Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм)айтады: «Пендені қабір азабынан құтқаруда Хақ Тағаланың зікірінен артық амал жоқ».[1](Сахих)
Қабір азабы қаншалықты дәрежеде қорқынышты екені қабірдағы жазаға қатысты хадистерден білсе болады. Хазрет Осман (родиял-лаһу ъанһу) бір қабірдың басына барғанда сақалы суланып кететіндей дәрежеде жылайтын. Біреу: «Сіз Жәннат пен тозақ жайында айтылғанда былай жыламайсыз»,-дегенде, Осман (родиял-лаһу ъанһу): «Қабір – Ақыреттің бірінші сатысы. Бұл сатыдан аман есен өткен пендеге кейінгі сатылары жеңіл болады. Ал, бұл сатыдан аман есен өте алмаған пенде үшін кейінгі сатылары да ауырлағанның үстіне ауырлай береді»,-деп, кейін Расулуллаһтың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм): «Мен қабірден қорқынышты көріністі көрмедім»,-дегенін айтқан болатын.
Айша анамыз (родиял-лаһу ъанһа) Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) әрбір намаздың соңында қабір азабынан пана тілейтіні жайында айтқан.
Зәйд (родиял-лаһу ъанһу) айтады: «Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм): «Сендер мәйіттеріңді көмбей қоятындарың-нан қорықпасам еді, Мен сендерге қабірдың азабын естірту үшін Хақ Тағалаға дұға етер едім. Адам баласы мен жындардан басқа жәндіктің барлығы ондағы азапты естиді»,-деді».
Бір күні Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) мешітке кіріп, онда қарқылдап күліп тұрған бірнеше адамды көрді. Кейін: «Өлімді көп ескерсеңдер еді, бұлай күлмейтін едіңдер. Қабір: «Мен жоқшылықытың, жалғыздықтың, құрт-құмырсқаның үйімін»,-деп жар салмаған бірде-бір күн өтпейді. Мүмин жерленген кезде қабір: «Қош келдің! Маған келгенің өте жақсы болды. Мені, яғни жерді басып жүргендердің ішінде сен мен үшін ең қалаулысы едің. Бүгін сені маған тапсырды. Енді сен менің қонақжайлығымды көресің»,-деген сәтте ол көз жететіндей алшақтыққа кеңейеді. Оның ішінен Жәннаттың бір есігі ашылып, қабірдың ішіне оның мүңкіген иісі кіреді. Кәпір немесе күнәһар пенде жерленсе, қабір: «Саған қарғыс пен қасірет болсын! Сенің бұл жерде не қажетің бар? Мені басып жүргендердің ішінде ең жеккөрініштісі сен едің. Бүгін сені маған тапсырды. Енді сені қалай қарсы алатынымды көресің»,-деп, мәйітті қатты қысады. Сол сәтте оның дуалдары, айқасқан саусақтардай, бір-біріне айқасып кіріп кетеді. Кейін мәйітке тоқсан немесе тоқсан тоғыз айдаһар жіберіліп, олар оны жұлады. Бұл Қияметке дейін жалғасады»,-деді.
Бір хадисте Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) екі қабірдың жанынан өткені жайында айтылған. Сонда Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм): «Бұл екеуi азапталуда. Дегенiмен күнәлары үлкен болмағанымен, ауыр күнәға жатады. Бұл екеуiнiң бiреуi өсек тасыған болса, екiншiсi несептен сақтанбаған»,-деді.(«Сахихүл-Бухари»)
Қаншама өздерін мәдениетті есептеп, дәрет сындырғанда сумен тазалануды айып көретін азаматтар бар. Ғалымдар зәрден сақтанбауды ауыр күнәға жатыстырған. Имам Ибн Хажәр (рохматул-лаһи ъаләйһи): «Сахих, яғни растығында күмән болмаған хадистерде қабірдағы азап негізінде зәрден сақтанбау салдарынан болатыны жайында айтылған»,-деген.