https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Тәкфіршілер ел ішін бүлдіреді

12 May 2015 0 comment Оқылды: 1587 рет

Кез-келген елдің біртұтастығы негізгі құндылығы. Ел ішіне іріткі салғысы келген келімсектердің жат пиғылдарына жол бермеу әр азаматтың өз жерінің өркендеуіне қосқан үлесі болып табылады.    «Ауруын жасырған өледі» демекші, біздің елімізде де саяси мақсатта құрылған ағымдардың бары жасырын емес. Солардың ішіндегі ең қауіптілерінің бірі, «Тәкфіршілер» халықаралық ұйымы. Бұл ұйым қай мемлекетте болмасын халық санасын улап, ел арасына алауыздық пен өшпенділік ұялатып келеді.

Олардың ұғымынша, «үлкен күнә жасаған» адамды кәпірге шығарып, Құранмен үкім етпейтін әрбір биліктегі басшыларға кәпір үкімін тағады. Сонымен бірге, Ата Заңы Құран болмаған қайсыбір мемлекет және оның азаматтары кәпір делінеді. Себебі, оларды өз басшыларына ризашылық білдірді деп түсіндіреді. Ал, дін ғұламаларын мемлекет басшыларына «кәпір» деп үкім шығармағандықтан олар да алдыңғылардың қатарына қосылады. Осы жамағат мүшелігіне кірмеген мұсылман баласы кәпірге шығарады. Ал, мүшеліктен шықса «муртад», яғни дінін тәрік етуші адам деп, өлтіруге рұқсат беретіні тағы бар.

Исламда: «Дінде зорлық жоқ» деген анық қағида бар. Сондықтан да Ислам имандылық мен күпірлік мәселесін – адамның өз еркіндегі және ішкі түйсігінің жұмысы деп қарайды. Қасиетті Құранда жүз жиырмадан астам аяттар Исламды адамдар не қабыл алып я болмаса бет бұрса да сабырлықпен, көркем түрде жеткізуге үндейді. Ал, Пайғамбарымыз Мұхамед салалаһу уәлейһи уәссаламнің хадисінде:«Кімде кім мұсылман адамды күпірлікте айыптаған болса, ол адамды өлтіргенмен тең» делінген. Сондықтан, халықты «Тәкфіршілерден» сақтануға шақырамыз. Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының шешімімен, «Ат-такфир уаль-хиджра» халықаралық ұйымы экстремистік деп танылып, осыған қатыстылық (қызметіне қатысу, қаржыландыру, идеологиясын насихаттау және т.б) заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеліп соғатынын ескертеді. Бұл ұйым тек заң жүзінде емес, сонымен қатар Исламға мүлдем сәйкеспейтіндігін ҚМДБ шариғат пен пәтуа бөлімі ескерте келе бұларға қатысты пәтуасын шығарды.

Қандайда бір дінге қатысты кез-келген істі, құзыретті орын ретінде ҚМДБ пікіріне құлақ ассақ ел іргесі берік, ауызбіршілік пен тыныштықта боларымыз ақиқат.

Айтақын БҰЛҒАҚОВ,

«Алатау» қоғамдық-саяси газетінің

 бас редакторы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз