Рақымды, Мейірімді Аллаһ Тағаланың атымен!
Әлемдердің Раббысы болған Аллаһ Тағалаға мақтау болсын!
Жаратылғандардың абзалы Мухаммадқа, оның отбасы мен сахабаларына және оларға ергендерге Қияметке дейін Аллаһ Тағаланың сәлемі мен салауаты болсын!
Гомосексуализм – еркектердің бір-бірімен табиғи заңнан тысқары (артқы жолдан) қосылуы.
Лесбиянство – әйел ерлер жасайтын жыныстық қатынас әрекетін жасауы.
Шариғат бойынша бұл екі іс те харам. Сондықтан ауыр күнә қатарына жатады.
Еркек пен еркек немесе әйел мен әйел жыныстық қатынасқа баруы Лут пайғамбардың ғ.с. қауымы жасаған сұрқия қылық.
Аллаһ Тағала айтады: «Лұт ғ.с. сол уақытта еліне: «Сендерден бұрын әлемнен ешкімнің істемеген арсыздығын істейсіңдер ме?»-деді. «Сендер әйелдерді қойып еркектерге қызығып келесіңдер ме? Әрине сендер шектен шыққан елсіңдер».[1]
«Лұтқа ғ.с. хикмет, ғылым бердік. Жаман істер істейтін кенттен құтқардық. Рас олар жаман бұзық ел еді».[2]
«Дұрысында оларға тас жаудырған боран жібердік. Бірақ Лұттың ғ.с. отбасын таңменен құтқардық».[3]
Бұл аяттарда Лут пайғамбардың ғ.с. қауымына түсірілген жаза жайында айтылған. Осылайша Аллаһ Тағала шариғатқа қайшы жыныстық қатынастың жазасы қатты болатынын ескертуде.
Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) айтады: «Үмметім үшін ең қауіптенетін нәрсе – Лут ғ.с. қауымының ісі».[4]
Ибн Аббас (родиял-лаһу ъанһу) айтады: «Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) былай деді: «Хайуанмен жыныстық қатынасқа түскендер Аллаһ Тағаланың қарғысына ұшырады! Луттың ғ.с. қауымы істеген істі істегендер Аллаһ Тағаланың қарғысына ұшырады!»[5]
Еркекпен жыныстық қатынасқа түскен еркек және әйелмен жыныстық қатынас жасаған әйел өз табиғатына (фитраға) қайшы әрекет етеді. Себебі Аллаһ Тағала адамзатты еркек әйелге немесе әйел еркекке құштарлы болатын етіп жаратқан. Жануарлар да сол тәрізді. Олардың еркегі ұрғашыға немесе ұрғашысы еркегіне құштарлы болады. Басқаша болуы табиғатқа қайшы болады.
Бір жыныстағылар бір-бірімен жыныстық қатынас жасасуы түрлі кеселдердің пайда болуына себеп болды. Бұл мәселеде күмән жоқ. Бұл мәселеде ЖИТС-тің (СПИД) өзі жетерлік.
Бір жыныстағылар бір-бірімен жыныстық қатынас жасасудың нәтижесі шошынарлық. Ол: отбасының күйреуі, жұмыс пен оқудан айырылу, туыстық қатынастың жойылуы т.с.с.
Ақиқат мұсылман Аллаһ Тағаланың талабы даналы әрі адам үшін пайдалы екенінде бір мезетке де күмәнданбауы тиіс. Тек Аллаһ Тағаланың талаптары мен тыйымдарын орындау арқылы ғана адам баласы амандық, есендік, қауіпсіздікке қол жеткізіп, өз ары мен абыройын және денсаулығын сақтай алады. Тек Аллаһ Тағаланың айтқанын орындау арқылы ғана адам баласы жаратылу табиғатына сай тіршілік ете алады.
Гомосексуалисттерге қандай көзқараста болу керек?
Аллаһ Тағала айтады: «Сендерден арсыздық істеген екеуін де жазаға тартыңдар. Егер екеуі де тәубе етіп, түзелсе, олардан бет бұрыңдар. (тиіспеңдер.) Негізінен Алла, тәубені қабыл етуші, ерекше мейірімді».[6]
Имам Ибн Кәсир айтады: «Аллаһ Тағаланың: «Сендерден арсыздық істеген екеуін де жазаға тартыңдар»-дегені – арсыздық істегеннің екеуін де жазалау керек. Ибн Аббас, Сағд ибн Жүбайр (родиял-лаһу ъанһума) т.б.: «Аллаһ Тағала тас боран ету мен дүре соғуды бұйырғанға дейін арсыздықтың жазасы айыбын бетіне басу және аяқ-киіммен ұру еді». Икрима, Ата,Әл-Хасан және Абдур-Рохман ибн Кәсир (родиял-лаһу ъанһум) айтады: «Бұл аят зинақорлық істеген еркек пен әйелге қатысты түсірілді». Ас-Сағди: «Бұл аят әлі үйленбеген жастарға қатысты түсірілген»-деп айтқан».[7]
Гомосексуализмге тиісті шарғат жазасына келер болсақ, бұл мәселеде мұсылман ғалымдары түрлі көзқарас ұстанған. Ғалымдардың кейбірі гомосексуалисттер зинақорлар сияқты жазалану керек. Бұл жағдайда олардың істегеніне төрт куә болуы шарт және ол төртеуі құдайшыл мұсылман болуы тиіс.
Ғалымдардың басқа бір тобы гомосексуалисттерге зинақор еркек пен зинақор әйелге қолданатын жазадан гөрі қатаң жаза қолдану керек деген көзқарасты ұстанған. Сонымен қатар бойкүйез жақ жазалану мәселесінде де түрлі көзқарас қалыптасқан.
Аллаһ Тағала о бастан адамзатты жұп етіп, яғни еркек пен әйел етіп жаратқан. Ол жайында «Ниса» сүресінде анық айтылған. Онда Жаратушы Ие «…сендерді бір кісіден жаратқан және одан оның жұбайын жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар»-деген.[8]
Осы жайында «Нәбә» сүресінде де айтылған: «Сендерді жұп-жұп етіп жараттық».[9]
Ал Исламның еркектің әйелмен үйленуге қатысты ұстанымы «Нұр» сүресінде баян етілген: «Іштеріңдегі бойдақтарды… үйлендіріңдер».[10]
Хадисте былай делінген: «Бұл дүние – өткенші игілік. Ал сол өткенші игіліктің ең жақсысы – ізгі әйел».[11]
Ислам тағылымы бойынша Жаратушы Ие адамзатты жаратудың басты мақсаты – физиологиялық тұрғыдан түрлі, бір-бірін толықтырып тұратын саналы адамның екі түрін жарату. Олар бір-біріне болған сүйіспеншілік негізінде өзара одақ құруы тиіс. Бұл одақтың ең басты мақсаты – дүниеге адамзат ұрпағын әкелу. Исламның бір жыныстағы адамдардың өзара жыныстық қатынасын қабыл етпеуі осы ұғымға негізделген.
Менің пікірім: бір жыныстағы екі тұлғаның өзара жыныстық қатынаста болуы – ібіліс барынша әшекейлеп көрсеткісі келген ауыр күнәнің бір түрі.
Исламда зинақорлық қандай харам болса, бір жыныстағы екі тұлғаның өзара жыныстық қатынаста сондай харам. Құранда мұндай ауытқулар «әл-фахиша», яғни «арсыздық, бұзақылық» деп айтылған.
Аллаһ Тағала айтады: «Лұт ғ.с. сол уақытта еліне: «Сендерден бұрын әлемнен ешкімнің істемеген арсыздығын істейсіңдер ме?»-деді».[12]
Арсыздық (фахиша) — бір жыныстағы екі тұлғаның өзара жыныстық қатынаста болуы. Лут ғ.с. қауымы осы күнәға белшеңінен батқан еді. Бұл сұрқия қауымға тиісті жазасы берілді. Олар көздері көр етілген халде азанға таман толығымен опат етілді.
Әбу Бәкрдың (родиял-лаһу ъанһу) халифалық дәуірінде мынадай жағдай болған. Мұсылмандардың әскери қолбасшысы Халид ибн Уалид (родиял-лаһу ъанһу) Араб түбегін мекендеген бір елдімекенінде бір жыныстағы екі тұлға үйлену үрдісі бар екенін біледі. Мұны білген Халид (родиял-лаһу ъанһу) аң-таң болады. Сөйтіп ол халифаға, яғни Әбу Бәкрге (родиял-лаһу ъанһу) хат жолдайды. Әбу Бәкр (родиял-лаһу ъанһу) бұл таңқаларлық жағдай жайында ақылдасу үшін Нәбидің (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) сахабаларын жинайды. Сонда Али (родиял-лаһу ъанһу) иұндай жағдай тек Лут пайғамбардың ғ.с. қауымына тән болғанын әрі олар Аллаһ Тағаланың қаһарына ұшырап жойылғаны жайында айтты. Кейін сахабалар Нәбидің (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) хадистеріне сүйене отырып әлгі қауымға өлім жазасын ұйғарады.
Адамзат тарихында адамгершілік заңдылығын, Аллаһ Тағаланың заңын, қылмыстық кодексті аяқ асты ететіндер қашанда болған. Дегенмен олар заңды бұзып, кейін бұл дүниеде әкімшілік немесе қылмыстық жазадан құтылу жолдарын тапқанымен, Қиямет күні оларды жоқтан бар еткен Аллаһ Тағаланың әділ сотынан құтыла алмайды. Тіпті дінсіз адамның өзі бір қылмысқа барған жағдайда ұжданы алдында азап шекпей ме? Бар мәселе біреу ұялып күнәдан қайтса, ал біреу болса ол сезімді елемейді. Осы жағдай ол үшін қай жағынан болмасын тым қауіпті.
Имам Малик, имам Шафиғи, имам Ахмад сияқты бүкіл әлемге әйгілі фақиһтардың пікірінше бір жыныстағы екі тұлғаның өзара дәстүрлі емес байланысы зина жасағанмен тең. Сондықтан оның жазасы да зинақорлық үшін берілетін жазасындай болу керек. Тек имам Шафиғи күнә дәлелденген жағдайда дәстүрлі емес байланыстың жазасы зинақорлықтың жазасындай болу керек десе???, имам Малик пен имам Ахмад ол үшін өлтіру керек деген.
Имам Әбу Ханифаның пікірінше бір жыныстағы тұлғалардың өзара жыныстық қатынастары нәтижесінде дүниеге некесіз бала келмейтінін ескере отырып, мұндай келеңсіздікке барғандар айыпталуға әрі әкімшілік жазаға лайық деген көзқараста болған. Дегенмен ханафи мазһабының фақиһтері саяси немесе әлеуметтік қажеттілік болған жағдайда ондайларды өлім жазасуна кесу керек деген көзқараста болған. Анығы тек Аллаһ Тағалаға мәлім.
والله أعلم بالصدق والصواب
ҚМДБ, Шариғат және пәтуа бөлімі
[1] «Ағраф», сүресі, 80-81 аят.
[2] «Әнбия», сүресі, 74 аят.
[3] «Қамар», сүресі, 34 аят.
[4] (Ат-Тирмизи, 1457; Ибн Маджа, 2563. Хадис оценен как сахих Шейхом Албани в Сахих аль Джами, 1552).
[5] (Имам Ахмад, 1878. Сахих аль Джами, 5891).
[6] «Ниса», сүресі, 16 аят.
[7] (Tafseer Ibn Katheer, 1/463).
[8] «Ниса», сүресі, 1 аят.
[9] «Нәбә», сүресі, 8 аят.
[10] «Нұр», сүресі, 32 аят.
[11] (Имам аль-Бухари, да помилует его Аллах!).
[12] «Ағраф», сүресі, 80-81 аят.