Бізді исламмен қуанышқа, екі дүние бақытына бөлеген пәк әрі аса жоғары Аллаһ Тағалаға мақтау мен мадақ айтамыз!
Пайғамбарымыз Мұхаммед (c.а.с), оның пәк отбасына , сахабаларға оларға ілескендерге Аллаh Тағаланың рақымы мен сәлемі болсын !
Ислам және қоғам. Бұл ауқымды тақырып .Ислам аясындағы қоғам ынтымақты ,салихалы әрі үлгілі отбасылардан құралған . Ислам жеке адаммен отбасының қамын қалай құнттаса, қоғамның қамын да солай құнттайды. Қоғам мүшелерін Аллаh үшін қалыптасқан иман мен бауырмалдық байланыс біріктіреді .Қасиетті Құрандағы “ Әл – Хужурат ”сүресінің 10 – Аятында “Иман келтіргендер – тек қана бауырлар ”делінгені сондықтан Ислам қоғамның мүшелері өзара қарайласушы әрі өзара мұндас, бір бірінің құқықтарына қолсұқпайды, қианат жасамайды. Керісінше бір – біріне Қамқор және адал. Олар өзара ақылдаса, кеңесе отырады.
Қоғамның пайдасы жеке пайдаға ықпал ету үшін Ислам қоғамдағы әр бір тұлғаға елбасына өз жауапкершілігін, халыққа өз жауапкершілігін және ер мен әйелге өз жауапкершілігін жүктейді.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (c.а.с), Ислам үмбетінің қоғамын “Иман келтіргендер өзара сүйіспеншіліктерінде, қайырымдылықтарында және аяушылықтарында бейне бір дәне тәрізді. Егер оның бір мүшесі ауырса, басқа мүшелері де мазасыздық танытып, қызуы қөтеріліп бір бірін шақырысады”- деп әдемі айтқан Жеке адам мен отбасы салихалы болса қоғамныңда салихалы болары даусыз. Сондықтан қоғамда ұлтқа, Қалыққа тұлға болатындай рухта тәрбиелеуде біздіңде рөліміз күшті болуы қажет.
Адам - өзі өмір сүрген қоғамның мүшесі. Қоғам дегеніміз қайталап айтсақ,адамдардың бірлесіп өмір сүруі. Бұл бірлесу от басынан басталып, туыстары, көршілері ауыл – Қала тұрғындары , мемлекет азаматтары ,жалпы әлем халықтары арасындағы қатынастарды қамтиды .Адамзат қай қоғам, қай дәуірде де дінге мұқтаж. ”Дін – ақыл иелерін өзінің ерік – жігерімен ен жақсы тура жолға, көркемдікке жеткізетін зан” деген Анықтаманы Исламды зерттеушілер сондықтан айтса керек Өйтені дін – қоғамды өркендетеді, дамуына зор ықпал етеді
Ислам қоғамның ерекшеліктерінің бірі – Мұсылман қоғамының әр бір мүшесі жақсылық пен туралыққа бұйырып, жамандықпен әділетсіздікке қарсы тұру қажет .
Аллаh Тағала Құран Кәрімдегі “Әли — Имран”сүресінің 110 – аятында айтты “Сендер адамдар үшін шығарылған ең қайырлы үмбетсіндер, Жақсылықты бұйырып ,Жамандыққа кедергі болсандар және Аллаhқа Иман келтірсендер.
Бұдан шығар қортында, Ислам қоғамының негізгі мақсаты – Ізгі амалдар арқылы әдәлетсіздікті жою. Әділеттілікті орнату. Мұсылман ер де, әйелде әрдайым бір біріне жәрдемші болса ,жақсылыққа шақырса, қоғам да, дін де, өмір де гүлденеді, нұрланады.
Жана дәуірде қадам басқан қазақ қоғамы да Исламмен біте қайнасып, күн өткен сайын көркейіп келеді. Дін басымыз Ержан қажы Малғажыұлы хазіретіміз айтқандай Келешекте мемлекетіміздің ірге тасы мықты болып, әлемдегі өркениетті мемлекеттер қатарына қосылуына Ислам дінінің қосатын үлесі зор деген орынды сөзі мен айтпақ ойымды аяқтаймын.
Болат САҒЫНҒАЛИҰЛЫ,
Алматы облысы, Ескелді ауданы,
Қарабұлақ орталық мешітінің Бас имамы