https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Жәннатқа жеткізген құдық

27 May 2015 0 comment Оқылды: 1321 рет
 

Бәшир әл-Әслами әңгімелеуде:

«Мұһажир мұсылмандар көшіп келген алғашқы күндері Мәдинаның суына үйренісе алмай, кәдімгідей қиналды.

Ғыфар ұлдары қауымынан шыққан бір кісінің мөлдір, тұщы сулы «Рума» деген құдығы бар еді. Ол сол құдықтың суын сатып күнелтетін.

Бір күні Алла елшісі (с.а.с.) оған: «Мына құдықты жұмақтағы құдыққа айырбастағың келмей ме?» – деп сұрады. Әлгі кісі қиналып: «Уа, Расулалла! Мен отбасымды осы құдықтан түскен табыс арқылы асырап отырмын. Мен оны айырбастай алмаймын», – деп жауап қатты.

Бұл сөзді құлағы шалып қалған Осман (р.а.) дереу құдық иесімен көп мөлшердегі байлыққа саудаласып, сатып алады. Сөйтті де: «Уа, Расулалла! Егер әлгі құдықты сатып алсам, ана кісіге уәде еткен жұмақ бұлағын маған да уәде етесіз бе?» – деді.

Алла елшісі (с.ғ.с.): «Иә, әрине», – деді.

Осман (р.а.): «Ол құдықты сатып алдым. Ниетім – мұсылман бауырларыма сыйлау», – деді»

Құдайберді Бағашар

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз