https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Рия амал сауапты істерді күл-талқан етеді

12 May 2015 0 comment Оқылды: 2549 рет

Арабшада мақтануды “Рия” деп атайды. Адам өзінің істеген ісі мен жақсылығын біреулерге ашық айтса жетіп жатыр. Бұл әрекет істеген амалды кемітіп, толық зиянға шығарады. Лағынет шайтанның бір жұмысы – мұсылмандардың сауапты амалдарын осылай жария еткіздіру. Адам сауапты ісін жария ететін болса, сауаптан мақрұм қалатындығы Құран Кәрімнің “Бақара” сүресінде баяндалған.

Сондай-ақ пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): “Алла Тағала сендердің байлықтарыңыз бен сұлулықтарыңызға қарамайды, Алла Тағала жүректеріңізбен істеген амалдарыңызға қарайды” - деген хадисі бар.  Мұса (а.с.) пайғамбардың тұсында адамдар жиылып, көпшілік болып, ас беруші еді. Адамдар Мұсаға (а.с.) келіп: “Мынау біздің берген асымыз қабыл ма?” – деп сұрады. Сонда Мұса (а.с.) оны Тұр тауында Жаратқаннан сұрап еді. Алла Тағала: “Мен олардың беретін асына келемін!” - деді. Мұны естіген халық сол күні шексіз дайындықта болды. Сол уақытта киімі жыртық, өзі шаршаған бір бейшара міскін асқа кіріп келіп, нан сұрағанда, адамдар оны қуып шықты.  Сонда Мұса (а.с.) арқылы Алла Тағала: “Ол адамдардың мақтан үшін берген  асы менің құзырымда қабыл болмайды. Оның сауабы жоқ” - деді.

Міне, бір хадис – құдсиде былай делінген:”Алла тағала Жерді жаратқанда жер дірілдеп тұрды. Тыныштандыру үшін қазық қылып тауды қадады. Сонда періштелер “Таудан да күшті нәрсе бар ма?” дегенге, “Темір болады, темір тауды жарады!” - деді. “Темірден де күшті бар ма?” дегенге “От!” - деді. “Оттан да күшті бар ма?” дегенге “Су!” - деді. “Судан да күшті бар ма?” дегенге “Жел!” - деді. “Желден де  күшті бар ма?” дегенге, “Желден күшті нәрсе – бір мұсылманның мақтанбай, риясыз Алладан ғана сауап үміт етіп, оң қолымен берген садақасын сол қолы сезбесе, ол күшті болады!” - деді”.

Демек, кез – келген құлшылыққа ниет еткенде “Холисан лиллаһи тағала” яғни “Алланың ризалығы үшін!” деп айтылады. Ал Алланың ризалығы мақтаншақ адамдарға түспейді, олар ондай рақымнан мақрұм қалады. Себебі, “Фатиха” сүресінің бір аятында Алланың өзіне ғана құлшылық етіп және одан ғана жәрдем сұрау туралы айтылған.

Нұрлан қажы Байжігітұлы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз