https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Тіл мен қолға ие болу

12 May 2015 0 comment Оқылды: 1761 рет

Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) айтады: «Сен-дерге мүминнiң кiм екенiн айтайын ба? Адамдардың малы мен жаны, оның жамандығынан аман болған адам. Мұсылман бауырларына қол және тiлiнiң зиянын тигiзбеген – мұсылман. Мужәһид (Аллаһ Тағала жолында әрекет етушi) – Жаратушы-сының әмiрлерiне бойсұну жолында өз нәпсiсiмен күрескен адам. Муһажир – Аллаһ Тағалаға жақындау ниетiмен қате-күнәларынан бас тартқаны».[1](Сахих)

«Адамдардың малы мен жаны, оның жамандығынан аман болған адам. Мұсылман бауырларына қол және тiлiнiң зиянын тигiзбеген – мұсылман» - атамыз Адам ғ.с. Аллаһ Тағаланың бұйыруымен Қасиеттi Меккеде ең алғашқы ғибадатхананы – Қағбаны тұрғызған болатын. Қағбаның екiншi құрылысы Ибраһим ғ.с. пайғамбардың дәуiрiнде болды. Ол уақытта ғасырлар бойы жалғыз Аллаһ Тағалаға құлшылық орынын атқарған Қағбаның уақыт пен түрлi табиғат құбылыстардың әсерiмен әбден тозығы жеткен болатын. Осы себептi Ибраһим ғ.с. ұлы Исмаилмен ғ.с. бiрге оны қайта көтердi.

Алайда, уақыт өте ақиқат дiндi ұмытқан адамдар Қағбаны пұттарға толтырып, оларға құрбандық шалып табынатын болды.

Пайғамбарымыз Мухаммад (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) 13 жыл бойы Мекке тұрғындарын Исламға шақырды. Алайда, муш-риктердiң (Аллаһ Тағалаға серiк қосушылардың) қарсыласуы Ислам дiнiн қабылдауына кедергi болды.

Мухаммадтың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) пайғамбар-лығының 13-шi жылында мұсылмандарға Аллаһ Тағаладан Мек-кеден Ясрибке (Мадинаға) һижрат еткенге (қоныс аударғанға) бұйрық келдi.

Мадина Мунаууараға қоныс аударғаннан соң пайғамбарымыз Мухаммад (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) өте қауiптенгені – сахабалардың мұсылмандықты қабылдауына сүйенiп бейғамдыққа түсуі. Осы себептен Мухаммад (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) оларға мұсылмандық тек Аллаһ Тағаланың барлығы мен жалғыздығын және Өзiнiң (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) пайғамбарлығының хақтығын мойындаумен шектелмейтiнiн ескер-тiп, кәмiл мұсылмандық Хақ Тағаланың әмiрлерiне бойсұну мен оларды орындаумен болатынын түсiндiрдi. Сонымен қатар, басқаның ақысын жемеген, тiл және қолымен мұсылман бауыр-ларына зиян келтiрмеген кiсi ақиқат мұсылман болатындығына нұсқады.

Кейiн муһажирлерге (Меккеден Мадинаға қоныс аударған-дарға) һижраттың (қоныс аударудың) мәнiсi бар болғаны бiр жерден екiншi жерге көшiп-қонуда емес, олардың Аллаһ Таға-ланың әмiрлерiне итағатта болып, мұсылмандарға лайықсыз iстерден тыйылып, харам амалдарды iстеуден аулақ болуларында деп түсiндiрдi.

Осы екi жағдайға бейiмделген адам Аллаһ Тағала алдындағы парызын және пенделердiң алдындағы қарызын өтеген болады.

Пайғамбарымыз Мухаммад (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) жердiң қай тарапында болмасын мұсылман мұсылманға азын-аулақ болса да зиян тигiзуден сақтандырып, мұсылмандардың мiнез-құлығы игi, әрi мейiрбан болғанға елiктiрдi.

Расында да, Аллаһ Тағалаға құлшылық етiп, айналасын-дағыларға «тiлi және қолынан» зияны тимеген адам кәмiл мұсылман болып есептеледi. Ғұламалардың айтуынша, дiннiң өзi үш нәрседен құралмай ма? Ол: иман, шариғат және ахлақ (көркем мiнез-құлық). Ал, Аллаһ Тағаланың барлығы мен жалғыздығын мойындаған, намаз оқып ораза ұстаған, бiрақ айналасындағыларға қастандық етiп, тiл және қолымен мазаларын қашырған адамды кәмiл мұсылман деп айтуға бола ма? Осы себептен Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) бұл хадисi тiкелей Исламның парыздарын мойындап, оны амалмен растаған мұсылмандарға тиiстi болып жатыр.

Хадистегi «мұсылман» (Аллаһ Тағаланың әмiрiне бойсұ-нушы), «мажәһид» (нәпсiмен күресушi) және «муһажир» (қоныс аударушы) сөздерi ер және әйел мұсылмандарға айтылған. Осы себептен пайғамбарымыз Мухаммадтың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) сөзi барлық мұсылманға тиiстi.

Ислам бiр себептермен арада наразылық не болмаса келiспеушiлiк туған жағдайда бiр адамның өз қарсыласына қастандық iстеп, зиян келтiрмеуiн қатаң түрде талап етедi. Бұл Ислам дiнiнiң көркем ерекшелiктерiнiң бiрi. Ал, Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) хадисiнде бүкiл дене мүше-лерiнiң iшiнен тiл жайында сөз етуiнде үлкен даналық бар. Өйткенi, тiл – адамның басқалар үшiн жақсы немесе жаман сипаттамада болуына негiзгi құрал. Осы себептен дана халқымыз тiл жайында:

Ерсiлi-қарсылы ашылған есiкте,

Ерсiлi-қарсылы сөйлеген есiкте – деп бекер айтпаған.

Адам баласы аузынан бiр дыбыс шығармағанның өзiнде, тек тiлменен көңiлiн бiлдiрте алады. Мысалы, тiлiн шығарып бiреудi мазақ еткен жағдайда. Халқымыз:

Түйiн-түйiн сырыңды,

Түбiнде келiп шын ашар – деп осы жайында айтқан болар.

Пайғамбарымыз Мухаммад (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) өз сөзiнде тiл мен бiрге қолды айтуында да үлкен мән бар. Өйткенi адам баласының тiршiлiк, әрекетiнде қолдың қимылға түспейтiн жағдайы жоқ. Тiптi кей жағдайда жай кетiп бара жатқан адам байқамай қолын бұлғап жанындағы кiсiнi қағып кетсе де. Сондай-ақ, кей уақытта «осыны iстеген сен», «сен оның абыройын төктiң», «сен оның намысына тидiң» деп айтылған уақытта да, тiкелей қол жайында әңгiме болмаса да, бейнелi түрде дәл сол қол жобаланады.

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) хадисте нақты «тiл» және «қол» жайында айтуына келесi себеп: «тiл» мен «қол» бүкiл дене мүшелерiнiң iшiнде өз әрекетiмен айналасына ең көп азап-жәбiр көрсететiн мүше болып табылады. Осыған орай халқымыздың:

Ашуың келсе қолың тарт,

Айтпас жерде тiлiң тарт – деген дана сөзi бар.

Сонымен қатар, тiлдiң әрекетi де, әсерi де қолдың әсер-әре-кетiнен басым болып келедi. Өйткенi, тiлден шыққан сөз өз ықпалына барды да, жоқты да, тiрiнi де, өлiнi де қамтиды. Бұл ай-тылғанға мысалдың қажетi жоқ болар.

Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) «муһа-жир» деп шын көңiлден Аллаһ Тағаланың разылығы үшiн, дiни ұғымға сай һижрат еткендердi (қоныс аударғандарды) айтқан. Ал, дiни ұғымдағы һижрат екi түрлi болады:

1. Жария. Һижраттың бұл түрi денемен, күпiрлiк мекендеген жерден имандылық мекендеген жерге кету, қоныс аударумен болады.

2. Құпия. Һижраттың бұл түрiн рухани десе де болады. ҚұпУа, яғни iшкi, рухани һижрат деп нәпсi және лағынетi шайтанға бағынышты болудан бас тарту, олардың ықпалында болуына апа-рып соғатын нәрселердi iстеуден сақтануды айтады.

Бұл хадисте рухани һижраттың жүзеге асуының нақты жолы белгiленуде. Ол, бiрiншiден: мұсылман өзiнiң Аллаһ Тағалаға және мұсылман бауырына тиiстi мiндетiн атқару. Екiншiден: Мұсылман бауырына зиян тигiзбеу.

Шын жүректен иман келтiрiп, өзiн «Мухаммадтың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) үмметiмiн» деген деген адам айнала-сындағыларға қандай болса да зиян келтiруден сақтанып, жағымсыз iс iстемейдi. Адал кәсiп етiп, Аллаһ Тағала берген несiбесiн тек адалға жұмсайды. Айналасындағыларға көркем сөз айтып, тiл, қол, бүкiл дене мүшелерiн өзi және мұсылмандар үшiн пайдалы болған iске әрекеттендiредi. Осының негiзiнде мұсылман Жаратушысының құрметiне бөленедi. Әрi мүминнiң дәрежесiне иеленiп, муһажирдiң сауабына лайық болары сөзсiз.

«Бiрде Нәбимен (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) бiрге болған уақытымызда ұялу жайында сөз болып, сахабалар р.л.ғ.: «Я, Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм), сыпайылық дiнге жатады ма?»,-деп сұрады. Сонда Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм): «Ол тiптi дiннiң барлығы»,-деп жауап берiп, артынша: «Ақиқатында, сыпайылық дегенiмiз – жамандыққа барудан сақтану. Тыныштық жүректiң емес, тiлдiң жайшылығынан. Саналық — имандылықтан. Осының бәрi Ақыретте сауапты арт-тырып, дүниелiктi азайтады. Өйткенi, Ақыретте сауабты тек дүниелiктiң азайғаны арттыра алады. Расында, сараңдық, ұят-сыздық пен бейпiл ауыздық (көргенсiздiк) екiжүздiлiктен. Мұның бәрi Ақыретте сауапты кемiтiп, дүниелiктi көбейтедi. Өйткенi, Ақыретте сауабты тек дүниелiк азайта алады»,-дедi.» (Хадистi Имам Табарони риуаят еттi)

Инабаттылықтың ең жоғары деңгейi – пенде өзiн Жаратушы-сының алдында тұрғандай сезiнiп, құлшылығын ыждағаттылықпен орындауы.

«Бiрде Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) бiзге: «Аллаһ Тағаладан ұялуларың шын көңiлден болсын»,-дедi. Бiз: «Я, Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм), барлық мақтау Аллаһ Тағалаға тән! Шын мәнiнде бiз (күнә iстеуден) Одан ұяла-мыз»,-деп жауап бердiк.

- Жоқ, сендер ойлағандай емес. Шын мәнiнде Аллаһ Тағаладан ұялған адам санасын жаман ойдан, ал тәнiн харамнан сақтасын (яғни, харам нәрсе жемесiн). Өлiм мен Ақыреттiң қасiретiн еске алсын. Ақыреттi қалаған адам дүниеден (яғни, жаман iстен) бас тартады. Осыны iстеген адам шын көңiлден ұялған болады».(Хадистi Имам Ахмад риуаят еттi)

Бiр сөзiнде Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм): «Иман жетпiстен немесе алпыстан астам тармақтан тұрады. Оның ең жоғарғы деңгейi — Аллаһ Тағаладан басқа тәңiр жоқ деп куәлiк беру. Ең төменгiсi — жолдағы зиянды нәрсенi алып тастау. Ұялу (яғни, сыпайылық) – иман тармағының бiрi»,-деген.(Хадистi Әбу Һурайрадан р.л.ғ. Имам Муслим риуаят еттi)

Мiнез-құлықтың жақсы жағына бейiм болып, iзгiлiкке тырысу имандылықтың көрсеткiшi болып табылады. Сонымен қатар, дiн, шариғат заңдылықтарына негiзделген инабаттылық дiн ұстанбаған адамның түсiнiгiндегi табиғи, яғни дағдылы инабаттылықтан ерекше, әрi басым болып келедi. Өйткенi, тек табиғи инабат-тылыққа сүйенген адамды арсыздыққа барудан басқалардың алдында абыройы төгiлу қауiпi қайтарса, дiни инабаттылыққа сүйенген кiсiнi арсыздықтан үш себеп қайтарады. Оның бiрiншiсi: Хақ Тағалаға деген шын иман. Оның құдiреттiлiгiне сену, әрi Ол барлық нәрсенi Бақылаушы және еспке Алушы екенiн сезiну. Екiншi себеп бiрiншi себептен туындайды. Ол: Аллаһ Тағаланың разылығы үшiн iзгiлiкке тырысып, сол арқылы Жаратушысы және адамдардың алдында абыройлы болуға тырысу. Үшiншi себеп: Ақыретт ұятсыздықтың нәтижесiнде болатын қатты азаптан қорқу. Осы үш себептiң негiзiнде шын көңiлiмен Аллаһ Тағалаға иман келтiрген кiсiнiң, жеке немесе адамдар арасында болсын, арсыздыққа бармауы күмәнсiз.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз