https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JUser: :_load: Не удалось загрузить пользователя с ID: 285

Дін мен дәстүр егіз ұғым.

11 May 2015 0 comment Оқылды: 4235 рет

Дін – діңгегіміз болса,  дәстүр оны толықтырып, көркейтіп тұрған әдет – ғұрыптарымыздың рухани бөлінбес бір бөлшегі болып есептелінеді. Ата – бабамыздан келе жатқан асыл дініміз қазақ халқына жат емес.

Ең алдымен ислам – ең әділетті дін екенін айтуымыз керек.  Әділет сөзі – ақиқатты жақтау, теңдікті ұстау, әр нәрсені өз орнына қою, түзету, дұрыстау деген мағыналарға келеді. Осы қағидалардың қоғамда берік тәртіп орнатуымызға ықпалы зор. Күштінің әлсізге әлімжеттігін тияды. Ал, әділдік – Жаратушы иеміздің көркем есімдерінің бірі. Алла әділ құлдарын жақсы көреді, тіпті сүйікті қызы Фатиманың да ұрлық жасаған қолын кесер едім деген хадистері де бізге жеткен. Асыл тәжді пайғамбарымыз: «Мен осыған дейін кімді жазықсыз дүрелеген болсам, міне арқам. келіп өшін алсын, дүниесін тартып алсам, міне дүнием келіп ақысын алсын. Кек алады деп менен қорықпасын. Өйткені кекшілдік қанымда жоқ. Маған ең ұнамды адам – менде кеткен ақысы болса, келіп алған адам, немесе оны кешірген жан» — деген екен. Бұл келтірілген мысалдар пайғамбарымыздың сондай әділ де, көркем мінезді болғанын көрсетсе керек.

         Ислам діні ұлтына, нәсіліне, түр – түсіне, әдет – ғұрпы мен дәстүрлеріне – этникалық құрамына қарай бөлуге шек қоймаған. Алланың елшісі (с.ғ.с.): «Ұлтшылдыққа, рушылдыққа шақырған адам бізден емес» — деген хадисі бұған дәлел. Жат ел болса да, олардың жақсы қасиеттерін бойға сіңіруге болар, ал олардың өздеріне тән дәстүрлерін келсін – кемесін қабылдай беруге болмас. Алланың кітабы «Құран» адамзаттың өркениетін байыта отырып, әрбір ұлттың өз болмысын сақтағанын қалайды. Дінімізбен бірге  миллиондаған жылдардан бері ата – бабамыздың озық ұлттық дәстүрлерін кейінгі жас  ұрпаққа жеткізу – баршамыздың міндетіміз. Ислам – діні сырапшылдыққа жол бермеген. Халқымыздың бұрыннан қалыптасып келе жатқан әдет – ғұрыптары да  дініміздің қағидаларына сай келеді. Жыл басымыз Наурызды тойлау, ораза, құрбан айттарын мерекелеу, қалың беру, үкі тағу, құда – жегжат болу, балаға ат қою, қыз ұзату, ұлды сүндеттеу, бесікке салу,  жар таңдау, жар – жар, аужар айту, той жасау, өлген адамға ас беру, қонақ күту т.б. толып жатқан жақсы әдет – ғұрыптарымыз жетерлік. Ендеше басқалардың жат әдет – ғұрпын неге таңсық көреміз.

         Мысалы: мың – мыңдаған көк шыршаларымызды бір күндік ойын – сауықтың құрбаны қылып елка  жасау қандай өкінішті! Немесе Валентин күнін атап өту т.б. толып жатқан өмірге кереғар зиянынан басқа пайдасы жоқ мейрамдар біздің қазақ үшін неге керек? Шариғат жолымен емес, жаман ырымдарға бой ұру, харамға  ауыз салу, жат пиғылдағы дін жолына түсіп, адасқан қандастарымыз, мүлдде дінімен танымы жат елдердің әдет – ғұырптарын талғамсыз қабылдай беру – ұлттық болмысымызға үлкен зардабын тигізетінін жақсы білуміз керек. Сондай-ақ, бақсы-балгерге, ғайыптты болжаушыларға сену – Ислам дініне күпірлік келтіргенін көрсетеді.  «Жаманнан жирен – жақсыдан үйрен» деп халқымыз бекер айтпаған. Бойымызға сіңіп қалған тағы бір жаман әдет өтірік пен ғайбат айту, аманатқа қиянат жасау, жетімнің, жесірдің ақысын жеу, пара беріп, пара алу әдеттерімізді қоймасақ екі дүниеде де жақсы болмаймыз-ау. Жемқорлық – жегі құрт. Бұл дегенің иманнан алыстаған адамның қылығы.

         Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербетеді деген қыз – келіншектеріміздің де жағдайы мәз емес. Батырды да, бағланды да дүниеге әкелетін сол болашақ аналарымыздың ашық-шашық жүретіні кімді де болса ойландырмай қоймайды. Одан қалса ер адамның кимін киіп, еліргендерін қайтерсің? Жел көтермеген етегін, шаң тимеген тәнін кез келген жерде, кез келген бей уақытта ашып тастап, шайтан араластырып, сөйтіп некесіз біткен баладан қайбір жетіскен ұрпақ дүниеге келеді. Бұндай ұрпақтың көбі ақыл – есі кеміс, зағип немесе залым болып жататынын күнделікті өмірден көріп жүрміз.

Қазақты исламға сенген ұлттық рух қана құтқара алады. Ал, ұлттық рух пен ұлттық болмыс дегеніміз не? Ол ана сүтімен кірген ана тіліміз, асыл дініміз, тарихымыз, ғасырлардан бері жасап келе жатқан әдет — ғұрпымыз. Қазақ қанша қиыншылық көрсе де тіл мен дінін жоғатпаған халық. Олай болса, Елбасымыз соңғы Жолдауында діни салаға айырықша тоқталып, «ХХ  ғасырдағы Қазақстандағы дін  тақырыбын көтергені өте көрегендік іс екенін көзі қарақты , саннасы сергек әрбір Қазақстандық білуі тиіс деп білемін.

ӘЗ ПАЙҒАМБАР  — АСЫЛ  ЖАН.

Мұхаммед еді асыл жан,

Хадисін жаттап жасымнан.

Алланы алғаш мойындап,

Уағызын жаттап бас ұрғам.

Әз Пайғамбар    дана адам,

Еш өшпейтұғын санадан.

Мінезі көркем – көркіміз,

Ерекше туған Анадан.

Алла нұры шашылған,

Алдынан Қағба ашылған.

Сауыр үңгірі киелі,

Пайғамбарды жасырған.

Дінін бұзған кәуірдің,

Күрескері дәуірдің.

Мұсылманның панасы,

Елшісі еді Тәңірдің.

Имансыздар қуыпты,

Бетін қанмен жуыпты.

Адамзаттың бағына,

Әз Пайғамбар туыпты.

Сонау өткен ғасырдан,

Ізгілігін асырған.

Иманына ұйытты,

Дінсіздерді басынған.

Тағдыр талай сынаған,

Сабырын сақтап шыдаған.

Хақ жолына түсірді,

Мұсылманды жылаған.

Опа бермес бұл жалған,

Рахметінен құр қалған.

Ислам діні -  ізгі арман,

Мұхаммедпен нұрланған.

Керімбеков Сүлеймен Нұрқасымұлы

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз