https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Мәуліт мүбәрак болсын!

12 May 2015 0 comment Оқылды: 2019 рет

Кеше бала едік,

Келдікқой міне бүгін талай жасқа.

Көз жетті бір орында тұралмасқа,

Адамды сүй, Алланың хикметін сез.

Не қызық бар өмірде одан басқа.

 Хаким Абай

         Биссмиллаһи Рахмани Рахим! Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Барша мақтаулар мен мадақтар Бір Аллаға болсын. Алланың игілі мен салемі пайғамбарымыз (с.ғ.у) болсын!

         Қазақстнда,  Ел басының үстанған дүрыс саясатының арқасында еліміздегі әрбір ұлт өзінің дәстүрін, дінін, ділін еркін меңгеріп дамытуда. Соның ішіндегі дін мәселесі, қазақ халқының ата діні -дәстүрлі Ислам дінінің ауқымы күн санап артуда. Оның бірден-бір айғағы – еліміздегі мешіттердің санының  көбеюі, бұхара қалықтың жаппай дінге бет бұруы қуанарлық жағдай.

         Ислам-Алладан келген хақ, қиямет қайымға дейін еш өзгермейтін шынайы дін. Қасиетті Құран Кәрім Алладан келген соңғы кітап. Жалпы адамзат үшін  үшін Ислам діні адамды екі дүние бақытына жетелейтін, имандылыққа, шыншылдыққа, тазалыққа шақыратын-қымбат қазына. Сондықтан да әлемде милиондаған адамдар бір мезгілде, өзін жаратқанға жалбарынып Аллының рахымына үміттенген ниетпен құлшылық қылады. Өйткені бабаларымыз, «Шеберді шебер дегенше Алланы шебер десеңші.  Қыс қылып қар жаудырған, жұмыртқаны құс қылған » деп, Алланың құдіретін танып, үнемі құлшылық қылған.

         Алла тағала адамдарды өзіне ғана сыйынуға шақырғанда үнемі жаратқан пенделерінің арасынан пайғамбарлар  тағайындап солар арқылы өз әмірлерін жеткізген. Сонау адам ата мен хауа ана жаралғалы бері жер бетін 124 мың пайғамбарлар келсе ,  солардың ішінде пайғамбарлардыФң соңы , өзінен кейін еш пайғамбар келмейтін адамзат баласын қараңғылықтан жарыққа шығарған, жаратылғандардың  абзалы, екі дүниенің мырзасы  Мұхаммед (с.ғ.у) мүсылман баласы ұшін ұлы тұлға.

         Мәуліт мерекесінің негізгі мақсаты- ардақты пайғамбарымыздың өмір тарихына көз жүгіртіп, ол кісінің өмірінен ғибрат алып, сансыз салауаттар айту. Өйткені Құран Кәрімде Алла өзінің сүйікті елшісі туралы, Ахзаб сүресінің 56-шы аятында «Алла  және періштелері, пайғамбарға салауттар айтады. Ей, иман келтіргендер сендерде оған салауат айтып салем жолдаңдар!» деп, бұйырған. Осы аятқа қарап әрбір мүсылман баласы пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.у) салауаттар айту ұлкен сауапты іс екенін ұғынады. Пайғамбарымызда өз хадисында , «Менің атым аталғанда, маған салауат айтпаған ең  сараң адам» деп, үнемі салауат айтуды бүйырған.

Осылайша дінге құрмет, пайғамбарымызға сансыз салауаттар айту үшін 18-ші қаңтар күні Басши ауылында Мәуліт мерекесі өтті. Мәуліт барасында мәдениет үйінде Кербұлақ ауданының барлық имамдары жиналып, жиылған жұртқа танымдық уағыздар айтты. Арасында жастарда өз өнерлерін ортаға салып, діни тақырыптағы өлең –жырлармен  мәуліттің маңыздылығын арттырды. Әсіресе,  имамдарымыз бір сапта түрып, мәуліт оқығанда көпшіліктің жүрегі елжірей, пайғамбарымызға деген сүйіспеншіліктері одан сайын арта түсті. Осылайша көптеген ауыл түрғындары Исламның маңызынан , діннің негізінін көптеген ғибратты мағлұматтарға қанықты. Уағыз арасында жастарға теріс ағымдардан аулақ болу, ата дінді берік үстану жөнінде кеңінен насихатталды. Мереке соңында барлық Мәулітке қатысушыларға қонақ асы беріліп, ауыл ақсақалдарының ақ батасымен барша қауым Жаратқанға шүкірлік, Пайғамбарымызға сансыз салауттар болсын деп, риза болған көңілмен тарқасты.

          Мәуліт мерекесінің жағарғы дәрежеде өтуіне ауыл тұрғындары мен сырттағы ел азаматтары көп жәрдемдесті. Арине, «Коп түкірсе -көл» деген, сол азаматтарымыздың Алла істеген істеріне береке беріп, өмір жастарын үзақ қылып, екі дүниенің бақытына бөлесін!

         Болашақта Мәуліт әр үйде оқылып, Алланың қалауымен елімізде тыныштық, құт-берекеміз ешқашан жоғалмасын!

Басши ауылының имамы:    Смағұлов Айдын

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз