалайһи уа сәлләм): «Алла Тағала Пайғамбарлардың денелерін шірімейтін еткен», - деп жауап береді». – деген.
Асхабы Кирамнан болған Әбу Талха әл-Ансариден: Бір күні Хз. Пайғамбарымыз (с.а.с.) күлімсіреген бір керемет жүзімен асхабының жанына келді де Жәбірейіл (а.с.)ның өзіне мына сүйіншіні жеткізгенін айтады: «Мұхаммед! Үмбетіңнен бірі саған бір салауат айтқанда менің оның күнәларының кешірілуі үшін он мәрте истиғфар етуім, ол адамның да саған он сәлем айтқан жағдайда да менің оған он сәлем беруім сені қуандырмайды ма?»,- дегенін жеткізеді. (Насай, сихф 55).
Хз. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Ислам дініміздегі және Алланың жанындағы орнын және ерекшелігін, өз дәрежесәнде түсіне алмайтындар: «Мен Алланы өте жақсы көремін және әр мүмкіншілікте оны есіме аламын. Хз. Пайғамбарды жеке еске алудың не керегі бар?»,- деп ойлайтындар да болуы мүмкін. Әрине, адамдардың сүйіп, жақсы көру керек болған нәрсесі күмәнсіз - Алла Тағала. Оған айтылу керек болған махабат және құрметті бір басқаға айту немесе басқаға қиястау (салыстыру, теңестіру) мүмкін емес. Сондықтанда Алла Тағала өзінің сүйікті елшісіне айтылатын сүйіспеншілік пен құрметтің ерекшелігін Құран Кәримде былай деп түсіндіреді: «Ей, Мұхаммед! Адамдарға былай де: Егер расында сендер Алла Тағаланы жақсы көрсеңдер, маған мойынсұныңдар, Алла Тағалада сендерді жақсы көрсін және күнәларыңызды кешірсін»,- деп бұйырады. (Әл-Имран сүресі,31).
Алла Тағала жанында осындай жоғары орынға ие болған Пайғамбарымызды (с.а.с.), әлбетте жақсы көруге, құрметке және әр мүмкіншілікте еске алуға лайықты.
Хз. Пайғамбарымыз (с.а.с.) намаздан кейін Аллаға мадақ, Пайғамбарға (с.а.с.) салауат және сәлем етпей дұға еткен бір адамды естіді. Содан кейін Хз. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деді: «Бұл адам асығыстық жасады,- деді. Одан кейін ол адамды жанына шақырды. Оған немесе басқалар үшін былай деді: «Сендерден біреулерің, дұға еткен кезде, алдымен Алла Тағалаға мадақ және санә айтсын, одан кейін Хз. Пайғамбарға (с.а.с.) салауат және сәлем айтсын. Одан кейін де қалаған түрде дұға етсін»,- деп бұйырды.
Жабир ибн Абдуллаһ (р.а.) айтады: «Пайғамбар (саллаллаһу ъалайһи уа сәлләм) мінбарға көтеріліп бара жатып, бірінші басқышты басып: «Әмин!» - деді. Кейін екінші басқышты басып: «Әмин!» - деді. Үшінші басқышты басқанда да «Әмин!» - деді. Адамдар «Ей, Расулуллаһ (саллаллаһу ъалайһи уа сәлләм)! Біз Сіздің (саллаллаһу ъалайһи уа сәлләм) үш рет: «Әмин!» - деп айтқаныңызды естідік», - дейді (мұның мәнісі неде? – деп сұрады). Сонда Ол кісі (саллаллаһу ъалайһи уа сәлләм), былай деп айтты: «Мен мінбердың бірінші басқышын басқанымда, Жәбрейіл (р.ғ.) келіп: «Рамазан айы келіп, ораза ұстамаған пенде бақытсыз пенде болғаны, әрі оның күнәлары кешірілмейді», - дегенде, мен: «Әмин!» - дедім. Мен мінбардың екінші басқышын басқанымда, Жәбрейіл (а.с.): «Ата – анасы немесе екеуінің бірі қартая тұра жәннатқа кіре алмаған кісі бақытсыз пенде», - дегенде, Мен: «Әмин!» - дедім. Мінбардың үшінші басқышын басқанымда Жәбірейіл (а.с.): «Есіміңіз аталған уақытта Саған салауат айтпаған бақытсыз пенде болғаны», - дегенде, Мен: «Әмин!» - дедім. » - дейді
Хадистен білгеніміздей, Қияметте Хз. Пайғамбарымызға (с.а.с.) ең жақын болғандар және шапағатына ең лайық болғандар, оған ең көп салауат және сәлем айтқандар. Мұсылмандар бұл құндылықты жоғалтып алмау үшін, әр уақытта салауат және сәлем айтуға тырысуымыз қажет.
Талдықорған қалалық
«Нұр» мешітінің бас имамы Данағұлов Алмас Сағидоллаұлы