https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

ҚҰРБАН АЙТТА ҚҰР ҚАЛМА

12 May 2015 0 comment Оқылды: 1586 рет

Айт деген араб  сөзін  еш жатсынбай  сол күйінде  ділі мен  тіліне  енгізгенінен  дана  қазақтың  ислам  дінін   бұлжытпай қабылдап,  парыз бен сүннетке  сақтық танытқанын  көреміз. Әрбір  сөзі мен  ісі, күнделікті тұрмысы, жүріс-тұрысы, тіпті  киім киісі  шариғаттың  өзі  болған  екен…

Ислам тарихына үңілсек, Пайғамбарымыз  Мұхаммед  (с.а.с.) Мәдинаға  қоныс  аударып  келген  уақытта  жергілікті  халықтың  бұрыннан  атап  жүретін  мерекесі  бар  екен.  Пайғамбарымыз (с.а.с.) сұрастырса, олар  жәһилиядан  бері  осы  күндері  көңіл   көтеретіндіктерін  айтыпты.  Сонда  Хазіреті  Пайғамбарымыз: «Алла Тағала  бұл мерекенің  орнына одан да  артық  екі мейрам  сыйлады, олар:  Ораза айт пен  Құрбан айт», – деп , түсіндірді.

Кезінде  Ибраһим (а.с.)  пайғамбар  сүйікті  ұлының  құрбандықтан  аман  қалғанына  қуанып, құрбандыққа  мал  сойып,  осы  күнді  мерекелеп, Аллаға  сансыз  шүкір  айтқан.

Адақты  пайғамбарымыз  Мұхаммедке (с.а.с.) «Кәусар» берілгендігі  әрі  сол үшін   шүкір ретінде   намаз оқып, құрбандық шалу арқылы осы  күнді  атап  өту керектігін  аят арқылы  білдірген.  Міне,  Құрбан  айттың негізінде  осындай ғибратты оқиғалар  жатыр.

Құрбан  айт – ұлық мереке.  Алла  Тағала  қоштап  ұнатқан  қадірлі  күн.  Ибраһимнің  (а.с.)  игі жолы, Мұхаммедтің (с.а.с.) мүбарак жолы      жаңғыратын  күн.

Халқымыз  Құрбан  айтты  барын   салып  тойлағанын  білеміз.  Сол  үрдіс кешеден – бүгінге, бүгіннен – ертеңге үзілмей   жете  берсін!  Тар заманда да, зар  заманда да  даналарымыз, қол  бастаған  батырларымыз, сөз бастаған ақындарымыз, ағартушы арыстарымыз иманынан айырылмауға, салт-дәстүрінен  жаңылмауға шақырған.  Солардың бірі  көрнекті   қоғам және  дін  қайраткері Сәдуақас  Ғылмани  (Сәкен халпе) «Құрбан  айт»  өлеңінде  (1931 жыл, 28 сәуір):

                            «Көпшілік қызықтаумен  күлетін  күн,

                            Діншілдер Хаққа  көңіл  бөлетін күн.

Мол ойлы, ғибрат  көзді  милы  адамдар,

 Көп олжа  бұл  байрамнан  көретін  күн»,

– деп, айттың  теңдессіз  мейрам  екенін  жеткізген.

Айтқандай Құрбан  айтты  адамзаттық  мереке десек артық  айтқандық  емес.  Алайда  әр түрлі  жағдайлар Ақиқаттың  бетін  көлегейлеп, әлі де  болса,  көп  нәрсені  шын  мағынасында  ұғынуға жол  бермеуде. Біз әрдайым  жақсылықты  алдан  күтетіндіктен, түптің  түбінде  бұл  мейрамның  адамзаттық, дүниежүзілік  деңгейге  көтерілетініне сенеміз.

Еліміз  егемендік  алғаннан  кейін  ғана ұлттық, діни  құндылықтарымыз қанатын жая  бастады. 2005 жылғы  28 желтоқсанда  Мәжілістің  жалпы  отырысында  депудаттар  «Қазақстан  Республикасындағы  еңбек  туралы» Заңға толықтырулар  енгізу  туралы» Заң жобасын  қабылдап. Құрбан  айттың  бірінші  күні елімізде ресми  түрде  демалыс  күні  болып  жарияланды.

Елбасымыз Н.Назарбаев  айтқандай: «Бөлінуге емес, бірігуге  шақыратын, тілегі бір, ниеті ортақ, бейбітшілік  пен  келісімге  үндейтін  мейрам» екеніне  көз  жеткізді миллиондаған жүректер.

Құрбан айт  мерекесін  тек діни  сипатта  ғана  атап  өтпей, ел  бірлігін  нығайтуға, азаттығымыздың  баянды болуына  пайдалануымыз  керек.

Құрбан айт құтты, Құрбандықтар қабыл болсын! Құрбан айтта құр қалма!

  Ескелді ауданың

Бас имамы: Жұмағалиев Б.С

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз