https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Құрбан айт ұлы мереке

12 May 2015 0 comment Оқылды: 2177 рет

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Құрметті ағайын туыстар! Биылғы құрбан айтта Алла Тағала елімізге, халқымызға және әрбір жан иесіне мейір шапағатын төгіп, имандылығымызбен ізгілігімізді арттырсын деп тілеймін.

Құрбан сөзі Алла Тағалаға жақындау деген мағынаны білдіреді. Құрбан айт Ислам дініндегі екі үлкен мерекенің бірі. Әлемдердің жаратушысы өзі белгілеген соң, бұл мерекенің алар орны ерекше. Сондықтан Құрбан айт мерекесінде қуана білудің өзі сауап болып жазылады. Осы тұста айтар кетеріміз Ислам діні пенденің мерекелеп, көңіл көтеруіне  тиым салмайды, бәлкіде әдептен озбай, санаға зиян келтірмейтін яғни бір сөзбен айтқанда күнәлі істер болмауы шарт. Әйтпесе баз біреулер адамдардың хақысын жеп ақша тапқанына немесе арақ ішіп, зина жасағанына да мәз мейрам болып көңіл көтеріп жатады. Ал құрбан айтқа келер болсақ, ол – тек ізгіліктің мерекесі.

 Құрбан айтта атқарылатын істердің ең әуелгісі айт намазын оқу. Айт намазының үкімі уәжіп яғни мен мұсылманмын деген кісіге міндет болады. Сондықтан себепсіз айт намазын оқымау үлкен күнә. Құран Кәрімнің Кәусар сүресінде:  «намаз оқы…»,-деген сөзді ғалымдарымыз  айт намазы екенін және оны оқу міндет екенін білдіреді деп тұжырымдаған. Құрбан айт намазына дәретін алып, жақсы ниетін білдіріп келген адамға Алла Тағала шексіз сауап жазып, кандайда бір тілегін қабыл етеді.

Құрбан айт намазы оқылып болған соң құрбандық шалынады. Құрбан айт күнгі атқарылатын ең ұлы істе осы құрбан шалу. Тіптен бұл мерекенің атыда құрбан шалуға қатысты болғандықтан Құрбан айт мерекесі деп аталып отыр. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз сөзінде: «Адам баласы құрбан айт күнінде (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Аллаһ Тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Аллаһ Тағаланың құзырында үлкен мақамға жетеді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар»,-деп өсиет еткен. Құрбан шалудың үкімі де уажіп амалға жатады. Құран Кәрімнің Кәусар сүресінде: «…Раббың үшін құрбан шал»,-деген аят тұрмыстық жағдайы келетін мұсылман адамға құрбан шалудың міндет екенін білдіреді. Сондай-ақ пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім мүмкіндігі бола тұра құрбан шалмаса, біздің намаз оқитын жерімізге жақындамасын»-деп бұйырған. Алла Тағаланың құрбан шалуға бұлай маңыз беруі, пенделері құрбан шалып, қан шығару арқылы үлкен сауапқа кенеліп, әртүрлі жамандықтардан аман болсын және жоқ-жітікке көмек қолын созсын деген үлкен жанашырлық еді. Расында құрбан шалу үлкен сауапты амал. Сахабалар пайғамбарымыздан (с.ғ.с): Уа, Аллаһтың елшісі, құрбандық деген не?- деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Құрбандық сендердің Ибраһим бабаларыңның сүннеті»-деп жауап берді. Одан бізге қандай сауап бар?- деп сахабалар қайта сұрады. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Әрбір тал қылшығы үшін сауап аласыңдар»,-деген болатын. Құрбан шалудың адам баласы үшін пайдаларын айтып тауысу мүмкін емес.

Құрбан шалу уақыты айт намазы өтеліп болғаннан кейін басталып, құрбан айт күнінің бірінші күні, екінші күні және үшінші күні ақшам намазына дейін шалынуы керек. Бұл уақыттан бұрын немесе кейін шалынып қойса, онда құрбандықтың сауабы болмай, күнделікті сойған мал деп қана есептеледі. Сонымен қатар құрбан айттан бір-екі күн бұрын шек шалып, құрбан айт күні құрбан шалмай отыру шариғатқа қайшы. Ал шек шалу шариғатымызда көрсетілмеген амал. Құрбан шалатын адам міндетті түрде «бисмиллаһи, Аллаһу акбар» деп айтуы шарт. Құрбан шалардың алдында дұға тез қабыл болатындықтан өз тіліңізде кандай тілек тілесеңізде болады.  Құрбандыққа  қой, ешкі, сиыр және түйе шалынады.  Қой, ешкі  1-жасар, сиыр 2-жасар, түйе 5-жасар болуы керек. Сиыр және түйені жеті адам бірігіп шалады. Сондай-ақ құрбандыққа шалынатын мал кемшіліксіз болуын шариғатымыз талап етеді. Шалынған малдың етін үшке бөліп, бір бөлігін өздеріне, екінші бөлігін жағдайы төмен көршілеріне немесе келген қонақтарға асып беруге, ал үшінші бөлігін жоқ-жітікке таратқаны абзал.

Алла Тағалам құрбан айт күнгі тілектеріңізді, шалған құрбандықтарыңызды қабыл етсін.

Талдықорған өңірінің өкіл имамы

және «Нұр» орталық мешіттің бас имамы:        Серікхан Рымханұлы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз