https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Жамағат болып Хақ Тағаланы зікір етудің артықшылығы

12 May 2015 0 comment Оқылды: 1895 рет

لاَ يَقْعُدُ قَوْمٌ يَذْكُرُونَ اللهَ إِلاَّ حَفَّتْهُمُ الْمَلاَئِكَةُ وَغَشِيَتْهُمُ الرَّحْمَةُ وَنَزَلَتْ عَلَيْهِمُ السَّكِينَةُ وَذَكَرَهُمُ اللهُ فِيمَنْ عِنْدَهُ

Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм)айтады: «Бір қауым Аллаһ Тағаланы зікір еткенге отырса, олардың айна-ласына рахмет періштелері жиналады. Әрі оларды Аллаһ Тағаланың рахметі баурап, оларға «сәкина» түседі. Сонымен қатар, Хақ Тағала ол қауымды Өзінің жанындағы періште-лердің алдында есіне алады».[1](Хасан)

Әбу Зар (родиял-лаһу ъанһу) айтады: «Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) маған былай деп өсиет етті: «Хақ Тағаладан қорық! Себебі бұл барлық істің негізі. Құран оқып, Аллаһ Тағаланы зікір ет! Осының себебінен сен аспанда ескерілесің. Әрі ол сенің жер бетіндегі нұрың. Көп сөйлеме және жақсылықтан басқаны айтпа. Бұл сенен шайтанды алыстатып, дін ісінде демеу болады. Көп күлуден сақтан! Себебі одан жүрек өліп, беттеің нұры кетеді. Жиһадқа қатыс! Себебі бұл Менің үмметімнің құдайшыл-дығы. Кедейлерді жақсы көріп, олармен аралас. Ахуалы өзіңнен төмендегілерге қарап, өзіңнен жоғарыларға қарама. Себебі өзіңнен жоғарыларға қараудан Хақ Тағаланың саған берген нығметтеріне қадірсіздік пайда болады. Туыстарың сенімен қатынасын үзген болса да, сен олармен қатынаста болуға тырыс. Қанша ащы болса да, шындықты айтудан тайынба. Аллаһ Тағаламен қатынасыңда біреудің сын таққанынан әсерленбе. Басқалардың кемшілігіне көз салмау үшін, өзіңнің кемшілігіңе қара. Өзіңде бар кемшілікті біреуден байқасаң, оған ашуланба. Ей, Әбу Зар (родиял-лаһу ъанһу)! Сақтықтан асқан даналық жоқ! Әрі тақуалықтан асқан ізгілік және көркем мінезділіктен асқан бекзаттық жоқ».

Имам Науауи (рохматул-лаһи ъаләйһи): «Сәкина» ұғымына тыныштык, рахмет т.с.с. кіреді. Ол періштелермен бірге түсі-ріледі»,-деген.

Әли (родиял-лаһу ъанһу) сәкинаның ұғымына қатысты: «Жүзі адамның жүзіне ұқсаған жел»,-десе, Ғалләма Судди (рохматул-лаһи ғаләйһи): «Ол пайғамбарлардың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) жүрегі жуылатын Жәннаттағы алтыннан жасалған бір кесенің аталуы»,-деген. Ғалымдардың кейбірі сәкинаны: «Аллаһ Тағала рахметінің ерекше бір түрі»,-десе, Имам Тибри (рохматул-лаһи ғаләйһи): «Ол – жүрек тыныштығы»,-деген пікірді ұстанған. Сонымен қатар, ғалымдардың кейбірі сәкинаны «қасиет» деп түсіндірсе, кейбірі «періште» деп айтқан. Имам Хафиздің «Фатхүл-Баридегі» пікірінше жоғарыда айтылғанның барлығы «сәкина» ұғымына кіреді. Имам Науауидің ойынша сәкина – періштемен түсірілетін тыныштық, рахмет т.с.с. жиынтығы.

Имам Тирмизи Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ъанһу) риуаят еткен хадисте Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) айтады: «Аллаһ Тағала Жәннат пен тозақты жаратқаннан кейін Жәбрәилді (ғаләйһис-саләм) Жәннатқа жіберіп: «Жәннатты және оның тұрғындарына не әзірлегенімді көр»,-деп бұйырды. Жәбрәил (ғаләйһис-саләм) Жәннат пен оның тұрғындарына әзірленген нәрселерді көріп қайтқаннан кейін: «Уа, Аллаһ Тағала! Сенің ұлықтығыңмен ант етем! Ол жайында естіген оған кірмей тынбайды»,-деді.[2] Сонда Хақ Тағала әмір еткен еді, Жәннат нәпсіге жағымсыз нәрселермен қоршалды. Осыдан соң Аллаһ Тағала Жәбрәилге (ғаләйһис-саләм): «Қайта барып Жәннаты және оның тұрғындарына әзірлегенімді көр»,-деп бұйырды. Жәбрәил (ғаләйһис-саләм) Жәннат нәпсі[3] қаламайтын нәрселермен[4] қоршалғанын көргеннен кейін, кері қайтып: «Уа, Аллаһ Тағала! Құдіретіңмен ант етем! Мен Жәннатқа ешкім кіре алмай ма деп қорқамын»,-деді.[5] Кейін Аллаһ Тағала: «Енді барып тозақты және тозақыларға не әзірлегенімді көр»,-деп бұйырды. Жәбрәил (ғаләйһис-саләм) ондағы жаза мен азапты көргеннен кейін, қайта келіп: «Ұлықтығыңмен ант етем! Ол жайында естіген оған ешқашан жоламайды»,-деді. Сонда Хақ Тағала әмір еткен еді, тозақ шәһуетпен[6] қоршалды. Осыдан соң Аллаһ Тағала Жәбрәилге (ғаләйһис-саләм): «Қайта барып көр»,-деді. Жәбрәил (ғаләйһис-саләм) тозақты көргеннен кейін: «Уа, Аллаһ Тағала! Құдіретіңмен ант етем! Мен тозақтан ешкім құтыла алмай ма деп қорқамын»,-деді».(«Сунәнут-Тирмизи»)

Осы себептен біреу Аллаһ Тағалаға бойсұнып, күнәдан бас тартса, өзі жасаған ортаға байланысты құрметке ие болады. Хақ Тағала ондай пендесіне разы болады.

Хадистің бірінде жер бетін жеке-жеке болып кезіп жүретін періштелер жайында айтылған. Қайсы жерден зікір болып жат-қанын естісе, олар: «Мұнда келіңдер! Бұл жерде сендер іздеген және қалаған нәрселерің бар»,-деп басқа періштелерді шақырады. Олар зікір болып жатқан жерге көп болып шоғырланғаны соншалық, олардың жоғарыдағылары аспанға дейін жетеді.

Әнас (родиял-лаһу ъанһу) айтады: «Расулуллаһ (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм): «Қайсы бір қауым тек Аллаһ Тағаланың разылығы үшін Оны зікір еткенге жиналса, жар салушы аспаннан: «Орындарыңнан күнәларың кешірілген халде тұрыңдар! Сендердің жаманшылықтарың жақсылықпен ауыстырылды»,-деп жар сала-ды»,-деді».(«Мажмаъуз-Зауаид»)

Абдуллаһ ибн Муғаффәл (родиял-лаһу ъанһу) риуаят еткен хадисте: «Қайсы бір қауым жиналып, отырыстан Аллаһ Тағаланы зікір етпеген халде тұрса, сол отырыстары Қиямет күні олар үшін қасіретке айналады»,-деп айтылған.

Яғни, ондай жиын берекесіз болып, уақыт зая кеткені үшін қатты өкініш болады. Мұнымен шектелмей ондай отырыс біреудің қасірет шегуіне де алып баруы мүмкін.

Күнәлар жақсы амалмен ауыстырылуы мәселесіне келер болсақ, «Фурқан» сүресінің 70-ші аятында мүминдердің кейбір сипаттары баян етілгеннен кейін: «Аллаһ Тағала олардың жамандықтарын жақсылыққа ауыстырады. Хақ Тағала Кешірімді, Рақымды»,-делінген.

Ғалымдар бұл аятқа қатысты түсініктеме беріп айтады:

1. Күнәлар кешіріліп, жақсы амалдар қалады. Бірде-бір күнәнің қалмауы да ауыстырғанға жатады емес пе?!

2. Хақ Тағала пендесіне игі амал етуін нәсіп етеді.

3. Пенденің мінез-құлығы жақсылық істегенге бейім етіледі.

4. Аллаһ Тағала пендеге тәубеге келу мүмкіндігін береді. Нәтижеде істелген күнәлар еске түсіп, ұят пен өкініш пайда болады. Осының себебінен әрбір күнәнің орнына тәубе жазылады. Ал, тәубе құлшылық және ізгі амалға жатады.

5. Жомарт Иеге бір пендесінің бір амалы ұнап, Өзінің шексіз рақымдылығы себебінен оның күнәсіне сай сауап берсе, бұған қатысты кім не деп айта алады?! Хақ Тағала Ие, Патша, Құдіретті. Оның мейірімділігінің шегі жайында не десе болады?! Ол ашқан кешірім есіктерін жапқанға кімнің құдіреті жетеді?! Оның сыйына кім кедергі бола алады?! Аллаһ Тағала не нәрсе берсе де, Өзінің қазынасынан береді! Хақ Тағала жалғыз Өзіне тән құдіретпен Қиямет күні Кешіруші сипатының кереметтерін паш етеді!

Қиямет күні есептің бірнеше түрі болады. Соның бірі: кейбір пенденің сұрағы рахмет пердесімен жабылған күйде өтеді. Пендеге істеген күнәлары тізіліп: «Сен пәленше уақытта мынадай күнә істедің. Пәленше кезде былай еттің»,-делінеді. Сонда ол соның барлығын мойындаудан басқа ләжі болмай, күнәсі көптігінен: «Жеткен жерім осы-ау»,-деп ойлайды. Сонда оған: «Біз сенің күнәларыңды анау дүниеде жасырған едім. Бүгін де оларды жасырып, сені кешіреміз»,-деп айтылады. Осыдан ол және оған ұқсағандар есеп беріп қайтқан уақытта, оларды көргендер: «Қандай ізгі адам. Ол ешбір күнә істемепті»,-дейді.

Сұрақтың келесі түрі: сұраққа жеңіл және ауыр күнәлары бар адамдар тартылып, олардың жеңіл күнәлары сауапқа ауыстырылуы бұйырылады. («Бәһжәтун-Нуфус»)

Осы себептен Хақ Тағаладан үміттенумен қатар, Оның рахметін тілеу, бұл – Оған бойсұнудың талабы.Керісінше өз-өзіне сену, бұл – ақымақтың ісі.



[1] хадисті Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ъанһу) Имам Тирмизи және Имам ИбнМажәһ риуаят етті.

[2] яғни, жаннаттағы рахат пен ләззат жайында естіп, білгеннен кейін, оған барудан кім бас тартсын?

[3] «нәпсі» сөзі көп мағынаны білдіреді. Мәселен: өзі. Алайда бұл жерде пендені жамандық пен немқұрайлыққа жетелейтін сезім әңгімеленуде.

[4] яғни, адам баласының нәпсісіне жағымсыз болған шариғат талаптарымен. («Тухфатүл-Ахуази»)

[5] шариғат талаптары орындалмауы себебінен.

[6] яғни, пендені жамандыққа деген құмарлығы мен әуесқойлығын қандыратын істермен. Мәселен, құмар ойнау, ойнастық жасау, біреудің малын заңсыз жолмен иелену т.с.с.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз