Кәусәр сүресі(араб.:سورة الكوثر) ("Молшылық"), Қасиетті Құран Кәрімнің 108-ші сүресі. Бұл сүре Меккеде Исра мен Миғраж оқиғаларына дейін уахи етілді. Құранның ең қысқа сүресі – үш аяттан тұрады.
Ғажайып сырларды қамтыған бұл сүреде Аллаһ тағаланың ардақты Пайғамбарына (с.а.у.) осы дүниеде және ақіретте сыйлаған сансыз жақсылықтары мен мол берекеті жайлы айтылады. Кәусар өзені осылардың біреуі. Оған (с.а.с.) осыншалық пайғамбарлық ырыс, нығметі берілгені үшін шүкіршілік етіп, Раббысына намаз оқып, құрбан шалуы әмір етілген.Сүреде Шындығында саған дұшпан» –болғандардың өздері ұрпақсыз!». Яғни, сені кім жамандаса, сол адамның өзі ұрпақсыз қалатыны, оны (с.а.у.) жек көрушілерді дүниеде әрі ақіретте тек қана азғындық, қорлық, барлық жақсылықтан мақрұмдық күтіп тұрғандығы баяндалады. Ал Пайғамбарымыз (с.а.у.) мұнаралар мен мінберлерде әрдайым еске алынып, шарапатты есімі баршаның жүрегінде мәңгі қияметке дейін сақталып қалады.
- (Мұхаммед Ғ.С.) Шын мәнінде саған кәусәрді бердік.
Бұл, Пайғамбардың (с.а.у.) мәртебесінің және шарапатының ұлылығын көрсету үшін Пайғамбарымызға бағытталып айтылған сөз. Яғни уа, Пайғамбар! Біз саған дүние мен ақіретте көп әрі таусылмайтын игілік бердік. Кәусар өзені осы игіліктердің біреуі ғана. Бұл, сахих хадисте айтылғандай: «Кәусар жәннатағы бір өзен. Жағасы алтыннан көмкеріліп, жауһардың үстімен ағады. Топырағы мисктен де әдемі. Суы балдан тәтті, қардан ақ. Одан бір рет ішкен адам, ешқашан шөлдемейді».
Әнастың (р.а.) былай дегені нақыл етіледі: «Бір күні Аллаһ Елшісімен бірге едік. Ол сәл көзін іліп ұйқыға кетті. Кейін күлімсіреп, басын көтерді. Біз: «Уа, Аллаһ Елшісі! Не нәрсеге күлімдедіңіз?» - деп сұрадық. Ол: «Маған жаңа ғана бір сүре түсірілді», - деп «Кәусар» сүресін оқыды. Кейін: «Кәусардың не екендігін білесіңдер ма?» - деп сұрады. Біз: «Алла және Оның Елшісі жақсы біледі», - дестік. «Ол бұл Ұлы Раббымның маған уәде еткен өзені. Онда көптеген жақсылықтар бар. Ол бір хауыз. Қиямет күні одан үмбетім су алуға келеді. Ыдыстары жұлдыздар сияқты көп. Оған суға келгендердің ішінен кейбірі қуылады. Мен ол менің үмбетім ғой деймін. Сонда маған: «Сен бұлардың сенен кейін не істегенін білмейсің» делінеді. Хәзіреті Пайғамбар (с.а.с.): «Кәусар жәннаттағы бір өзен. Жағасы алтыннан көмкеріліп, жауһардың үстімен ағады. Топырағы мисктен де әдемі. Суы балдан тәтті, қардан ақ». деген.
- Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал.
Саған осыншама нығметті сыйлаған Раббыңа тек қана Оның разылығы үшін намаз оқы! Жаратушыңның саған берген жақсылығы мен нығметтеріне шүкіршілік ретінде малдардың ең жақсыларынан құрбан шал.
Ибн Жүзей: «Мүшриктер ысқырып, қол соғып құлшылық қылатын және пұттар үшін құрбандық шалатын». Сондықтан Ұлы Жаратушы Пайғамбарына «Тек қана Аллаһ үшін, құрбан шал» деп әмір етті. Бұл Аллаһтың жалғыз екендігін бекіту және шынайы ықыластың әмірі еді», - дейді.
- Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады.
Уа, Пайғамбар! Саған кек сақтап, сені жек көрген адамдар бар ғой, міне солардың өздері барлық жақсылық атаулыдан мақрұм қалды. Тәпсіршілер былай дейді: Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) Меккеде ең үлкен баласы Қасым көз жұмған еді., кейіннен Абдуллаһ қайтыс болды. Ас бин Уайл: «Оның нәсілі түгесілді, ол ұрпақсыз қалды» деп сөз таратады. Кәпірлердің бұл сөздері Аллаһ елшісінің көңіліне қаяу салады. Оларға қарсы Аллаһ Тағала: «Сөзсіз саған дұшпандық жасағандардың өздері ұрпақсыз қалады» – деген аятын түсіреді. Аллаһ Тағала елшісіне осы сүрені түсіріп, ақыр соңында сол сөзді айтқан дұшпандардың ұрпақсыз 420 Мәңгі мұғжиза қалып, ал хәзіреті Пайғамбардың (с.а.у.) аты қияметке дейін Алланың атымен бірге мұнаралар мен мінберлерде ұлықталады. Оның артынан қияметке дейін келетін мүминдер оның ұрпағы іспеттес. Ол мүминдердің әкесі орнында. Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!
Көксу аудандық Балпық би мешітінің
бас имамы Е. Ерімбет