https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Имам Ағзам мазһабы

12 May 2015 0 comment Оқылды: 1556 рет

Бұл күндері Аллаға шүкір  егеменді елміз, Тәуелсіз мемлекетпіз. Елбасының сарабдал саясатының арқасында дініміз бен тіліміздің қанаты кеңге жайылып,өрісі кеңеюде. Ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы Ислам дінің ұстаны, имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабының аясында құлшылық амалдарын атқарып келеді. Мәзһаб-жол бағыт,көзкарас деген мағынаны білдіреді. Бұл күндері Ханафи мәзһабын әлем мұсылмандарының жартысынан жуығы ұстанады. Әбу Ханифа мәзһабы–біздің өмір салтымызбен біте қайнасып үндесіп жатыр. Бұл мектептің тамыры тереңде, ұлттық мәдениетімізбен сабақтас.Бұл мәзһаб-қазақ мұсылмандығының алтын дінгегі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен оның қарауындағы барлық мешіттер осы Әбу Ханифа мәзһабы бойынша шариғат ұстанып соған сай амал етеді.Сондықтан ғұламалар Ханафи мәзһабының белді ғұламаларының еңбектері жайлы: «Фиқһ ілімінің дәнін Абдулла ибн Мәсьд (р.а) екті, имам Әлқама өніп щыққан егінді суғарды  Ибраһим ән Наһаьи піскен астықты жинады, Әбу Ханифа оны диірменге тартты, Имам Әбу Юсуф үннан қамыр иледі,имам Мұхаммед нан етіп пісірд, міне барлық халық осы күнге дейін имам Ағзам дайындаған нанды жеп келеді»,-деп өз ой пікірлерін білдіріп кеткен.Ұлық имам Әбу Ханифа ғұмыры мен дәулетін Алла жолына сарп еткен,артына үлгі өнеге қалдырған ғұлама ғалым.Ол дүниеден өткенде ибн Жариж деген ғалым: «Қандай білім кетті!Қандай білім кетті!-деп  қайғырған екен.Абай атамыздың:»Өлді деуге болама айтындаршы,өлмейтұғын артына сөз қалдырған деген сөзі осындай даналарға арналғандай.

Мәзһабым имам Ағзам қолда қалам

Жаратқан білімді қып Алла  Тағалам,-деп жырлаған ата-бабаларымыз имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабының ерекшелігі мен артықшылығына ерекше мән беріп, ұрпақтарына осы жолмен жүруді өсиет еткен. Есімі қазақ жұртына таныс Абай,Ыбырай, Шәкәрім ,Мәшһүр Жүсіп бабалырмыз да имам Ағзам мәзһабын ұстанғаны тарихтан белгілі. Әбу Ханифа мәзһабы шариғатқа қайшы келмейтін кез-келген дәстүрімізді ұстануға мүмкіндік береді.Әбу Ханифа мәзһабы біздің кез-келген мәселерімізді шешетін бай,барша қажетімізді өтейтіндей қолайлы. Себебі,бұл мәзһабтын өзіндік тарихы,сүйенетін негізі бар. Әбу Ханифа мәзһабы басқа мәзһабтарды құрметтейді. Оларды егеске емес бірлікке шақырады.Қазіргі таңда  біздің кей бір бауырларымыз бір-екі аят пен хадисті жаттап алып шариғатқа терең бойламай  пәтуа айтып мәзһапты мойындамай жатады. «Тәртіпке бас иген құл болмайды» -демекші Ислам дегеніміз ең алдымен  тәртіпке мойынсұну. Берекелі бірлігімізді,жарасты тірлігімізді сақтай отырып ата-бабаларымыз ұстанған әлі де ұстана беретін имам Ағзам мәзһабына сай амал етсек елімізде береке мен ынтымақ болатыны анық.Еңселі елдің іргесін есер ағым бұзады демекші бүйректен сирақ шығармай ата-бабаларымыз ұстанған Әбу Ханифа мәзһбының шеңберінде ибадатымызды қылып жаратқан иеден ынтымақ пен бірлік сұрайық.

Құндызбек Медетбеков

Панфилов ауданының бас имамы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз