https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Мұсылман адамның сипаты

12 May 2015 0 comment Оқылды: 2939 рет

Мекке қаласы пайғамбарымыздың қолына бейбіт түрде өтті. Исламның жандану дәуірі басталды. Алайда, оңтүстікте Иемен дейтін жұрт, мұсылмандардың тыныштығын жиі алатын. Сондықтан Пайғамбарымыз соңынан МЕККЕЛІКТЕР МЕН МЕДИНАЛЫҚТАРДАН ТҰРАТЫН қалың қол ертіп, Иеменге жорыққа шығады. Соғыста мүминдер жеңіп, олжа бөлісу басталады. Мынау нәрсені білген дұрыс. Меккеліктер үшін – пайғамбар көз алдында өскен бала. Мұхаммед бұлар үшін біреуіне құрдас, енді біріне туысқан. Сондықтан, пайғамбарды аңсарлар секілді құрметтей алмайтын. Бұл олжа бөліс кезінде қатты көрінді. Аңсарлар ілтипат көрсетіп, Алла елшісінің ишарасын күтіп тұрғанда, меккеліктер жүгіріп келіп, соғыстан түскен заттарды алып жатты. Ол кездегі олжалардың құнын қазіргі адам түсіну үшін, бүгінгі стандарттарға салсақ, миллион доллардың заты болады. Не керек, әркім өз қалаған тауарын арқалап, үй-үйлеріне тарасып жатыр. Бір меккелік жүгіріп келіп: – Әй, Мұхаммед. Мен ұлымды үйлендіргелі жатыр ем. Мынау табын жылқыны мен алайын дейді. Пайғамбар мақұл дейді. Екінші бірі жүгіріп келеді де,– 2 шақырымға созылып жатқан құрма бағын сұрайды. Пайғамбарымыз жоқ дей алмайды, сұрағанын береді.

Бір қараса, олжаға түскен дүниелер де түгесіліпті. Осы кезде шайтан мәдиналық мұсылмандардың арасына келіп, арандатпа әңгімелерді тарата бастайды. Әне көрдіңдер ме? Мұхаммед өзінің меккелік туысқандарына бүкіл олжаны бөліп берді. Сендерге ештеме қалдырмады. Сендерді жәй құрал ретінде ғана пайдаланды. Соғыста сендердің шабуылдарың шешуші рөл ойнаса да, Мұхаммед туысқандарына бүйрегі бұрды. Қанын тартпағанның қары сынсын деген осы,-деп жамандай бастайды. Бұл арандатуға бірді-екілі  аңсарлар көніп те қалған еді…

Бұл елірме сөз пайғамбарымыздың құлағына да жетеді. Бар істі тастайды да, мәдиналық мұсылмандарға қарай жүгіреді. Алла елшісінің бұл әрекетінен байқағанымыз, өтірік шықты ма, оны жылдам терістеу керек. Әйтпесе өтірік көп жұрттың бойына сіңіп кетеді де, оны шығару қиын болады.

Не керек, пайғамбарымыз мәдиналықтардың арасына жанұшыра жүгіріп барды. Барған бетте, өзінің дәрежесін түсіре, сөз бастады. Мен сендермен жолыққанға дейін кім едім,-деп сұрақ қойды. Іле, әңгімені өзі жалғады. Мен сендерге дейін – өз туыстары сидырмай қуып жіберген бір пақыр едім. Мал-мүлкі жоқ бейшара едім. Сендерге жолықтым. Пана болдыңдар, астыма тақ бердіңдер. Алла осы істерің үшін сендерге «АҢСАР» көмектесуші деген ат берді. Ал енді сендер менімен жолыққанға дейін кім едіңдер,-деп сұрақ қояды. Пайғамбарының өзі алдарына жүгіріп келіп, өзін төменшіктей суреттегінен көрген қайсібір сахабалар жылап жібереді. Сосын біреуі ортаға шығып:

- Уа, Алланың елшісі. Сенімен жолыққанға дейін, біздер өзара қырық пышақ болып қырқысып жатушы ек. Адам өлтіру, ұру-тонау қалыпты құбылыс еді. Күнәһар, зинақор бір қауым ек. Әйелдерімізді адам құрлы көрмейтін ек. Балаларымыз тілімізді алмайтын еді. Сен келдің. Сенімен бірге бейбіт өмір келді. Көршілермен туысқандай тату болуды үйрендік. Әйелдерімізді құрметтеуді, кішіге ізет көрсетуді сен бізге үйреттің. Мәнсіз-мағынасыз қан төгіске тоқтам жасалды. Балаларымызға дұрыс тәрбие бердік. Ата-анамызға қамқор болуды үйрендік… Ары қарай сөйлей алмай кемсеңдеп жылап жібереді.

Бұл диалогтан не түсінеміз?! Бір қауымға дін келді дегенде мынадай өзгерістер болуы керек. Ең әуелі қоғамның мінезі жұмсаруы керек. Қартайған ата-анасын қарттар үйіне өткізу тиылу керек. Жетімдер үйі жойылуы керек. Туыстар бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болып, бір-біріне көп қыдырыстап келетін болуы керек. Көршілер тату-тәтті ғұмыр кешуі керек… Қысқасы, дін келгенде қауымға ауыз біршілік, бірін-бірі демеу, жәрдем етушілік, бейбіт өмір қоса келу керек. Ал қазір не көріп отырмыз? Кеше, дінсіз қоғамда екі көрші дос болып еді. Дін келді. Екеуі де намазға жығылды, сөйтті де бірін-бірі көре алмайтын қас-дұшпанға айналды. Неге? Себебі бұл екеуі де, ең бірінші шартты қате таңдады. Ол қандай шарт?! ИСЛАМ мынау қауымға келгенін көрсететін ең әуелгі сипат, белгі, категория ол – пәленше қыздың хиджаб тағуы, түгенше адамның сақал қоюы, ондаған жігіттің балағын қысқартуымен есептелмейді. Ислам мынау қауымға келіп орнықты дей аламыз, егер жұрт бір-бірімен тату өмір сүрсе. Қиын жағдайда бір-біріне көмекке асығып тұрса…

Нұрбек Бекбау.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз