Жүректің өлуі. Бір күні Ибраһим ибн Әдһам Басра қаласына ат басын тірегенде, қала тұрғындарының біршамасы жиналып, уәждерін айта бастайды:- Әй, Ибраһим! Біз дұға жасап, Алладан қажеттерімізді сұраймыз. Алайда Алла жалбарынғанымызға жауап бермейді. Мұның себебі неде? Алла тағала: «Маған жалбарыңдар! Тілектеріңді қабылдаймын», — деп айтпады ма?!
Сонда Ибраһим ибн Әдһам Басра жұртшылығына былай деп жауап береді: — Уа, Басралықтар! Расында, сендердің жүректерін 10 түрлі кеселмен өлген. Олай болса, қалайша дұғаларыңның қабыл болуын сұрайсыңдар?
1) Алланы таныдыңдар, Оның ақысын орындамадыңдар!
2) Құранды оқыдыңдар, онда жазылған аят-сүрелерге амал етпедіңдер!
3) Алланың Елшісін صلى الله عليه وسلم жақсы көреміз деп тұрып, оның қалдырған сүннетін тәрк еттіңдер!
4) Шайтанды дұшпанымыз дей тұрып, оған бағындыңдар!
5) Жәннатқа кіруді қалайсыңдар, бірақ жәннатқа апаратын сауапты істерді орындамайсыңдар!
6) Тозақтан құтылуды қалайсындар да, істеген күнәларыңмен өз-өздеріңді сол тозаққа тастаудасыңдар!
7) Өлім ақиқат деп айтасыңдар, сөйте тұрып оған дайындық жасамайсыңдар!
8) Басқалардың айыптарымен, күнәларымен айналысасыңдар, өздеріңнің қателіктеріңді түзетпейсіңдер!
9) Өлгендерді жерлейсіңдер де, одан ғибрат алмайсыңдар!
10) Алланың берген нығметтерін пайдаланасыңдар, алайда Аллаға шүкірлік жасамайсыңдар! — деген.
Жанна Муслима