https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Сөз, амал және сенімдегі шыншылдық

12 May 2015 0 comment Оқылды: 1399 рет
Шыншылдық — ықыластылық белгілерінен әрі ол Аллаһпен, Оның жаратқан жаратылыстарымен және де адамның өз-өзімен жасаған қарым-қатынасындағы ең жақсы мінез құлық болып табылады [8].

Аллаһ Тағала Өз кітабында:

﴾يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللهَ وَكُونُوا مَعَ الصَّادِقِينَ﴿

«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар әрі шыншылдармен бірге болыңдар», — дейді (Тәубе сүресі, 119-аят).

Ал енді хадистерге назар салсақ, Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын) пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Шын мәнінде шындық жақсылыққа жетелейді, ал жақсылық болса Жәннатқа жетелейді. Шынында бір адам шындық айтып, тіпті Аллаһтың қасында «шыншыл» деп жазылмақ. Шын мәнінде өтірік бұзықтыққа жетелейді, ал бұзықтық Отқа жетелейді. Шынында бір адам өтірік айтып, Аллаһтың қасында «өтірікші» деп жазылмақ», — деген сөзін жеткізеді (әл-Бұхари 6094; Муслим 2607).

Сондай-ақ, Сәһл ибн Хунәйфтан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хабарда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім шынайы түрде Аллаһтан шәһидтікті (яғни Аллаһ жолында күресіп өлуді) сұраса, Аллаһ Тағала оны тіпті төсегінде жатып өлсе де шәһидтердің деңгейіне дейін жеткізбек», — дейді. (Муслим 1909).

Және де Әбу Суфиян (Аллаһ оған разы болсын) арқылы жеткен ұзақ хадисте келгендей, Һирақл Әбу Суфияннан:«Ол (яғни пайғамбар) сендерге не бұйырады?» - деп сұрағанда Әбу Суфиян: «Ол: «Тек қана Аллаһқа құлшылық етіңдер де, одан өзге ешкімге құлшылық жасамаңдар. Ата-бабаларыңның айтқанын тастаңдар» - дейді.Сондай-ақ бізге намаз оқуды, зекет беруді, шындық айтуды, пәктікті және туыстармен қатынас сақтауды бұйырады», — дедім», — дейді (әл-Бұхари 7, Муслим 1773).

Қалжыңдасу мен ойынның өзінде де шындық айтылу керек. Бұл пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көркем сипаттарының бірі. Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен сенімді хадистердің бірінде ол: «Адамдар (пайғамбарымызға): «Әй, Аллаһ елшісі, сіз бізбен ойнап, қалжыңдасасыз ғой», — деп еді, ол кісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Шын мәнінде мен шындықтан өзге ешнәрсе айтпаймын», — деді», — дейді (Тирмизи 1990).

Әнас ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын) арқылы жеткен хадисте оған пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әй, екі құлақ иесі», — деген екен, яғни осылай қалжыңдасқан (Тирмизи 1992).

_____________________________________________________________________
[8] Бұдан шығар қорытынды: Әрбір адамның қарым-қатынасы үш түрлі болады. Раббысымен, Оның жаратқан жаратылыстарымен және де өзімен жасаған қарым-қатынасы.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз