Сұрақ: Адамның көкейінде туындайтын ойлар төрт түрлі болатынын естідім: Алладан, Оның періштелерінен, шайтаннан және өз нәпсімізден. Осы жайында толығырақ айтып берсеңіз. Қандай да бір ойдың кімнен келгенін қалай білеміз?
Жауап: Әссәләмуғалейкум уә рахматуллахи уә бәракәтух!
Жалпы айтқанда, адамның басына келетін ойлар төрт түрге бөлінеді:
1. Нұр (фираса) мен Құдайдан келетін түсінік (ильхам) сияқты Алла Тағаланың өз құлдарының жүректеріне салатын ойлар.
2. Періштелерден келетін ойлар (ильхам әл-маляика).
3. Шайтанның уәсуәсі (уәсуәса әш-шайтан).
4. Нәпсіден туындайтын ойлар (уәсуәса ән-нафс).
Фираса – адамның жүрегінде пайда болып, қалған нәрсенің бәрін сәулесімен бүркеп алатын ой пішініндегі нұр. Адам оның көмегімен ақиқатты жалғаннан, руханиды дүнияуидан, шыншыл адамды өтірікшіден ажырата алады. Мұндай ойларды басқа ойлардан бірден айыруға болады, өйткені, оларға кереғар ой болмайды (1).
Ал, періштеден болатын ой мен шайтанның уәсуәсіне келер болсақ, адамның жүрегінде екі үй болады деген дәстүр бар. Оның бірін періште мекен етсе, екіншісін шайтан мекендейді. Періште адамды игі амал жасауға шақырса, шайтан жамандық жасауға итермелейді. Адам Алланы есіне алғанда шайтан кері шегінеді, бірақ, басқа нәрселерге алаңдап кеткенде, шайтан оның қасына барып, күнә жасауға ой салады (2), (3), (4)
Шайтанның уәсуәсі мен нәпсінің уәсуәсінің арасында онша байқала бермейтін айырмашылық бар. Адамды жамандыққа және айналасындағылармен ұрысып-керісуге итермелейтін ойлар әдетте шайтаннан болады. Ондай ойлардан арылудың амалы – Алла Тағаланы еске алып, «Әғузу билләһи минәш шайтани р-роджим» деген сөздерді айтып, Алладан пана тілеу болып табылады. (5), (6).
Жоғарыда айтылғандардан белгілі болғандай, адам Алладан пана тілегенде жамандық жасау жөніндегі ой жоғалса, демек, оның шайтаннан болғаны. Өйткені, оны «әл-ханнас», яғни, «Алланың аты аталғанда кері шегінуші» деп атайды.
Әбу-Хазим (Алла оған рақым етсін) былай деген:
اللَّهُمَّ فَاطِرَ السَّمَوَاتِ وَالأَرْضِ عَالِمَ الغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ رَبَّ كُلِّ شَيْءٍ وَمَلِيكَهُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ نَفْسِي، وَمِنْ شَرِّ الشَّيْطَانِ وَشِرْكِهِ، وَأَنْ أَقْتَرِفَ عَلَى نَفْسِي سُوءًا أَوْ أَجُرَّهُ إِلَى مُسْلِمٍ
«Өзіңіз қаламайтын [зұлым амалдар] шайтаннан, сол себепті, (олардан) қашып, Алладан пана тілеңіз, ал, өзіңізге ұнайтын [жаман істер] нәпсіден, сол себепті, нәпсіңізге (сол жамандықты жасауға) тыйым салыңыз». [7]
Бұдан шығатын қорытынды, нәпсі белгілі бір нәрселерге бейім болғандықтан, егер адамның бір күнәні қайталап жасай бергісі келетін болса, әдетте ондай ойлар нәпсіден болады. Алайда, егер адамның басына әр түрлі күнә жасау туралы ой келетін болса, ол шайтаннан. Өйткені, ол ең алдымен адамды күнә жасауға итермелегісі келеді, сондықтан, сол адамның қандай күнәні жасауға дайын екенін түсінбейінше, әр түрлі күнәні ойына сала береді.
Сондай-ақ, адам кейбір күнәларды ізгі және сауапты амал деп ойлауы үшін шайтан оларды адамға жақсы ғып көрсетеді. [8] [9]
Адам еріксіз ойына келген нәрселерді жүзеге асырмайынша немесе айтпайынша, олар жаман немесе күнә болып саналмайды. [10]. Ондай ойларға көңіл аудармау керек.
Нәпсі мен шайтанның азғыруынан сақтану үшін күн сайын таңертең және кешкілік төмендегі дұғаны айтып жүрген дұрыс (11):
اللَّهُمَّ فَاطِرَ السَّمَوَاتِ وَالأَرْضِ عَالِمَ الغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ رَبَّ كُلِّ شَيْءٍ وَمَلِيكَهُ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ نَفْسِي، وَمِنْ شَرِّ الشَّيْطَانِ وَشِرْكِهِ، وَأَنْ أَقْتَرِفَ عَلَى نَفْسِي سُوءًا أَوْ أَجُرَّهُ إِلَى مُسْلِمٍ
«Я, Алла, көк пен жерді Жаратушы, жасырын мен жарияны білуші, Сенен өзге құлшылыққа лайық құдай жоқ, бүкіл жаратылыстың Раббысы және Иесі. Мен өзімнің нәпсімнің жамандығынан және де шайтанның зұлымдығы мен оның серік қосуынан қашып, Өзіңнен пана тілеймін (менің өзіме немесе басқа мұсылман адамға зиянын тигізетін нәпсімнің зұлымдығынан қашып, Сенен пана тілеймін).
Сухайл ибн Ариф,
Дарул Ифтаа студенті,
Чикаго, АҚШ
Мүфти Ибрагим Десаи тексеріп, мақұлдаған
______________________________
والفراسة ثلاثة أنواع: إيمانية وهي المتكلم فيها في هذه المنزلة وسببها : نور يقذفه الله في قلب عبده . يفرق به [i]
بين الحق والباطل ، والحالي والعاطل والصادق والكاذب وحقيقتها : أنها خاطر يهجم على القلب ينفي ما يضاده
يثب على القلب كوثوب الأسد على الفريسة…وقال أبو جعفر الحداد : الفراسة أول خاطر بلا معارض
فإن عارضه معارض آخر من جنسه فهو خاطر وحديث نفس
مدارج السالكين، ٢/ ٤٥٣ و ٤٥٤
ومما يدل على إثبات إلهام الملائكة بالخير قوله تعالى : إذ يوحي ربك إلى الملائكة أني معكم فثبتوا الذين آمنوا [ii]
الأنفال : ١٢ أي ألهموهم الثبات وشجعوهم على أعدائهم . ويدل عليه من الأخبار قوله عليه الصلاة والسلام : إن للشيطان لمة بابن آدم وللملك لمة وفي الحديث أيضا إذا ولد المولود لبني آدم قرن إبليس به شيطانا وقرن الله به ملكا ، فالشيطان جاثم على أذن قلبه الأيسر ، والملك جاثم على أذن قلبه الأيمن فهما يدعوانه
تفسير الرازي ٥/ ١٨٧
عن عبد الله بن شقيق قال قال رسول الله صلى الله عليه وسلم ما من آدمي الا بقلبه بيتان فى أحدهما الملك [iii]
وفى الاخر الشيطان فاذا ذكر الله خنس وإذا لم يذكر الله وضع الشيطان منقاره فى قلبه ووسوس له رواه ابو يعلى وروى ابو يعلى عن انس عنه صلى الله تعالى عليه واله وسلم نحوه
التفسير المظهري، ١٠/ ٣٨٠
معارف القران، ٨/ ٨٥٢ مكتبة معارف القران كراتشي [iv]
المرجع السابق ٤/ ١٥٨- ١٥٩ [v]
أحكام القرآن للجصاص، ٣/ ٥١ دار الكتب العلمية بيروت [vi]
وقد ذكر أبو حازم في الفرق بين وسوسة النفس والشيطان ، فقال : ما كرهتْه نفسُك لنفسِك [vii]
فهو من الشيطان فاستعذ بالله منه ، وما أحبَّته نفسُك لنفسِك فهو من نفسك فانْهَها عنه
مجموع الفتاوى ١٧ / ٥٢٩ — ٥٣٠
وَزَيَّنَ لَهُمُ ٱلشَّيْطَانُ أَعْمَالَهُمْ أي أعمالهم الخسيسة فحسبوها رفيعة [viii]
تفسير القرطبي ١٣/ ٣٤٤
معارف القران، ٦/ ٥٧٤ مكتبة معارف القران كراتشي [ix]
المرجع السابق ٨/ ٨٥٣ [x]
قال هذا ما كتب لي رسولُ اللهِ صلَّى اللهُ عليهِ وسلَّمَ قال : فنظرتُ فإذا فيها إنَّ أبا بكرٍ الصدِّيقَ قال يا [xi]
رسولَ اللهِ علِّمْني ما أقولُ إذا أصبحتُ وإذا أمسيتُ قال يا أبا بكرٍ قلِ اللهمَّ فاطرَ السمواتِ والأرضِ عالمَ الغيبِ والشهادةِ لا إلهَ إلا أنتَ ربَّ كلِّ شيءٍ ومليكَهُ أعوذُ بكَ من شرِّ نفسي ومنْ شرِّ الشيطانِ وشِركهِ وأنْ أقترفَ على نفسي سوءًا أوْ أجرَّهُ إلى مسلمٍ
سنن الترمذي الرقم:
____________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz