https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Діни тұрақтылық ел дамуының кепілі

12 May 2015 0 comment Оқылды: 3427 рет

    Алла тағаланың теңдессіз сыйы Отанымыздың мәңгі тәуелсіздігін баянды ете түсу үшін біле-білген адамға өз Отанының дамуы үшін әрбір азаматқа жүктелер сеніммен талап зор. Ол үшін өкілеттілігі әртүрлі кез келген саладағы барша отандастарымызға үлкен жауапкершілікті жүктейді. Еліміздің мерейін үстем ету үшін әлемде болып жатқан дамушылықтың соңында қалмауымыз керек. Ол үшін әрбір азамат ұстанған дініне, тіліне, дәстүріне қарамастан ынтымақты түрде діни тұрақтылықты сақтап еңбек етуі керек. Сырт елдерде діни түрақсыздықтың кесірінен болып жатқан келеңсіздіктерге қарап, ел дамуының бірден бір кепілі ол діни тұрақтылық екенін түсінуге болады. Шынында мемлекет дінсіз бомайды, дін мемлекетсіз болмайды.   

        Себебі қандайда бір мемлекет құраушы ұлттың және сол мемлекетте тұрып жатқан басқада ұлттың ұлттық бет бейнесі ұстанған дінінен, тілінен салт-дәстүрінен көрніс табатыны шындық. Соның ішінде діни тұрақтылықтың болуы өте қажет. Бұл жағынан біздің еліміз жақсы жағдайда деуге болады. Себебі Елбасының және  дінге деген Үкімет саясатының жақсылығынан деуге болады. Сол үшін осы елдегі әр ұлт өз дінін тұрақты ұстану үшін елдің дінге деген жанашырлығын сезініп ұстанған діні арқылы болса да еліміздің дамуына, тұрақтылығына үлес қосуы керек. Шынында әрқандай дін сол елдің тұрақтылығына, даму өркениетіне қарсы емес.

        Еліміз халқының басым көпшілігі ислам дінін және  христан дінін ұстанатынын  білеміз. Кім қандай дінді ұстансын әркім өз дінінің құндылығын сақтап дінаралық татулықты нығайтып, бір-біріне құрметпен қарап, дінің рөлін қоғамда көрсете білуі керек. Алла тағала адамдарға дін жіберудегі мақсаты адамдардың бақытты өмір сүруі үшін. Олай болса кез келген дін сол елдің дамуына, тұрақтылығына жұмыс жасауы керек.

      Ислам дінің негізі болған Құранда Алла былай дейді «сендер құлшылық етпейсіңдер, біз құлшылық еткен дінге біз құлшылық етпейміз сендер құлшылық еткен дінге  сендердің діндерің өздеріңе біздің дініміз өзімізге» деген. Бұл аяттан түсінетініміз әр дін және сол дін өкілдері бір біріне құрметпен қарап қоғамның тыныштығын сақтау керектігін аңғарамыз. Бұл жайлы Елбасымыздың бір сөзінде «Халық Алласына, тәңіріне сеніп ертеңгі күнін ар жақтағы ана дүниеге баратын күнін ойлап, дүниеде мынау бүгінгі күннің күйбеңімен жүре бермей, Мұхаммет с.ғ.с-ның хадистеріне сәйкес өмір сүрсе деймін» деген болатын.

       Сол себепті біздер бүкіл халық болып, діни тұрақтылықты сақтауға үлес қосайық. Аллаға шүкір біз бүгінгі күнде ынтымағымыз жарасқан діни татулығы бар тұрақты дамып келе жатқан тәуелсіз елміз. Алланың осы берген сыйын ары қарай мәңгілік етуі үшін аянбайық. Ол үшін діни тұрақтылық ел дамуының кепілі екенін ұмытпайық ағайын.

Ескелді  ауданының  бас имамы

Б. Жұмағалиев

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз