Иман деген сөздің тілдік мағынасы – сенім деген сөз. Ал шариғаттағы мағынасы – бір Алладан басқа ешбір құдайдың жоқтығына және Мұхаммет пайғамбардың Алланың елшісі екендігіне әрі барлық құранда айтылған Жаратушының сөздерін еш күмәнсіз хақ деп білу. Аллаға иман келтіріп, оның әмірлеріне бойұсынған адамды — мұсылман деп атайды. Бір мұсылманнан: Мұсылмансыңба ?деп – сұраса; * Әлхамдүлиллаһ мұсылманмын, яғни Аллаға шүкір мұсылманмын ;- деп жауап береді.Қалай мұсылмансың ;-деп сұраса; Иман келтірумен мұсылманмын; Лә иләһә ил-лол-лаһ Мұхаммадүр расул Аллаһ;-деп кәлима айтып өзінің иман келтірген мұсылман екендігін тілімен айтып,жүрегімен сеніп, дәлелдейді.Мінекей, Алланың құлы ,Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) үмметімін деген мұсылман қашан да Жаратушысын естен шығармайды. Иманның аясы өте кең. Сабырлық – иманның ең абзалы сатыларының бірі. Сабыр адамзатты кемелдік шыңына жетелейтін ең асыл қасиеттердің бірі. Асылында бұл қасиет адам баласына әуелден Жаратушы тарапынан берілген.Сабыр -жетістікке жетудің сырлы кілті. Сабыр- тосыннан қандай да бір қиын жағдайға тап болғанда, әл-дәрменің таусылып, салың суға кеткен сәтте бойыңдағы бар күш- қуатыңды жинап қайраттану, басқа түскен ауыртпалыққа төтеп беру үшін белді бекем буу.Сабыр сақтау-тағдырға ризашылықтың ,шүкірліктің белгісі. Налып іштей риза болмаған адам өмірде ештеңеден байыз таппай өтеді. Сабыр сақтау немесе шыдамдылық таныту- парасаттылықтың нышаны. Байқап қарасаныз ,қиындықтармен күресе жүріп шыңдалған адамдар өмірде көптеген жақсылықтар мен табыстарға қол жеткізген.Қазақ- сабыр түбі сары алтын –дейді.Сол үшінде сабыр- екі дүниенің де бақыты үшін адам бойына дарытқан Жаратушы иеміздің көркем қасиеттерінің бірі. Алла тағала құрандағы көптеген аяттарда сабырлы болуды дәріптеп, сабырлы құлдарды жақсы көретіндігін, сабырлы жандарды үлкен айтулы сый –сыяпатқа бөлейтіндігін жеткізген. Құранда:* Алла сабырлыларды жақсы көреді *деп ,өз сүйіспеншілігіне артығымен боленетіндердің сабырлы жандар екендігін білдірсе, бұған қоса тағы бір аятта:*Әрине ,сабыр еткендерге істеген істерінен де жақсылық береміз*-деу арқылы сабырлы жандарға арнайы сыйдың әзірленетінін сүйіншілейді. Бұл дүниеде біздің басымызға түскен қандай да бір қиын-қыстау жағдайдың бәрі сынақ . Кеңшілік те, таршылық та, жоқшылық та, баршылық та, ауыру –сырқауға ұшырау да сынақ. Жаратушы Иеміз бұл жайында қасиетті құранның Бақара сүресінің 155 аятында *Сөзсіз біз сендерді қорқынышпен , аштықпен ,мал-мүліктеріңді өздеріңді,әрі өнімдеріңді кем қылу арқылы сынаймыз *-дейді.Демек , адамның басына әртүрлі сынақ келеді .Біреуге қиыншылық түссе , біреуге бай дәулет келуі мүмкін. Қиын жағдайда адам Алладан келген сынақ екенін ескеріп , сабыр етсе ,қуанышты жағдайда астамсып кетпей,Аллаға шүкір етсе ,сондай адамды Алла жақсы көреді екен. Қазақта өмір- қамшының сабындай қысқа- деп ,бұл дүниенің уақытша ғана екенін ескерген. Сондықтан әркез Алланы қаперімізден шығармай өмірдің қиын- қыстау жағдайын ұлы Раббымыздың сынағын екенін біліп , сабырлы болсақ, екі дүниенің бақытына қол жеткізеріміз анық.
Алакөл ауданының бас имамы Әнет Молдахметов