https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

«Фалақ» сүресінің қысқаша түсіндірмесі

11 May 2015 0 comment Оқылды: 3579 рет

«Фалақ» сүресінде Аллаһ Тағала былай дейді:

1 – «Айт: Таңның Раббысынан пана тілеймін»: Таң аттыратын – Аллаһ. Ол былай деген: «Таңды әшкерелеп ашушы» (Ән`ам сүресі, 96-аят), яғни түннің түнегінде, қараңғыны ашып таңды әшкерелеуші. Бұған Аллаһтан өзге кімнің шамасы жетеді?! Ол ғана иелік етіп, басқарады.

Араб тілінде “фаләқа” етістігі бір нәрсені жару, қақ айыру дегенді білдіреді. Бұл аятта Раббымыз дән мен ұрықты жарып, өсімдікті шығарғандай, Оның таң қараңғылығын қақ айыратындығы арнайы айтылуда.

2 – «Оның жаратқандарының жамандығынан»: бұл бүкіл жаратылыстардың жамандығын қамтып алады. Адам барлық мақлұқтардың жамандығынан Аллаһқа сиынады.

Одан кейін Аллаһ жаратқандарының ішінен кейбірінің зиянын айрықша атады.
3 – «Қараңғылығы басқан кезде, түннің жамандығынан»: өйткені, ол уақытта жабайы хайуандар мен жан-жануарлар шығады. Адамдарды ұйқы баурап, ал жер бетінде жын-шайтандар мен зиянды мақлұқтар жүретін қараңғы түннін жамандық-зияндарынан сақтап, қорға деп.

4 – «Түйіндерге үрлейтін әйелдердің жамандығынан»: адамдарға дем салып, адамдарды дуалайтын бақсы-балгер, дуакеш, т.б. сиқыршылардың зиян-кесірлерінен сақта деп.

5 – «Күншілдің күндеген кезіндегі жамандығынан»: өзге адамның қандай да бір игілігінен айырылып қалуын қалап, әрі сол үшін барынша әрекет етуші күншіл-қызғаншақтардың кесірінен. Сондықтан, Аллаһ Тағала осындай жаман адамдардың бұзық пиғылдары мен айлакерліктерін бұзып, жоққа шығару үшін Раббымыздың қамқорлығына жүгініп, жәрдем тілеуіміз қажет. Күншілдердің қатарына көзі тигіш адамдар да жатады. Өйткені, көзтигіштік іші тар, пейілі бұзық адамдарда болады.
Бұл сүре мұсылмандарды жалпы жамандықтан және оның жекеленген түрінен сақтанып, құтылу үшін тек Аллаһтан қорғаныш тілеп, пана іздеуге үйретеді. Сонымен бірге, бұл сүре сиқырдың – ақиқат, бар екендігін, әрі одан сақтану қажеттігін, сол үшін сиқырдың қай түрінен болса да, әрі оны істеушілерден де Аллаһ Тағалаға сиынып, Одан пана іздеп, Оған ғана сиыну керектігіне дәлел болады.

Осы аяттар исти`азәның құлшылық екеніне дәлел болып табылады. Оның Аллаһтан өзге ешкімге арнауға болмайды. Жаратылыстан пана іздеме! Ал кім жаратылысқа сиынса, Аллаһқа серік қосқан болып есептеледі. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Ибн `Аббасқа: «Көмек сұрайтын болсаң, оны Аллаһтан сұра!» – деп бұйырды (Тирмизи, 2516-ші.).

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз