https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Мүмин мен кәпірдің жан тапсыру сәті

12 May 2015 0 comment Оқылды: 2669 рет

Әл-Барра ибн Ъазиб (родиял-лаһу ъанһу) айтады: «Бірде біз Нәбимен (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) бірге бір ансардың[1] жаназасына[2]қатыстық. Бәріміз қабір басына барғаннан кейін мәйіт жерленді. Осыдан соң Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) отырғаннан кейін біз оның айналасына отырдық…

Бір кезде Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) басын көтеріп екі немесе үш қайтара: «Хақ Тағаладан қабір азабынан пана тілеңдер»-деп,[3] кейін былай деді: «Мүмин пенде пәни дүниеден Ақыретке жөнелер сәтте аспаннан ақ жүздерi күндей жарқыраған перiштелер түсiрiледi. Ол періштелерде пейіш киiмi және жәннатың хош иiстi заты болады. Перiштелер мүмин пендеден қарағанда көрінетіндей жерге отырғаннан кейiн өлiм перiштесi келіп, мүминнiң бас жағына отырады да: «Уа Аллаһ Тағаланың ризалығына лайық болған жан! Аллаһ Тағаланың разылығы мен жарылқауына қарай шық»-деп бұйырады. Сол сәтте мүминнiң жаны торсық ауызынан тамшы аққандай жеңiл шығады.[4]Өлiм перiштесi мүминнiң жанын қас қағым сәтке де ұстамай, лезде жәннат кебiнiне орап, хош иiстi затқа салады.Сонда мәйіттен жер жүзіндегі ең хош иiстi мисктiң иiсiндей хош иiс аңкиды. Осыдан соң перiштелер мүминнiң жанын алып жоғарыға көтерiледi. Сонда аспандағы періштелердің жанынан өткенде, олар: «Бұл игі жан кім екен?»-дейді. Мүминнiң жанын жоғарыға көтерiп бара жатқан перiштелер: «Пәленшеұлы пәленше»-деп пенденің дүниедегi ең әдемi есiмдерімен атап таныстырады.[5] Дүние аспанына жеткенге дейін осылай жалғасып, жетінші аспанға дейiн әр аспан перiштелерi мүминнiң жанын келесi аспанға дейiн осылайша шығарып салады. Жетінші аспанға жеткенде Хақ Тағала: «Бұлпендемнiңамал кiтабын ең жоғары дәрежеге ие болатындармен бiрге жазып, жанын жерге қайтарыңдар. Себебi Мен адамдарды топырақтан жаратып, топыраққақайтарамын. Кейін Қияметте оларды жерден қайта тiрiлтiп шығарамын»-деп бұйырады.[6] Мүминнiң рухы денесiне қайтарылған соң екi перiште келiп, оныотырғызады. Кейiн одан: «Раббың кiм?»-деп сұрағанда, мүмин: «Раббым – Аллаһ Тағала!»-деп жауап бередi.

- Дiнiң қандай?

- Дiнiм – Ислам.

- Сендерге жiберiлген адам кiм?

- Ол Аллаһтың Елшiсi.

- Сен неамал iстедiң?

- Мен Аллаһ Тағаланың Кiтабын[7] оқып, оған иман келтiрдiм жәнеондаайтылғанмен амал еттiм.[8]

Сол кезде көктен: «Пендем рас айтты. Оған пейіштен төсек жайып, жәннат киiмiн киiндiрiңдер. Әрі жәннат есiгiн ашыңдар!»-деп жар салынады. Осыдан соң мүминге жәннаттың хош иiсi келiп, қабірі көз жетерлiктей қашыққа кеңейедi. Әрі мүминнiң жанына келбетті, әдемi киінген, бойынан хош иiс аңқыған адам келiп: «Мен сенiқуантатын нәрсемен сүйiншiлеймiн. Бұл саған уәде етiлген күн!»-дейдi. Мүмин: «Жүзiң жақсылықтың нышаны болған сен кiмсiң?»-деп сұрағанда, ол: «Мен сенің iзгi амалыңмын!»-деп жауап бередi.[9]Сол сәтте мүмин: «Уа Раббым! Қиямет күнiн тездете гөр! Қиямет күнiн тездете гөр!»-деп тiлейдi.[10] Кәпір жантәсiлiм болатын сәтте оғанаспаннан кенептен тiгiлген кебiні бар жүзi қара перiштелер түседi. Перiштелер кәпiрден көз салғанда көрiнетіндей жерде отырады. Кейiн жан алушы перiште келiп, кәпiрдiң бас жағына отырады да: «Уа Хақ Тағаланың азабына лайық болған жан! Аллаһ Тағаланың қаһарымен азабына қарай шық»-дейдi. Сол уақытта кәпiрдiң жаны суланған жүнненжан-жағында тiкенектерi бар ширатылған темiр шанышқы жұлып алғандай шығады.[11]Өлiм перiштесi кәпiрдiң жанын қасқағым сәтке де ұстамай, лезде кенептен тiгiлген кебiнге салады. Одан жер бетiндегi ең жағымсыз иiстей иiс шығады. Осыдан кейiн перiштелер онымен жоғарыға көтерiледi. Кәпiрдiң жанын алып жоғарыға көтерiлген перiштелер басқа перiштелердiң жанынан өткенде, олар: «Бұл сұрқия жан кiм?»-деп сұрайды. Сонда кәпiрдiң жанын жоғарыға көтерiп бара жатқан перiштелер: «Пәленшеұлы пәленше»-деп, дүниедегi ең жаман есiмдерімен атап таныстырады.[12]Дүние аспанына жеткенге дейін осылай жалғасады. Кәпірдің жанын жоғары көтеріп бара жатқан періштелер дүние аспанының қақпасы ашылуын өтінгенде, ол ашылмайды».[13] Осы сөзінен соң Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) мына аятты оқыды: «Олар[14] үшін ешқашан аспан есіктері ашылмайды. Әрі түйе ине жасуынан өтпейінше олар жәннатқа кіре алмайды».[15] Кейін сөзін жалғастырып былай деді: «Аллаһ Тағала: «Оның амал кітабын жердің ең төменгі қабатындағы сижжинге[16] жазып қойыңдар!»-деп бұйырғаннан кейін, кәпірдің жаны төмен лақтырылады». Осы сөзден кейін Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм): «Аллаһ Тағалаға серік қосқан адам – аспаннан құлағанда бір жыртқыш құс олжа етіп алып кеткен немесе қатты жел алыс жерлерге ұшырып әкеткен адам тәрізді»-деген аят оқыды.[17] Кейін сөзін жалғастырып былай деді: «Кәпiрдiң жаны денесiне қайтарылған соң, оған екi перiште келедi. Оларотырып: «Раббың кiм?»-деп сұрағанда, кәпiр бар болғаны: «А-аа, а-аа, бiлмеймiн»-дейдi.[18]

- Дiнiң қандай?

- А-аа, а-аа, бiлмеймiн.

- Сендерге жiберiлген адам кiм?

- А-аа, а-аа, бiлмеймiн.

Сол уақытта көктен: «Пендем жалған айтты. Оған оттан төсек жайып, тозаққа қарай есiк ашыңдар!»-деп жар салынады.Кейiн кәпiрге тозақтың қызуы мен ыстық желi келiп, қабір дуалдары бiрi-бiрiне айқасып кiретіндей дәрежеде қысылады.Кәпiрдiң жанына жүзiұсқынсыз, жаман киінген, иiсi жағымсыз адам келiп: «Мен сенi өкiндiретiн нәрсемен сүйiншiлеймiн. Бұл саған уәде етiлген күн»-дейдi. Кәпiр: «Жүзiңде қасiреттiң нышанытаңбаланған сен кiмсiң?»-деп сұрағанда, ол: «Мен сенiң жексұрын қылық-амалдарыңмын»-деп жауап бередi.Сол кезде кәпiр: «Уа Раббым! Қиямет күнiн болдырмашы!»-дейдi».[19]

Хадисті Әл-Барра ибн Ъазибтен (родиял-лаһу ъанһу) Имам Ахмад риуаят етті.[20]



[1] ансар – Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) дәуіріндегі Мадина мұсылмандары. «Ансар» сөзінің өзі «жәрдемші, қол ұшын беруші» деген мағынаны білдіреді. Мадина мұсылмандарының бұлай аталуының мәнісі: Исламның бастапқы дәуірінде мадиналық мұсылмандар Мекке мушриктерінің қысымшылығына ұшыраған мұсылмандарды өздеріне қабылдағаннан кейін мадиналық мұсылмандар «ансар», ал Меккеден Мадинаға һижрат еткен (қоныс аударған) мұсылмандар «муһажир» деп аталып кеткен. Нәбидің (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) нұсқауымен муһажирлер мен ансарлар өзара бауырласқан болатын. Сонда ансарлар бар мал-мүлкі Мекке мушриктерінің қолында қалған муһажирлермен бөліскен болатын. Сонда екі баспанасы бар ансар бірін муһажир бауырына сыйлады. Тіпті бау-бақша, мал бұл мәселеден тыс қалмады. Осыдан соң Исламда «муһажир» және «ансар» ұғымы кеңінен жайылды. Яғни бір мақсатпен өзге елге сапар шеккен мұсылман «муһажир», ал оның қызметінде болған мұсылман «ансар» деп айтылады. Жалпы ансарлардың діндегі орны ерекше. Пайғамбарымыз Мухаммад (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) бұл мәселеге мұсылмандардың назарын ерекше аударып:«Мұнафықтың белгiсi – ансарларды жек көру. Мүминнiң белгiсi – ансарларды жақсы көру»,-деген.(«Сахиху Муслим»)

[2] «жаназа» – араб сөзi. Мағынасы: мәйiт, табыттағы мәйiт. Шарғи мағынасы: мәйiттi шығару, жерлеу. Осы себептен: «Мен жаназаға бара жатырмын», «Жаназаға қатысу керек»,-деген сөз: «Мен мәйiттi шығаруға, жерлеуге бара жатырмын», «Мәйiттi шығаруға, жерлеуге қатысу керек»,-деген ұғымды бiлдiредi. Жаназа намазының үкiмi:парыз кифая, яғни адамдардың бiр бөлiгi орындаумен, мiндеттiлiгi басқалардың мойынынан түсетiн амал. Дүние салған адамның ағайындарына бес нәрсе мiндеттеледi. Ол: мәйiттi шомылдыру, оны кебiндеу, жаназасын оқу, жерлеу және мәйiттiң қарызын өтеу.

[3] Айша анамыз (родиял-лаһу ъанһа) Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) әрбір намаздың соңында қабір азабынан пана тілейтіні жайында айтқан. Сонымен қатар, хадистің бірінде Пайғамбарымыз Мухаммад (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) қабір азабына қатысты бұлай деген: «Сендер мәйіттеріңді көмбей қоятындарыңнан қорықпасам еді, сендерге қабірдің азабын естірту үшін Хақ Тағалаға дұға етер едім. Адам баласы мен жындардан өзге жәндіктің бәрі ондағы азапты естиді».

[4] яғни, ақиқат мүмин қиналмай жан тапсырады.

[5] яғни, дүниеде адамдар оны қалай атаған болса, солай таныстырады. Мысалы: сақи. аманатшыл.

[6] «Таһа» сүресі, 55 аят.

[7] яғни, Құранды.

[8] Хақ Тағала «Аср» сүресінде: «Иман келтіріп, ізгі амал істегендерден өзге адамдар қасіретте»,-деген. Имам Қуртуби Жаратушы Иенің бұл сөзінің ұғымына қатысты: «Бұл сөз: «Иман келтіргеннің өзі де жеткілікті»,-дейтіндерге жауап»,-деген. («Әл-Жәмиъу ли әхкәмил-Құран») Адам шөлдесе, су ішеді. Жаураса, қалың киінеді. Дәл осы тәрізді иманды пенде міндетті түрде игілік істейді. Себебі амал – иманның көрінісі. Жаратушымыз Хақ тағала Құранда: «Иманды пенделерім жаратылғандардың абзалы»,-демеген. Бәлкім:«Әлбетте иман келтірген және игі амал істегендер жаратылған жанды заттардың абзалы»,-деп, («Әнъам» сүресі, 50 аят) игі амал істеуді иманды болудың шартына қосқан.

[9] бұл сөз жоғарыда айтылғанға дәлел.

[10] яғни, пейішке кірмей тұрып осынша нығметке бөленгенін көріп, «ізгі пенделердің көзі көрмеген, құлағы естімеген, тіпті ойына келмеген нәрселерді» аңсай бастайды. Жаратушымыздың Өзі: «Олардың істеген амалдары есесіне сыйлық етіп, олар үшін әзірлеп қойған көңіл қуанышын ешбір жан білмейді»,-демеді ме?! («Сәждә» сүресі, 17 аят).

[11] яғни, кәпір қиналып өледі.

[12] яғни, дүниеде адамдар оны қалай атаған болса, солай таныстырады. Мысалы: жалғаншы, залым.

[13] яғни, кәпірдің жаны дүние аспанынан жоғары көтерілмейді. Бірінші аспан «дүние аспаны» деп аталуының мәнісі: жер бетіндегілерге жақын болуынан. («Сахихүл-Бухари»)

[14]яғни, аяттарды жалғанға шығарып, ондағы талаптардан дандайсумен бет бұрған кәпірлер.

[15] яғни, пейішке ешқашан кіре алмайды. «Ағраф», сүресі, 40 аят.

[16] Кәъб (родиял-лаһу ъанһу) айтады: «Сижжин – шайтандар мен кәпірлердің есімі жазылатын жеті қабат жердің астындағы қара жартас». («Әл-Жәмиъу ли әхкәмил-Құран»)

[17]«Хәжж», сүресі, 31 аят.

[18] себебі, сол сәтте тіл емес, жүрек сөйлейді. Дене мүшелері адамның әдетіне сай әрекет ететіні мәлім. Мысал ретінде спортшыларды айтса болады. Тағы бір мысал осы айтылғанға дөп келетін тәрізді. Ол: ұры адамның қолы жүгіріп тұрады. Тіл адамның ойына сай сөз айтады. Егер ойы игі болса, жақсы сөз, жаман болса, жаман сөз айтады. Жүрек те сол тәрізді. Ал пәни дүние мен нәпсі қалауына толы жүрек қабір сұрағына не деп жауап береді?

[19] яғни, жаһаннамға кірмей тұрып осынша азапқа ұшырағанын көргеннен кейін кәпір тозақтың қаншалықты үрейлі екенін түсінеді.

[20] «Мажмаъуз-Зауаид» және «Муснадүл-Имами Ахмад».

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз