https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Орта жолды ұстанудың пайдасы

12 May 2015 0 comment Оқылды: 2320 рет

Медетбеков Аман      Ислам діні, діни және дүниелік істерде шектен шықпай орта жолды ұстануға шақырады. Кез келген нәрсені дұрыс істеуді насихат етеді. Өйткені ислам дінінің мақсаты адамзат баласына көңіл тыныштығын және рухани кемелденуді ұсынып, жақсы ғұмыр кешуін үндейді. Аллаһ Тағала Құран кәрімде былай дейді: « وَكَذَلِكَ جَعَلْنَاكُمْ أُمَّةً وَسَطاً»

      «Осылайша сендерді (шектен шығу мен кемшілік атаулыдан арылған) орташа үммет еттік!» (Бақара сүр.143 – аят). Орта жолды ұстану дегеніміз кез – келген нәрсенің бұзылмай сақталуын қамтамассыз ететін тепе – теңдік ішінде жаратты. Құран кәрімдегі әмірлер сол тепе – теңдікті ұстап тұруға үлкен септігін тигізеді. Сондықтан өмірде орта жолды ұстанудың ең дұрыс әдісі Аллаһ Тағаланың әсірлеріне мойынұсыну болып табылады. Аллаһ Тағала негізін қалаған қағидалар бұзылған күнде ғұмыр кешу қағидасы машақатқа айналып бассыздық кең етек алады. Бұған Құран кәрімдегі мына аят айғақ болады.

وَالسَّمَاء رَفَعَهَا وَوَضَعَ الْمِيزَانَ {7} أَلَّا تَطْغَوْا فِي الْمِيزَانِ

      «Ол аспанды көтеріп, тепе – теңдік орнатты. Олай болса, шектен шығып тепе – теңдікті бұзбаңдар!» (Рахман сүр.7 – 8 аят).

      Соңғы Пайғамбарымыз ( с.а.у.) хадистерінде былай дейді: «Істердің ең қайырлысы, орта жолдан шықпағаны» және бір хадисінде: «Орта жолды ұстаныңдар! Амалдарыңды кемелдендіруге, Аллаһқа жақын болуға күш салыңдар! Таңертең және түс ақшамның арасында жұмыс істеңдер! Түннің бір бөлігінен де пайдаланыңдар! Алдарыңдағы мақсатқа жету үшін, асығып аптықпаңдар!» Жоғарғы айтылған аят пен хадистерден діни және дүниелік істерде шектен шықпау деген мағына шығады. Аллаһ және оның Елшісі негізін қалаған қағидалар өмірде жүзеге асып жатса, қоғамда тыныштықтың орнайтыны сөзсіз. Өйткені кез – келген нәрсенің өміршеңдігін орта жолды ұстану арқылы қамтамассыз етеді. Бұл жайлы Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Сөз бен іс –әрекеттерінде шектен шыққандар құрып кетті». Кез келген мұсылман құлшылықтың өзінде де шектен шықпауы қажет. Төмендегі мына хадис соған дәлел болады: «Парыз болмаған амалдарды шамаларың жеткенше істеңдер! Өйткені амалдардың ең қайырлысы, аз болсада үзілмей жалғасқаны». Яғни ислам дінінде монах секілді әрекет жоқ. Адам рухының рунани азыққа мұқтаж болғаны тәрізді, тәннің де біршама мұқтаждықтары  болады. Бұл мұқтаждықтар қамтамассыз етілмеген жағдайда тепе – теңдік бұзылып адамның қалыпты өмір сүруі қиындай түседі. Аллаһ Тағала жомарттық пен садақа істеріндеде орта жолдан таймауды әмір етеді.

      «Сараң да болма, қолы мүлдем ашық жан да болма!(Өйткені елдің) табалауына тап болып, қасірет шегесің!» (Исра сүр.29 – аят). Бір күні Аллаһ Елшісі (с.а.у.) маңайындағы сахабаларға қарап: «Орта жолды ұстаныңдар! Туралықтан таймаңдар! Біліп қойыңдар! Ешбірің амалың саясында құтылмайды!» — деді. Маңайындағы сахабалар: « Сенде құтылмайсың ба?» — деп таңданыстарын жасыра алмады. Тек Аллаһ мейірімі мен рақымдылығына бөлеп жатса ол басқа» деп жауап берді. Құлшылықта енжарлық, жалқаулық таныту кісіні ақыретте үлкен өкінішке душар етеді. Ал құлшылықта шектен тыс әрекет етуден жалығушылық, қателік туады. Содан соң Аллаһтың әмірлерін толықтай атқаруға кедергі болады. Сол себепті орта жолды ұстану қажет. Құлшылықтың өзінде шектен шығуға рұқсат берілмеген болса міне осының өзі өзге іс – әрекеттерде орта жолды ұстанудың дұрыс екендігін көрсетеді. Сондықтан ішіп – жеу, киім – кешек кию тәрізді материалдық қажеттіліктердің өзінде орта жолдан шықпау қажет.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз