https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Әйел затының қорғаны

12 May 2015 0 comment Оқылды: 1756 рет

Жас жұбайлар автобуста келе жатқан болатын. Олар автобуста отырған басқа жолаушылардан ерекшеленіп тұрды. Себебі, келіншек ұзын көйлек киіп, басына орамал тартқан болатын. Ол екеуіне қарама-қарсы орындықта жасы келген, белгілі бір Университеттің Профессоры отырған еді. Ол профессор жас жұбайларға қарап:
— Інішек, сенен бір нәрсе сұрасам бола ма? — деп сөз бастады.
— Иә мырза, айта беріңіз.
— Сендер көлікке мінгелі бері екеуіңе көз алмай қарап, бір нәрсені түсіне алмай отырмын. Өзің тәп-тәуір жігітсің, келіншегіңді не үшін осынша азаптайсың? Неге оған еркіндік бермейсің? Қазір, XXI ғасыр, заман дамыды, адам өзгерді. Ал сен болсаң, жаздың ыстығына қарамастан келіншегіңді қымтап, орап қойыпсың. Ал мынау, міне менің жұбайым. Жасы 47-ге келсе де, басына орамал тақпаған. Өз еркі өзінде. Не кием десе де, қарсы емеспін. Ал сен неге сонша жұбайыңды қинайсың? Қандай себебі бар оның? — деп профессор сұрақ қойды.
Жігіт терезеден қарап, автотұрақта жамылғы жамылып тұрған көліктерді көрсетті де:
— Мырза, сіз ана көліктерді көріп тұрсыз ба? — деді.
— Иә, ол көліктердің не қатысы бар?
— Олардың төбесін неге матамен жауып қойған?
— Ол біреудің жеке меншігі емес пе? Көліктің сырты кірлемесін деп жауып қойған шығар.
— Ал жанында тұрған автобустың төбесін неге жаппаған?
— Себебі, ол қоғамдық көлік. Оны кез-келген адам пайдаланады. Бұнымен не айтқың келіп тұр? Айтарың болса тіке айт, — деп профессор ашулана бастады.
— Түсінесіз бе, бұл менің — келіншегім, менің жеке-меншігім! Оған барлық еркектің назар аударып қарағанын қаламаймын! Сондықтан, ол осылай оранып жүреді. Ал сіздің жұбайыңыз — анау тұрған қоғамдық көлік сияқты. Себебі, оған кез-келген көз сұқтанып қарай алады, — деп жігіт қарапайым ғана жауап берді… Профессор үнсіз қалды, жанында отырған жұбайының беті ұялғаннан қызарып кетті…

Амантай Тойшыбайұлы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз