https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Жәннаттың Есімдері

23 May 2015 0 comment Оқылды: 11211 рет

        Жәннат – сөзі  бақша, өсімдік және қалың ағашты жер мағанасына келетін жәннат термин ретінде «түрліше нығметтермен әшекейленген және мүминдер ішінде мәңгі қалатын ахірет жұрты» делінеді. Құранда Жаннаттағы шексіз өмырды, мәңгілік мекенды және жәннат иелерін былай суреттеп берген.

       Жәннат кеңдігі жер мен көктың арасындай.- Құранда: «Раббыларыңның жарылқауына және тақуалар үшін әзірленген, кеңдігі жер мен көктей жәннатқа жарысыңдар»деген.

      Күйдіретін ыстық, үсіп тоңдыратын суық болмайтын ерекше мекен.- Құранда: « Олар, ол арада дивандарға жастанған түрде отырады. Олар онда ыстық та суық та көрмейді»-деген.

      Жәннатта таза су, ірімейтін сүт пен сүзбе бал өзендер бар.- Құранда: «Сондай тақуаларға уәде етілген жәннаттың мысалы: Онда еш бұзылмайтын өзен сулар, дәмі өзгермейтін сүттен өзендер, ішіушілерге шараптан өзендер және балдан өзендер, сондай-ақ онда әр түрлі жеміс әрі Раббыларынан жарылқау бар»-делінген.

       Суы  зымбірмен иістендірілген тәтті су бұлақтар бар.- Құранда: «Олар мөрленген ішімдіктен сусындандырылады. Оның сарқыны жұпар аңқиды. Жарысушылар осыған жарыссын»-деген.

        Жәннатта Ішіп болған соң әтірдей хош иіс аңқытатын сусындар бар.- Құранда: « оларға қайнаған көзден кеселер ұсынылады. Ішушілер үшін түсі аппақ, дәмі тәтті.»-деген.

       Жәннат ішімдіктері басын ауыртпайды, мас қылмайтын, күнаға итермелемейді, адамды сандырақтатпайды.- Құранда: « Ол (шарап) бас ауыртпайды да мас қылмайды. Олар бейіште тостағанға таласады, онда бір орынсыз сөйлеу де күнәкарлықта болмайды»-деген.

        Жәннатта сан-алуан мәуелер, құрма бақтары, анар ағаштары, тікені жоқ балқарағай мен самырсын ағаштары, бұтақтары салбыраған банан ағаштары.- Құранда: « Ол екі бақша да түрлі жемістер және құрма бақтары мен анар ағаштары бар.» және «Олар тікенсіз сида ағаштар. Жемістері үсті-үстіне шоғырланған мұз ағаштарының, созылған көлеңкеның астында болады. Бақшалар, жүзімдер бар»-деген.

       Жәннатта түрлі құс еттері бар.- Құранда: « Көңілдері соққан құс еттері бар.»-деген.

       Жәннаттықтардың  киімдері жұқа және қалын таза жібектен тоқылған, әшекей бұйымдары алтын, үйлері сәулетті болады.- Құранда: « Олар онда алтыннан білезіктермен безенеді, олар жұқалы-қалыңды жібектен киімдер киеді.»-делінген.

      Жәннаттықтерге қызмет ету үшін өлімсіз жастар (уилдән) аралап жүреді де, оларды шексіз сұлулықтары себепті жерге шашылған інжү деп ойлап қалады, Бұлардың қолында алтын кеселер мен табалар бар, жәннаттықтар қалаған және көрген нәрселерін сол кеселер мен табалардан дайын күйде алады. - Құранда: « Олардың айналасында мәңгілік қызыметші жастар болады, оларды көрсең шашылған інжу деп ойлайсың.» және « Оларға алтыннан табақтар, кеселер ұсынылады. Онда көңілдері қызығатын, көздері қуанатын нәрселер бар. Сендер онда мәңгі қаласыңдар.»-делінген.

          Жәннаттықтар іргесінен өзендер аққан және үсті-үстіне салынған сарайларда отырады. – Құранда: « Раббыларынан қорыққандары үшін астарынан өзендер ағатын қабат-қабат салынған сарайлар бар. Бұл Алланың уәдесі, Алла уәдесінен таймайді.»-делінген.

         Жәннаттықтарға аса көркем де шексіз сұлу жұбайлар бар. Олар өздері һәм жұбайлары жәннәттің көлеңкелерінде тақтарына жантайып рахаттанады. -Құранда: « Олар үшін тап-таза жұбайлар бар. Олардың қасында телмірген ботакөздер бар. Рас олар жарылмаған жұмыртқадай. Расында хұр қыздарын жаңадан жаратамыз. Оларды ер көрмеген қыздар етіп жаратамыз. Жас өспірім құрдас қыздар бар. Күйеуін сүйгіш құрдас болады. Олар да жұбайлары да көлеңкелердегі дивандарға жастанған түрде болады. Бұл айтылған оңшілар үшін болады.»- делінген.

       Аллаһ олардың жүректерінен кек деген жаман қасиетті алып тастағандықтан жәннәттіктер бауырмал сезіммен карама-карсы тұрған тақтарға отырады. Онда еш шаршап-шалдығу не әуреге түсу деген жағдай болмайды. Жәннатта әбес не жалған сөзде естілмейді. - Құранда: « Олардың жүректеріндегі кекті шығарады. Туыс болып, тақтардың үстінде бір-біріне қарсы отырады. Олар онда бос сөз және өтірік естімейді.»- делінген.

       Жәннаттағы нығметтердің адамның ақылына да, қиялына да симайтын әсем де көркем болатынын Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с) құдси хадисте былай деп түсіндірген:

« Аллаһ Тағала айтады: “Мен салих құлдарым үшін жәннәтта ешбір көз көрмеген, ешбір құлақ естімеген, тіпті адам ойламаған көптеген нығметтер дайындадым!”».

Жәннаттағы нығметтердің ең үлкені, әрине, Аллаһтың разылығына бөлену және Оның дидарын тамашалау.

Жаратушы раббымыз мүминдерге мәңгілік жәннатты сүйіншілеп Құранда түрлі есімдермен атаған

  1. Әл-жәнна (жүмақ, мекен)

Құран Кәрімде: « Олар: ‘Жәннатқа Яһуди немесе Христиан кіреді’ деді. Бұл олардың өз ойлары ғана. Айт : егер сөздерің шын болса, дәлел келтіріңдер де.»- (Бақара сүресі 111-аят).

 

  1. Әл-хусна (игілік мекені)

Құран Кәрімде: « Мүміндерден себепсіз соғысқа шықпай отырушылармен Алла жолында малдары және жандарымен соғысушылар тең емес. Алла малдарымен, жандарымен соғысушыларды дәрежеде арттырады. Сондай-ақ барлығына да игілік уаде етті. Және сағысушыларды отырушылардан үстем кеңшілікке бөлеп, ірі сыйлық берді.»-(Ниса сүресі 95-аят).

  1. Жәннатун- нағим (ныметтерге толы жәннаттар)

Құран Кәрімде: « Егер кітап иелері иман келтіріп, тақуалық қылса еді, әлбетте олардың Нағим жәннатына кіргізер едік.»-(Мәида сүресі 65-аят).

  1. Жәннату  адн (турақтылық пен мәңгіліктің жәннаті)

Құран Кәрімде: «Алла мүмин ерлер мен мүмин әйелдерге астарынан өзендер ағатын, олар онда мәңгі қалатын бақшалар және Ғадын жәннатында, көркем орындар уәде етті. Ал Алланың ризалығы өте зор табыс. Міне осы үлкен қол жетушілік.»-(Тәубе сүресі 72-аят).

  1. Жәннату хұлд (мәңгіліктің жұрты)

Құран Кәрімде: « Айт: Осы азап жақсы ма? немесе тақуалар үшін сыйлық әрі барар орын түрінде уәде етілген мәңгілік жәннат жақсы ма?- де.»-(Фұрқан сүресі 15-аят).

  1. Фирдаус (әр нәрсені қамтитын жәннат бағы)

Құран Кәрімде: « Расында иман келтіріп, жақсы іс істегендер үшін Фердәуіс жәннаты, қонақ үй болады.»-(Кәһф сүресі 107-аят).

  1. Дәрүс-сәлам (есендік жұрты)

Құран Кәрімде: « Оларға Раббыларының қасында есендік жұрты бар. Істегендері себебті Алла, олардың досы.»-(Әнғам сүресі 127-аят).

  1. Дәрүл мұқама (мәңгі тұратын жер)

Құран Кәрімде: « Ол өз кеңшілігінен бізді тұрақты орынға орналастырды. Бізге бұл жерде шаршау да жалығу да болмайды.»-(Фатир сүресі 35-аят).

  1. Жәннатул мә’уә (шәһидтер мен мүминдердің панасы және қонақжайлы болған жәннат)

Құран Кәрімде: « Тұрақтау ағашының жанында. Оның қасында Мәуа жәннаты бар.»-(Нәжім сүресі 14-15аят).

  1. Дәрүл мүттақин (тақуалар жұрты)

Құран Кәрімде: « Сондай Алладан қорққандарға: Раббыларың не түсірді?-делінсе, олар: «игілік»- дейді. Сондай-ақ жақсылық істегендерге бұл дүниеде жақсылық бар. Әрине ақырет жұрты тағы жақсы. Әлбетте тақуалардың қонысы қандай жақсы.»-(Нахыл сүресі 30-аят).

  1. Жәннату ғалиә (көтеріңкі жәннат)

Құран Кәрімде: « Көтеріңкі жәннатта болады. Жемістері төгіліп тұрады.»-(Хаққа сүресі 22-23аят).

  1. Әл-мақамүл-әмин (қауыпсыз мекен)

Құран Кәрімде: « Шын мәнінде тақуалар қауыпсыз бір орында болады.»-(Дұхан сүресі 51-аят).

Алматы обылысы  Алакөл ауданы

Үшарал қалалық мешітінің бас имамы

Серік ШӘРІП 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз