Пайғамбарымыздың(с.ғ.с.)сүннет жолы
Әлемдердің раббысы Алла тағалаға мада мақтау болсын! Пайғамбарымызға жан ұйасына сахабаларына сәлем болсын!
Пайғамбарымыз Мұхаммедың(с.а.с) туған айы барша мұсылмандар үшін ерекше ай болмақ. Пайғамбарымыз(с.а.с) өмірі өнегеге толы, Ислам дінінің тура жолының көрнісі, ақ пен қараны ажыратушы, әр бір мұсылманның бақыт тауып Аллаға мол сауаб пен жететін жолы.Пайғамбарымызды(с.а.с) танып өмір тарихын білу, мұсылмандарды бұл қызығы көп сынақ дүниеде барлық жамандық атаудан тиып, жаннатқа бастар жақсы іс жасауға тәрбиелейді. Алла тағала адам баласын жамандықтан тиылып, жақсылықта болуды бұйырады. Бұл жайында қасиеті Құранда: « Сендер адамдар арасынан шыққан жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыятын, Аллаға сенген қайырлы үмбет болдыңдар»- делінген. Міне осы аяттан түсінемыз біз Алланың сүйікті пайғамбарының үмбетін жамандықтан тиып, жақсылықа шақыруы Алланың әмірімен болғанын білеміз. Алла елшісін білместіктен, Ислам дінін бізге толық жеткізген тулғаны танымау Ислам дінін толық түсінбейды. Пайғамбарымыз(с.а.с) дүниеге келумен әлемге нұрын шашып барлық жамандықтың басы арақты Алла тарапынан аят тусып харам екенін жеткізді. Құранда арақ туралы аятта: « Әй мүміндер! Арақ , құмар, пұтқа табыну және бал ашу лас, шайтанның істерінен. Одан сақтаныңдар ,құтыларсыңдар.»-делінеді.Хазіреті Пайғамбарымыз(с.а.с)бұл туралы былай деген:« Мас қылатын әр нәрсе харам. Арақ та, шарап та харам»- делінсе,және « Араққа жоламаңдар! Ол- барлық жамандықтың кілті». Тағы да Хазірет Пайғамбарымыз(с.а.с) басқа хадистерінде ішімдік өндірушіні, өндіруге тапсырыс бергенді, ішкенді, тасыған және тасыттырғанды, таратқанды, сатқанды, онысынан пайда тапқанды, сатып алғанды, тарту еткенді және одан ақша жегенді лағынеттегенін білдіріп, арақпен айналысқандарды тым ауыр турдеескерткен еді. Тіпті арақ-шарап құйылған дастарханға отыруғада тыйым салғанеді. Бүгінгі статистика бойынша жер бетіндегі халықтың үштен бір бөлігі ішімдік тұтынатындар. Ол дегеніміз 6 миллиардтан астам халықтың 2 миллиарды спирттік ішімдік тұтынады деген сөз. Өкінішке орай, Қазақстан тұрғындары да ішімдікті көп тұтынатын елдердің қатарында екен. Жалпы еліміздегі халықтың 35,5 пайызы ішімдік тұтынса, ал 300 мыңнан астам адам ішімдікке салынғандар, дейді мамандар. Арақ атамыздан қалған ас емес.
Зина Исламда және Құранда келген барлық діндерде тыйым салынған, өте жағымсыз іс ретінде танымдалған. Ол үлкен күналардың бірі, ар-намыс пен ұрпаққа қарсы жасалған қылмыс болғандықтан жазасы да ауыр. Құранда: «Зинаға жоламаңдар, өйткені ол анық арсыздық әрі жаман жол»- делінеді. Пайғамбарымыз(с.а.с) зинаның жамандығы мен ахіреттегі тудыратын қиншылықтарынбаяндайтын көптеген хадистері бар. Яғни хадисте « Уа мұсылмандар,зинадан сақтаныңдар! Өйткені, оның мына алты үлкен зияны бар. Оның үшеуі осы дүниеде, үшеуі ахіретте. Осы дүниедегілері :1. Жүздегі нұр таяды, 2. Өмірі қысқарады, 3. Кедейліктен көз ашпайды. Ал ахіреттегілері: 1. Алла тағаланың қаһарын тұғызады, 2. Есебі ауыр болады, 3. Жаһаннамда азапталады.»-деп зинаның зияның баяндап берген.
Ислам дінінде үлкен күнәлардың бірі ата-ананың қақы. Дінімізде ата-анаға қарсы келмеуді, оларға жақсылық жасауды білеміз. Хазірет пайғамбар(с.а.с) ға тускен Құран аятында: «Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және ата- анаңа жақсылық жасаңдар.» — делінген. Ата-анаға жақсылық жасаудың жолын Пайғамбарымыздан үйренеміз. Өйткені хадисте келгендей: « Пайғамбарымызға бір кісі келіп: «О, Аллаһтың елшісі! Кімге жақсылық жасайын?»,- деп сұрағанда, Ол: «анаңа»,- деді. Ол кісі қайта сұрағанда: «анаңа», үшінші рет сұрағанда да: «анаңа»,-деп жауап бергеннен кейін төртінші, «әкеңе, содан кейін жақындарына жақсылық жаса»деп жауап беріп. Өнегелі өсиет қалтырған.
Ұрлық-зорлық жасаған адам имансіз, екі жүзді, өзімшіл адам күндес жандардын ісі екені хадисте былай делінеді: «Ұрлық істеуші адам мүмін күйінде ұрлық істемейді» -десе , Зорлықпен біреудін мүлкін алуші адамды хадисте: «Адамдардың көзінше біреудің бағалы мүлкін тартып алушы адам мүмін күйінде оны тартып алмайды» -делінген. Ұрлық- зорлық қоғамның берекетін кетіріп осыны істеген адамда ахырет күні азабы мол екенін үмытпайық.
Ғайбат айту, Өтірік сөйлеу мусылманға жат қылық. Ғайбат айту іштей іріп-шіру,күнаға қалдырып адамдар арасындағы береке бірлікті бұзады және сауаптан айырады. Хазіретті Пайғамбарымыз (с.а.с) былай дейді: «Ғайбат адамдардың сауаптарын жоюда лап етіп, бір-ақ жалмайтын өрттің сүмандаған тіліннен де жылдам.»-делінген.
Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с) сүннеті дұрыс ұстану. Оған бойсіну Аллаға бойсіну болып, кім Аллаға жақындауды жақсы көрсе Пайғамбар(с.а.с)жолымен журып бойсінса Алла ол құлын күнадан тазартып жақсы көреді. Алла тағала Құранда: «Әй, иман келтіргендер! Аллаға бойсініңдар. Пайғамбарға және өздеріңнен болған әмір иелеріне бойсініңдар….» -делінеді.Алла елшісі(с.а.с)айтады: «Маған бағынған Аллаға бағынғаны, ал маған бағынбаған Аллаға бағынбағаны және де басшысына бағынған маған бағынғаны, ал басшысына бағынбаған маған бағынбағаны»- десе. Келесі хадисте: «Өзінің басшысын қорлағанды Алла қорлайды» -делінген.
Алла елшісінің жолын сүннетін өз пайдаларына жаратып мұсылман арасына ырткы салған жат ағымдар Ислам атын жамылып , Алла елшісінің сүннет жолын осы деп амал жасап Пайғамбарымыз(с.а.с) осылай киінген, намаз оқымаған адам кәпір санап, өз отанын, туған жерін, елін, жақындарын жат етіп бөлінгендер бар. Хазыреті Пайғамбарымыз(с.а.с) бөліну туралы хадисте былай айтады: «Яһудилер жетпіс бір тармаққа бөлінеді, Христандар жетпіс екі тармаққа бөлінеді, Менің үмбетім жетпіс үш тармаққа бөлінеді» — деген. Ал бөліну отанын, жерін, елін, басшыға бағынбау,жақынын жат санау емес екенін білуіміз тис. Бөліну- құлшылық жасауда жер маусым өзгерісіне, әр турлы ұлттардың дәстүріне қарай бөлынеді. Ал құлшылық ниетке байланысты болғандықтан нағыз тура жол терең сенім Алла тағала қиямет күні есебтелмек. Қорта айтқанда Алланың сүймейтін кесепатты күнәлары, барлық адамзат арасында болатын жаман іс-әрекеттен арылудың адам баласы Алла тағаланың алдында пәк күйінде баруға Алланың сүйікті Пайғамбары Мұхаммед (с.а.с) жетекші екенін білу. Үмбетіне тұра жолды нұсқаған Әз Пайғамбар дүниеге келгенде Үмбетім! Үмбетім деп келген Пайғамбар өмірінен Алланың күнә санаған жаман ісінен қалай алыстауды өмір жолы үйретеді. Ислам дінінде барлық құлшылық Алла елшісінің көрсетумен, айтумен, істеумен, құптаумен жүзеге асады. Оның істегенің Үмбеті істеп өтсе, айтқаның бұлжытпай орындаса Алла ол пендесіне сауап жазады. Сондықтан Алла елшісінің өмірін өнеге тұтқан пенде үшін бағдаршам іспетті. Мәуліт айы барша мусылман үшін құтты болсын! Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с) салауат сәлеміміз мол болсын.