Абдуллаһ ибн Жәғфар[1] (родиял-лаһу ъанһу) айтады:«Расулуллаһ (с.ғ.с.) азапталып жатқан Ясир, Ғаммар және оның анасы Сумаййаның (родиял-лаһу ъанһум) жанынан өтіп бара жатып: «Уа Ясирдің отбасы! Сабыр етіңдер! Сендердің барар жерлерің жәннат»-деді».
Ибн Әл-Кәлбидің риуаятында Ибн Аббас (роди-ял-лаһу ъанһу): «Әбу Жәһл (ләънатул-лаһи ъаләйһи) Сумаййаны (родиял-лаһу ъанһа) екі аяғының ара-сынан найзасын тығып өлтірді. Ясир де (родиял-лаһу ъанһу) азапталып өлтірілді…»-деген.[2]
Имам Ахмадтың риуаятында Мужәһид (родиял-лаһу ъанһу): «Ғаммардың анасы Сумаййа (родиял-лаһу ъанһа) – Исламның бастапқы кезегіндегі ең бірінші шаһид әйел. Әбу Жәһл (ләънатул-лаһи ъаләйһи) екі аяғының арасынан найзасын тығып өлтірген болатын»-деген.[3]