https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Аманатқа адалдық

12 May 2015 0 comment Оқылды: 6831 рет

 Қазақ ежел­ден ұрпағын әділдікке, адалдыққа, жауапкершілікке шақырып, құлағына «біреудің ақысын же­ме», «ешкімнің ала жібін ат­та­ма», «аманатқа қиянат жа­са­ма» деп құйып отырған. Ар-ож­дан­ды биік қойып, адалдыққа ұмтылып, имандылықты бой­ы­на сіңірген ізгілердің ізін жалғастыру үшін имандылықтан, ба­ба тәлімінен үлгі алудың маңызы зор. Әсіресе, әр адам өзіне жүктелген  істі  «ардың ісі» деп сезініп, берілген «аманатқа қиянат жа­са­ма­са», әділдікті ұстаса,  жемқорлықтың жібі үзіліп,  қарапайым халық зиянға ұшырамасы анық.

Көптеген адам­дар «ама­нат» сөзін тар мағынада түсінеді, яғни олар «ама­нат­ты» адам­дар сақтауға бер­ген зат­тар­ды қорғау, сақтау деп қана түсінеді, ал шындығында Ис­лам дінінде оның мағынасы кең және ауқымды. Яғни, ама­нат ол – па­рыз, осы па­рыз­ды атқаруда және оған дұрыс көңіл бөлуде са­ха­ба­лар Алла Тағаладан жәрдем тілеп, бір-біріне сапарға шығар ал­дын­да мы­нан­дай на­си­хат жа­сап тұрған: «Мен Алла Тағаладан сенің аманатыңның және істеріңнің игілікті аяқталуын тілеймін». (Тер­ми­зи)

Мүминдер өмірінің негізгі аманат пен сенімділікке сүйенеді.Аманат – адамның кепілдемесіне алынған күллі нәрсе. Оның ақыреттік немесе дүниелік маңызы болып-болмауы шарт емес. Аманатшылдық мұсылманның Аллаға деген иманынан бастау алатын ізгі мінездердің бірі.Аманат – арабтың «әл-амана» сөзінен шығады. Аманаттың бірнеше түрлері бар. Аманаттың қай түрі болмасын, қиянат жасамай өз иесіне бастапқы қалпында қайта табыс ету.

Демек, дінімізде айтылған сенімділік иманның дұрыс болу шарттарының бірі. Сондықтан оны үнемі қорғап жүруіміз үшін Раббымыз Құранда көп деген нұсқаулар берген. Солардың бірінде:

«Бір-біріңе аманат табыстар болсаңдар, алған жақ аманатты тиісінше орындасын және Раббысы Алладан қорықсын».(Бақара сүресі-283 аят)

«Әй, мүминдер! Аллаға және елшісіне опасыздық істемеңдер, өздеріңе тапсырылғанаманатқа біле тұрып қиянат қылмаңдар». (Әнфәл сүресі-27 аят)

«Аллаһ сендерге аманаттарынды өз орнына тапсыруларынды және адамдардын арасына төрелік етсеңдер, әділдікпен төрелік етуге бұйырады». (Ниса сүресі-58 аят)

Әбу Һурайрадан (р.а.) Аллаһ елшісінің (с.ғ.с): «Мұнафықтың үш сипаты бар – сөйлесе, өтірік айтады; уәде берсе, орындамайды және сеніп аманат тапсырылса, (оған) қиянат жасайды», – деп айтқаны риуаят етілген (имам Бухари, Муслим).

Аманат пайғамбарлардың ерекше сипаттарының бірі.  Хз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жәһилия арабтарының сеніміне кіргені соншалық, олар оны «Әл- Әмин» және «Әл-Садық»сипаттарымен айтатын. Тіпті Расулуллаһтың қос дұшпаны Әбу Жәһилдің өзі оған:-«Ей, Мұхаммед! Мен сені өтірікшісін демеймін. Бірақ мынау насихатынды қабылдағым келмейді», дей отырып оның айтқандарын ақылымен растаған. Әйтсе де нәпсісімен күрескісі келмейтіндіктен насихатты қабылдамайтынын мойындап отыр. Оның бұл ісі Құранда былай баяндалады:«(Расулым) саған өтірікшісің демейді, бірақ ол залымдар ашық түрде Алланың аяттарын жоққа шығаруда» (Әнғам-33 аят).

Сенімділік және сөзінде тұру тұрғысында Пайғамбарымызға (с.ғ.с) ешкімнің жете алмайтындығы анық. Бұл тұжырымға Абдуллаһ бин Әбу Хамса жеткізген мына риуаят керемет мысал болады: «Расулуллаһқа әлі пайғамбарлық келмей тұрғанда, сол кісімен саудаласып тұрып оған қарыз болып қалдым, сәл күтсе тез арада әкеліп бере қоятынымды айтып, ол жерден кеткенмін. Берген сөзімді ұмытып кетіппін, үш күннен соң әлгі жерге барсам, ол мені әлі күтім отыр екен. Бір ғажабы Расулуллаһ маған еш ренжемей, жәй ғана: «Әй, жігіт-ай,  мені әуреледің ғой. Сені үш күн бойы күтіп отырмын»,- деді (Әбу Дәуіт, Әдәб, 82/4996)

Пайғамбарымыздың бұл сенімділігі мен шыншылдығы айналасындағылардыңбарлығын мәлім еді.Сондықтан Меккенің асыл да абыройлы әйелі Хадиша анамыз оның сол болымысына қайран қалып, өзіне үйленуге ұсыныс жасаған.

Иманның нағыз дұшпандары яһудилердын өздері өзара дауласқан кезде төрелік ету үшін хазіреті Пайғамбарға келіп жүгінетін. Пайғамбарымыз  қара қылды қар жаратын әділдікпен дауларын шешіп беретін.

Византия патшасы Геракулс Исламға насихат хатын алған кезде Исламның қас жауы Әбу Суфиян сол Шамда сауда жасап жүрген. Гераклус патша оны шақыртып Пайғамбарымыз жайында бірнеше сауал қояды. Геракус әсіресе, оның сөзіне беріктігі, шыншылдығы және сенімділігі жайында білгісі келген еді. Әбу Суфиян ол кезде Иманның дұшпаны болса да, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ешқашан өтірік айтпағанын,аманатқа қиянат жасамайтынын, берген уәдесіне де ешбір таймағанын айтуға мәжбүр болған.

Осыларға қарасақ, Расулуллаһтың Пайғамбарлығын мойындамағандардың өзі оның сенімді екендігін жақсы білетін. Мұсылмандар да, бәр нәрсені сақтау кезінде немесе біреуге аман-есен табыстау керек болғанда оны пайғамбарымызға апарып беретін. Хижра жасау кезінде Расулуллаһтың қолында мүшріктердін біраз аманаттары бар еді. Пайғамбарымыз өзін өлтірмек болған мүшріктерге аманаттарын аман-есен қайтарып беруді  хазреті Әлиге  тапсырған.

Хазреті Мухаммед (с.ғ.с) барлық тіршілік иелеріне жаратушының мейірім көзімен қарау керектігін үгіттеп, өсіп тұрған жас талдың өзін ретсіз кесуге де тиым салған. Өз мысығын аштан аш қамап тастаған діндар әйелдің тозақтық екендігін, ал шөлден өлейін деп жатқан бір итке су берген күнәһар әйелдің Алланың мейіріміне бөленгендігін хабар берген.

Бірде мұсылмандар кезекті бір сапардан келе жатады. Жол бойында бір-екі сахаба құстың ұясынан балапандарды алып, сипалап, қызықтап тұрады. Балапандардың анасы келеді де өз балапандарының ұяда жоқтығыны аңғарған соң шырылдап, мазасызданады. Алла Расулы мұны көргенде анасын қинамай, дереу балапандарды орнына қоюды бұйырады (Әбу Дәуіт, Жихад 112).  Себебі ол әрбір тіршілік иесін Алланың аманаты деп білетін және мүминдердің жер бетінде тыныштық сақшылары болуын қалайтын.

Сондықтан да сенімділік – жауапкершіліктің мүминдердің тұлғалық қасиетіне айналуын қалаған Расулуллаһ (с.ғ.с.) хадисінде: «Саған аманат тапсырған адамның аманатын (уақытында) қайтар. Саған опасыздық жасаған адамға, сен опсыздық жасама»,-дейді (Әбу Дәуід). Яғни, аманатқа қиянат жасауды үлкен күнә деп қараған.  Бір күні серіктерімен әңгімелесіп отырғанда оның бірі: «Қиямет қашан болады?»-деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Аманатқа қиянат көп жасалған кезде қияметті күте бер»,-деп жауап береді. Ал: «Аманатқа қалай қиянат жасалады?»,-деген сұраққа: «Егер (аманатты сақтау үшін) қиянатшыл адамға тапсырса, онда Қияметті күт»,-деп жауап береді (Бухари).

Хадисте Анас (р.а.): «Аллаһтың елшісі (с.ғ.с.) бізге: «Аманатшылдығы жоқ адамның иманы жоқ. Уәдесін орындамайтын адамның діні де жоқ», деп жиі насихат  айтар еді», –деп риуаят келтіреді (Ахмет, Табарани және ибн Хаббан).

Мүміндердің әмірі Омар ибн Хаттаб (р.а.) халифалығы кезінде түн жамылып, халықтың жай-күйімен танысып жүреді. Бір кезде сүтке су қосқан анасына сөйлеп жатқан қыздың дауысын естиді: «Уа, анашым! Мұсылмандарды алдап,  берген сертті бұзып,  мүміндердің әміріне өтірік сөйлеп жатсың ба? Патшамыз бұлай жасауға тыйым салған жоқ па?», – дейді.

Анасы оған: «Мүміндердің әмірі мені көріп тұр ма?», – деп сұрайды. Қызы: «Бізді мүміндердің әмірі көрмесе де, әлемдердің Раббысы көріп тұрған жоқ па?», – деп жауап береді.

Халифа Омар (р.а.) әлгі сүт сатушының қызын аманатқа беріктігі үшін өзіне келін етіп алған еді.

Жалпы адамзатқа берілген барлық нығметтердің әрбіреуі жеке-жеке аманат. Расулуллаһ (с.ғ.с.) қоштасу құтпасында: — «Сендерге үлкен аманат тастап барамын, оны мықтап ұстасаңдар жолдарыңнан мүлде адаспайсыңдар. Ол – Алланың кітабы және сүннеті»,-деген (Хаким). Олай болса, Құран Кәрім мен сүннет Алланың және оның елшісінің бізге қалдырған ең үлкен аманаты. Сонымен қатар пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мүминдердің бір-біріне жауапты екендігін,бір қабырғаның кірпішіндей бір-біріне демеу болуы керектігін, бір дененің мүшелеріндей бірі қиналғанда, басқаларының да сезінуін, көршісі аш, өзі тоқ жату мұсылмандыққа жатпайтындығын, қорыта айтқанда мүминдердің бір-біріне аманат екендігін айтқан. Тіпті біздің ұлттық ерекшеліктеріміз бен ұлттық тіліміз де бізге Алланың берген аманаты. Ата-бабаларымыздың иман батылдығымен, білек күшімен және найзаның ұшымен қорғап, бізге тастап кеткен жері де аманат. Ал аманатты қорғау біздің қасиетті боршымыз. Раббымыз осы айтылған аманаттарымызды қорғау үшін бізге күш-қуат пен ерік-жігер бергей.

Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің

 бас имамы Алмас Сағидоллаұлы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз