https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Ел бірлігі — ұрпаққа аманат

12 May 2015 0 comment Оқылды: 2322 рет

Жыл аяғындағы Жолдауды жыл басындағы Жолдаудың жалғасы дер едім. Әлеуеті мықты ел ғана Ұлы идеялардың төркінінен табылып, үлкен істерді тындыра алады. Ал Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бағыт» атты Қазақстан халқына Жолдауы қуатты қадамдарға бастап, бірлігімізді күшейте түседі.

Біз – әлімсақтан Ислам дінін ұлықтаған, әр таңында Алладан медет тілеген мұсылман қазақтың ұрпағымыз. Қандай қаралы, алағай да бұлағай замандардарда да Жаратушымыздың атына кір келтірмей, оның ғажап күштің иесі екендігін мойындаған жұрттанбыз. Кешегі қызыл империяның тұсындағы текті аталарымыз, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында болған тоқырау кезеңдеріндегі замандастарымыз Алласын аузынан тастамай, Мұхаммед пайғамбарымызға салауатын жеткізуден жаңылған жоқ еді. Осындай имандылық пен қанымыздағы бабалық қасиеттің арқасында бүгінгі күнге жетіп, әлемнің алпауыт елдерімен иық тіресуге асығып отырған жайымыз бар.

Той да тұрақтылық пен келісім салтанат құрған кезде болады. Ал қазақтың ұланғайыр даласы қашан тойдан арылып еді?.. Ұлы тойлар алда екен. «Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз» деген Елбасы есік қаққалы тұрған келесі жылдың ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы болатындығын шегелей айтты. Мемлекет басшысы алдағы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтетінімізді зор қуанышпен жеткізді. Ал мұндай шаралар Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие екені сөзсіз. Президенттің 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялауы да көңілге шаттық ұялатады. Өйткені, елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда болуға тиіс. Сонда ғана меженің жақындайтыны, бағыттың айқындала түсетіні сөзсіз.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы  Жұманазар Садырханов

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз